Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Салидат Қайырбекова азаматтарды қабылдады


28 ноября 2014, 09:42 | 1 594 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларына қатысты мәселелерін жеткізді.

Денсаулық сақтау жүйесіне қатысты проблемалық мәселелер сол жерде шешімін тапты. С.З.Қайырбекова сондай-ақ, қабылдауда болған азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Қосымша тексеріп, зерттеуді қажет ететін сұрақтар бақылауға алынды.

Жалпы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрінің қабылдауында 17 азамат және қоғамдық бірлестік өкілдері болды. Сондай-ақ, селектор арқылы Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Автор:
ҚР ДС ӘД баспасөз қызметі