Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жүректен жүрекке.


21 ноября 2014, 13:36 | 3 686 просмотров



Әлеуметтік сала. Иә, бүгінгі таңда бұл саланың халыққа берері мол, тигізер пайдасы аса ауқымды деп айта аламыз. Адамзаттың бұл саланың көмегіне жүгінбейтіні кемде-кем. Еліміздегі атқарылып жатқан көптеген шаралардың ішінен ойып орын алатын әлеуметтік сала -- Үшқоңыр ауылындағы көпсалалы ауруханада да өз жұмысын ойдағыдай атқаруда. Аурухана ішінен жабдықталған 1 кабинет арнайы әлеуметтік көмек көрсету және психолог маманы үшін берілген болатын бұдан 3 жыл бұрын.

Иә, 3 жылдан бері қаншама істер атқарылды десеңізші! Жақында ауруханадағы әлеуметтік сала қызметкері Бақыт Парамұрзықызы Жаппарова мен психолог Рая Азанбекқызы Шәлдибекова бірігіп «Жүректен жүрекке» деп аталатын семинар-тренинг өткізді. Аты айтып тұрғандай-ақ адамдарға көмек қолын созуға қашанда даяр тұратын ақ халатты абзал жандар ұйымдастырған бұл шара шынымен де жүректен шығып, жүрекке жетердей, жан тебірентерліктей болып өтті. Бұл семинар-тренингтің басты мақсаты—науқас жандар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары, мүгедектердің—дәрігер мамандардың өз ой-пікірлерін ортаға ашық салып айтуларына мүмкіндік туғызылғандығы.Екі тарап үшін де бұл шараның берер пайдасы мол болды. Семинар барысында алдымен 1 жылда жасалған жұмыс ауқымы тыңдалды. Мәселен, 91 отбасына көмек берілді, олар «Бота» қоғамдық қорына тікеліп, ақшалай жәрдемақы алып отырды. Қан құрамында гемоглабині төмен жүкті әйелдер көмек алды. Балабашаға орналаса алмаған 4-6 жасар бүлдіршіндерге арнайы мектептерде дайындық топтары құрылып, оларға сабақ өткізілді. 15 мүгедек балаларға ақшалай көмек берілді, 9 студент балаға стипендия төленіп тұрды. Бұл істі «Бота» қоры өз мойнына алған болатын. 2 топтағы мүгедек бір баланың грантқа оқуға түсуіне көме жасалынды. 2қыз бала колледжде грантта оқып жатыр. 1 балаға томографияға түсуіне мешіттен көмек берілді. 4 жетім балаға киім-кеше әперілді. Мұндай істердің, атқарылған жұмыстардың халық үшін маңызы өте зор екендігі даусыз.

Аурухананың бас дәрігері Жамал Сатымбайқызы Құтпанова, поликлиника меңгерушісі Бауыржан Кірқабақұлы Сауранбаев аталмыш шараның маңызына тоқтала келе, келешекте мұндай ауқымды жұмыстардың аясының кеңейе түсетіндігін атап өтті, сондай-ақ аурухана басшылары басты мәселенің бірі – науқас жандар мен көмекке зәру жандардың дәрігерлермен өзара ортақ тіл табысып, түсінісушілігіне баса назар аударды себебі, бұл ауруханада білікті мамандар мен адам жанының арашашысы -- дәрігерлер аталмыш топтың жан дүниесіне, жағдайына аса мән береді, олардың көмекке аса зәру топтарын қамқорлыққа ала білген. Осы семинар-тренингті жүргізіп отырған Рая Азанбекқызы болса, психолог-маман, бұл тұрғыда аса маңызды шаралар атқарып көмекке дер кезінде келе алатындығын көрсетті. Психолог—бүгінгі таңдағы ең қажет мамандықтардың бірінен саналады. Сондықтан ,Рая Азанбекқызының көмегіне жүгінетін адамдар біршама.

Иә, есеп берілді, алдағы атқарар істердің барысы талқыланды. Сонымен қатар, науқас жандардың, көмекке зәру жандардың проблемалары, ой-түйткілдері, алып қосар пікірлері де назардан тыс қалған жоқ. Берілген көмекке риза болып, көздеріне жас алғандар мен сырқаты меңдеген науқастардың алғыс сезімдері жүректерді тебірентпей қоймады. Осы шараға қатыса отырып түйгеніміз—бауырмалдылық, мейірімділік, қайырымдылық,ізгі ниет, жан дүниесі басқаның мұқтажын өтесем деп тұратын абзал,парасатты жандар Үшқоңыр ауруханасының дәрігерлері екеніне көзіміз жетті. «Жаныңда жүр жақсы адам», «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Көпсалалы ауруханамыз көрікті де жылы, ал ондағы дәрігерлер қауымын өз ісінің шеберлері, нағыз мамандар деп айтуға болады.

Автор:
Раушан Ошақбаева. Үшқоңыр ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы.