Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тегін «ыстық желі» телефондары қызмет көрсетеді


26 декабря 2014, 17:29 | 1 154 просмотра



«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылдан бері үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастырып келеді.

Әлеуметтік жобаларды іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар атқаратын іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алуда тұрғындардың хабардарлығын арттыру сияқты т.б. маңызды бағыттарда ақпараттық-білім беруге бағытталуда.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылы да жалғастырды.

Осындай әлеуметтік жобалардың бірін «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі іске асыруда. 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тұтынушылардың ұлттық лигасы «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің беделін арттыруды насихаттау бойынша ақпараттық саясат» әлеуметтік жобасына кірісті. Жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қаржыландырады.

Аталған жоба пациенттердің құқықтары туралы қазақстандықтарды ақпараттандыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін, медициналық қызметкерлердің беделін қолдауға бағытталған. Жоба бойынша дау-дамайды шешудің баламалы әдісі ретінде медиацияны дамыту, соның көмегімен емдеу мекемесі мен пациенттер арасында кері байланыс орнату көзделеді.

Айта кету керек, Тұтынушылардың ұлттық лигасы осы жоба аясында медиация бойынша тренингтер өткізіп, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларында 255 денсаулық сақтау қызметкері оқытылды.

Баспасөз мәслихатына дейін өткізілген дөңгелек үстел мәжілісі барысында тұрғындарды ақпараттық қолдау, денсаулық сақтау саласын түсіндіру бойынша 2518 (Beeline) және 2040 (Activ/Kcell) абоненттері үшін тегін заңгерлік кеңестер беру, пациенттердің арыз-шағымдарын сараптау нәтижелері, әлеуметтік сауалнама нәтижелері, 2015 жылға жоспарлар және үрдістер жөнінде талқыланды.

Автор:
ҚР ДС ӘД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ