Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Пилоттық жоба негізіне сүйене отырып өткізілді


26 декабря 2014, 17:19 | 1 091 просмотр



Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді жетілдіру мақсатында біліктілік санатына үміткер клиникалық мамандықтары бар дәрігерлер үшін олардың білімі мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесін енгізу арқылы ауқымды жұмыстар жүргізді.Біліктілік емтихандары шеңберінде енгізілген білімі мен практика дағдыларын бағалау рәсімі (бұдан әрі-бағалау) 2013 жылғы Астана мен Алматы қалаларында қолданылған пилоттық жоба негізіне сүйене отырып өткізілді.Бұл жаңашылдық біліктілік санатын алуға үміткер мамандар ғана қатысты. Жоғары,бірінші және екінші біліктілік санаттарына үміткерлер практикалық дағдылары мен білімдерін бағалау барысында жіп коронарлық синдромы кезіндегі, анафилактикалық шок кезде жедел жәрдем көрсету, кенеттен жүрек тоқтаған кезде, тыныс алу жолдарының асфиксиясы кезінде жедел көмек көрсету және емдеуге жатқызуға дейінгі хирургиялық көмек көрсету кезінде дағдылар меңгеруін көрсетті.

Дәрігерлердің білімдері мен практикалық дағдыларын бағалаудың арнайы оқытылған тәуелсіз аккредиттелген медициналық сарапшылардан, ғылыми дәрежесі мен жоғары санаты бар дәрігерлерден тұратын емтихан қабылдаушылар жүргізді.Бағалау симуляциялық жабдықтарды қолдана отырып және науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған «стандартталған пациенттердің» қатысуымен өткізілді, симуляциялық орта күнделікті болатын медициналық жағдайларға барынша жақындастырылды.

Біліктілік санатын беру емтихандарын өткізу ерікті түрде болғанына қарамастан, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасы бойынша бағалау кезеңінен 3400 дәрігер өтті, оның ішінде үміткерлердің 77 пайызы (2600 дәрігер) емтиханды жақсы қортындымен аяқтады. Бұл Бағалау үрдісі алғаш рет қолданылып отырғандықтан, жақсы көрсеткіш болып саналады.

Аттестаттау комиссия мүшелері мен емтихан тапсырған дәрігерлер Бағалауды енгізуге оң пікірлерін білдіріп отыр, себебі денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін анықтауда формальды көзқарастың жойылуына, объективті түрде бағалауға мүмкіндік пайда болғанын, сонымен қатар халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының жағарылауына зор ықпалын тигізетінін атап көрсетті.

Министрліктің бұйрығымен облыстық денсаулық сақтау басқармаларында 16 өңірде өңірлік симуляциялық орталықтардың ашылуы жалғасуда. Республикалық бюджет есебінен аталған орталықтар заманауы симуляциялық жабдықтармен жарақтандырылған.

2015 жылдан бастап өңірлік симуляциялық орталықтар базасында әртүрлі бейіндегі және деңгейдегі медициналық мамандықтар бойынша біліктілік емтихандарын өткізу жоспарланып отыр.

Осылайша, сертификаттаудың осы үлгісі маманның теориялық білімін бағалаумен қатар, түрлі кезең күттірмейтін шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсете білу дағдыларын бағалауға, командада жедел шешімдер қабылдау,коммуникативтік жұмыс дағдысын анықтауға мүмкіндік береді, бағалау мамандардың деңгейін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар,медициналық көмектің сапасын жақсартуға және дипломға дейінгі,дипломнан кейінгі білімнің оқыту бағдарламаларының осал тұстарын анықтауға, үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіне баса назар аударуға оң әсерін тигізеді.

Автор:
ҚР ДС ӘД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ