Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ынтымақтастық жөнінде Ережеге қол қойылды


26 декабря 2014, 11:20 | 1 415 просмотров



Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диагностикалық орталығын, медициналық-биологиялық кластерді ашу шарасы аясында Мемлекет Басшысының қатысуымен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Жұмыс тобының қызметі туралы Ережеге қол қойылды. Сондай-ақ, 2015-2017 жылдарға арналған Ынтымақтастық жөніндегі жоспар бекітілді.

Жұмыс тобының негізгі міндеттері:

денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында тараптар арасында қол қойылған халықаралық келісімдер бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімдерді іске асыру; басым бағыттарда ынтымақтастықты тереңдету; сарапшылармен, мамандармен және кадрлармен алмасу; мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму органдары, ұйымдары мен компанияларының тікелей байланыстарын тереңдетуге жәрдемдесу; дәрілік заттардың айналысы саласындағы өзара пайдалы әріптестікті тереңдетуге бағытталған іс-шараларды өткізу; бағдарламалармен, тәжірибемен және ақпаратпен алмасу; Қазақстан мен Корея өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы жағдай, өткізіліп жатқан реформалар, әлемдегі жай-күй мен үрдістер және т.б. туралы ақпаратпен алмасу.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен Корея Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеті жоспарында терең ынтымақтастықтың мына салалары қарастырылған: медицина, медициналық білім және ғылым, фармация, жаңа технологиялар және әлеуметтік даму. Бұл қазақстандық пациенттердің корей клиникаларында емделуі, Қазақстанның медициналық ұйымдарының базасында өзекті бағыттар бойынша шеберлік-кластар өткізуі, ҚР медициналық кадрларының Кореяда дайындықтан өтуі, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету және т.б. салаларда тәжірибемен алмасуы.

Жоспарланған іс-шаралар Жұмыс тобы тараптарының отырыстарда қабылдаған барлық шешімдерімен ұсыныстарын ары қарай орындауға қол жеткізеді.

Автор:
ҚР ДС ӘД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ