Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұнды қажетті дәрумендермен байыту керек


12 декабря 2014, 11:14 | 1 491 просмотр



Мәжілістің жалпы отырысында депутат Құралай ҚАРАКЕН халық денсаулығына қатысты мәселе көтеріп, премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына хат жолдады.

Сондай-ақ бұл хатқа Мәжіліс депу¬таттары Гүлнәр Ықсанова, Майра Айсина, Ирина Аронова, Гүлмира Исимбаева, Айгүл Нұркина, На¬дежда Петухова, Гүлнәр Сейіт-мағанбетовалар қол қойған.

«Профилактикалық медицина ака¬демиясының» ғалымдары бәрімізді де алаңдатарлық болжам жасап отыр. Олар болашақта адам өлімі санының көбеюі тағамдардың сапасыздығынан бола¬ты¬нын айтуда. Осындай дабыл қаққан ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолы ұнды фортификациялау, яғни ұнды дәрумендермен, минераль¬дармен байыту екенін мәлімдеп отыр. Өйткені ұнды қажетті дәрумендермен байыту тәсілі әлемнің көптеген елдерінде жаппай қолданылады. Біздің елімізде осы мәселені шешу үшін заңнамалық тұрғыда негіз қаланды. Атап айтқанда, жоғары және бірінші сортты бидай ұндарын байыту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Ко-дексте және «Тамақ өнімдерінің қауіп¬сіздігі туралы» Заңда арнайы жазылған нормалар бар,- дейді халық қалау¬лылары.

Мысалы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 160-бабында ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортифи¬кациялау)қажеттігі жазылған. Осы баптың үшінші тармағында «Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар дә-румендермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (форти¬фи¬ка¬циялануға) жатады» деп атап өтілген.

Үкіметтің 2005 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортифи¬ка¬ция¬лау (байыту) туралы» №708 қаулы¬сы¬на сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарына де¬йін Қазақстанда барлық ұн шығаратын кә¬сіпорындар ұнды құнарландыруды ке¬зең-кезеңмен енгізуді аяқтауы керек еді.

2004 жылы Азиялық Даму Банкі еліміздің ұн шығаратын 16 кәсіпорнына мөлшерлеуіштерді орнату және вита¬минді-минералды кешендерді сатып алуды қоса алғанда,технологиялық фортификациялауды енгізу үшін 1,2 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Осы жұмыстың нәтижесін байқау мақ¬сатында Қызылорда облысында зерттеу¬лер жүргізілді. Сол зерттеулер ол өңір тұрғындары арасында қан аздық ауруы¬ның таралуы 30 пайызға төмендегенін көрсетті.

Алайда, бүгінгі таңда ұн шығаратын кәсіпорындардың бәрі бірдей ұнды витаминді-минералды қоспалармен байыту жөніндегі заңнаманың норма¬ларын сақтамай отыр. Яғни сауда жүйе¬сіне шығарылып отырған жоғары және бірінші сортты ұнның тек 20 пайызы ғана құнарландырылған.

– Осы орайда, витаминдер мен минералдар жетіспеушілігінен туын¬дайтын аурулардың алдын алудың арзан әрі тиімді жолы болып табылатын ұнды құнарландыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормасы неліктен орындалмай отыр? Осы мәселені шешу үшін Үкімет қандай шара қолдану қажет деп есептейді?» - дейді депутат.

Автор:
Еркін ҚАЛДАН