Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бейнеконференция арқылы қабылдады


16 января 2015, 09:54 | 1 559 просмотров



АСТАНА. «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Салидат Қайырбекова азаматтарды қабылдады, деп хабарланған партияның ресми сайтында. Қабылдау барысында бірінші вице-министрге тұрғылықты жері бойынша емханаға есепке тұру мәселесі бойынша Астана қаласының тұрғыны Сәуле Құлыбаева өтінішпен келді.

«Көшуімізге байланысты біздің отбасымызды тұратын жерімізден қашықта орналасқан №7 қалалық емханаға тіркеді. Үш баланың анасы маған №10 емханаға бару ыңғайлырақ», - деді ол. Вице-министр бұл кез-келген әлеуетті емделушінің дербес құқы екенін атап өтті.

«Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға көңіліңіз толмаса, бас дәрігермен келісімге қол қою арқылы өз отбасыңызды қалаған емханаңызға есепке тұрғыза аласыз. Бірақ ол жағдайда дәрігердің үйде қарау мүмкіндігі қарастырылмайды, алайда сіз таңдаған мекемеңізге барып, дәрігерлердің кеңесін ала аласыз», - деп атап өтті Салидат Қайырбекова.

Сонымен қатар бейнеконференция арқылы өткен қабылдауда Салидат Қайырбековаға өңірлердің тұрғындары да өтініштерін айтты.

Атап айтсақ, Қарағанды қаласындағы облыстық ауруханының гематология бөлімі емдеушілерінің атынан сөйлеген Айсұлу Мендешова медициналық қызмет сапасын жақсартуды және бөлімдердегі ауруханалық керуеттерді қысқартпауды өтінді. Осыған орай Салидат Қайырбекова бұл мәселені шешу үшін Қарағанды қаласындағы облыстық аурухананың жетекшісі Марат Әбеуовпен хабарласты.

Сондай-ақ онлайын-режимінде Салидат Қайырбековаға Ақтөбе облысынан Дәулет Есенгелдин хабарласып, туғанынан мүгедек болып табылатын 2 жасар қызына шұғыл диагонстика жасауға ықпал етуге көмек көрсетуін сұрады.

«Қызым орташа ауырлық дәрежесіндегі Веста синдромымен сырқаттанады. 2013 жылдың сәуірінен бері тексерілу үшін қалалық сауықтыру орталығында кезекте тұрмыз. Кезегіміз баяу жылжығандықтан, емді бастай алмай отырмыз», - деп мұңын шақты қыздың әкесі.

Осыған орай Салидат Қайырбекова өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің жетекшісімен хабарласып, баланың медициналық орталықта тексерілуі үдерісін жеделдетуді және қыздың денсаулығын үздіксіз бақылауға алуға ықпал етулерін сұрады.

Автор:
ҚазАқпарат