Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өзгерістер орынды, Жетістіктер жеткілікті ме?


24 октября 2014, 11:34 | 2 189 просмотров



Қай мемлекет болмасын бірінші кезекте денсаулық сақтау саласысына ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау саласын дамыту, жетілдіру үшін түрлі реформалар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар қабылданады. Біздің еліміз үшін бұндай бағдарлама- 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан». Аталған бағдарламаның біту мерзімі де таяп қалды. Осы бағытта денсаулық сақтау саласында қандай жұмыстар атқарылып, қандай өзгерістер орын алғаны турасында саралап көрейік. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына деген қоғам пікірі қандай?

«Саламатты Қазақстан» қалай басталды?

2010 жылғы 29 қарашада Мемлекет бас¬шы¬сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Рес-публикасының денсау¬лық сақтау са¬ласын дамытудың 2011-2015 жы묬дарға арналған «Саламатты Қа¬зақстан» мемлекеттік бағдар¬ла¬ма¬сы туралы» Жар¬лыққа қол қойды. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Бағдарламаның өзекті міндеттері ішіне:Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту. 2015 жылға дейін денсаулық сақ¬¬тау сала¬сында негізгі басым¬дық медицинаның про¬филак¬тика¬лық және әлеуметтік бағдарды кү¬шейту болды. Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғын¬да¬ры үшін қолжетімділігін қам¬та¬ма¬сыз ету үшін мемлекет көлік меди¬ци¬на¬сын, оның ішінде санитария¬лық авиацияны дамытуды қол¬дады. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ден¬саулық сақтау мәселе¬лерінде бүкіл қоғам¬ның келісімге қол жеткізу жолымен қазақ¬стан¬дықтардың денсаулығын нығайту¬ға және халықтың өмір сүру ұз¬ақтығын арттыра оты¬рып, жал¬пы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ау¬руларды төмендете отырып, ден¬сау¬лық сақтау сала¬сы¬ның бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптасты¬руға ықпал етеді деп күтіледі.

Жеткен жетістіктер...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректеріне сүйенсек, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына негізделе отырып профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер, негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту шараларын күшейту арқасында елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарған. Бала туу көрсеткіштерінің артуы және өлім-жітімнің тұрақтануы нәтижесінде Қазақстанда халықтың табиғи өсімі 4,6% ұлғайды. Бір жыл ішінде болжалды өмір сүру ұзақтығы 0,69 жасқа артты. 2012 жылы бұл көрсеткіш 69,61 жасты құраса, 2013 жылдың қорытындысында 70,3 жасқа жетті. Осы мерзім ішінде ана өлімі 6,7%, нәрестелер өлім-жітімі 17%, туберкулезден болатын өлім-жітім - 24%, қайғылы жағдайлар, улану мен жарақаттанушылықтан болатын өлім-жітім 6,9% төмендеді. Сондай-ақ Жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру өзекті болып отыр. 2013 жылы пилоттық режимде Павлодар облысында және Алматы қаласында жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа қағидалары пысықталды. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің келу уақыты 30 минуттан 9-11 минутқа дейін қысқартылды. Жоба нәтижелері бойынша Жедел медициналық жәрдем көрсету стандарттары бекітілді. Қызметті жүйелі жаңарту шеңберінде 2013 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 258 жедел жәрдем көлігі сатып алынған. Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда 2013 жылы скринингтік тексерулер кезең-кезеңмен жүргізілді: асқазан мен өңеш обырын анықтауға 150 мыңдай адам тексеріліп, қуық безі обырына скринингпен 77 мыңнан аса ер адам қамтылды, тік ішек обырына 900 мыңға жуық адам тексерілген.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) жағдайында соңғы 4 жылда стационарлық көмекті қаржыландыру көлемі 2 еседен астам артты. Ауылдық денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, ақы төлеу жүйесі прогрессивтік қаржыландыру әдісіне көшірілді. Бұл медицина қызметкерлерін халық денсаулығына қатысты жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандырады.

Отандық денсаулық сақтау жүйесі 2011-2013 жылдар аралығында бүйректі алмастырып салудан жүрек алмастыруға қол жеткізді. 2014 жылы донорлық ағзаларды кешенді түрде алмастыру технологиясын меңгеру жоспарланған еді. Бұған дейін емдеуге шетелдерге жіберіліп келген ауру түрлері бойынша науқастарға ем көрсететін отандық орталықтарға ақы төлеудің жаңа қағидасы енгізілді. Енді ол халықаралық тарифтер бойынша есептеледі. Нәтижесінде бүйрек, бауыр және басқа да ағзаларын алмастырып салуға жылдар бойы кезекте тұрғандар саны азайып, отандық клиникалар ол озық технологияларды белсенді түрде игере бастады. Тек өткен жылдың өзінде ағзаларды транспланттаудың 177 операциясы жасалды. Осыдан 5 жыл бұрын мұндай оталар санаулы ғана болатын.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі профилактикалық жұмыстары, бірінші кезекте медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) әлеуметтік бағдарланған үлгісін дамыту болып табылады. Осы мақсатта барлық өңірде екінші және үшінші мейіргер лауазымдары енгізілді. Пилоттық жоба нәтижесінде азаматтарды өз денсаулықтарына жауапты қарауға ынталандыратын созылмалы ауруларды басқару бағдарламалары енгізілуде. Ағымдағы жылдан бастап азаматтардың емдеу мекемесін еркін таңдауы, бәсекелестік, нәтижесіне қарай ақы төлеу және «ақша науқаспен бірге жүреді» сияқты БҰДСЖ қағидалары емханаларда да енгізілетін болады. Басым бағыттар бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДСҰ) арада тығыз ынтымақтастық орнатылды.

Көлік медицинасын жетілдіру, дамыту төңірегінде Денсаулық сақтау министрлігі ресми деректерде былай көрсетілген: Санитарлық авиация республикалық үйлестіру орталығы арқылы 1355 рет ұшырылып, 1813 медициналық көмек көрсетілді. 16 дана тікұшақ сатып алынды. «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» медициналық поездары өткен жылы 301 стансада болып, 64 мыңнан аса адамды дәрігерлік тексеруден өткізді. Жалпы дәрігерлік қараудың саны 500 мыңға жуықтады. Трассалық дәрігерлік-құтқару тіректері қызметкерлері 719 рет шақыртуға барып, зардап шеккен 2 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. 49 жылжымалы медициналық кешен дәрігерлері осы мерзім ішінде 871 мыңнан аса адамды қарап, 1,2 млн-ға жуық лабороториялық-диагностикалық зерттеулер жүргізіп, бейінді мамандар 794 мыңдай кеңес берген екен. Медицинада маңызды мәселелердің бірі Халықты дәрімен қамтамасыз ету болып табылады. «Саламатты Қазақстан» шеңберінде 2013 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету үшін 139 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 75 млрд. теңгеден астам қаржы амбулаториялық деңгейде дәрімен қамтуға бағытталды.

2013-2016 жылдарға арналған Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытудың кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Республикалық білім мен машықты тәуелсіз бағалау орталығы ашылды. Қазіргі таңда мамандарды бағалау үшін кәсіби медициналық қауымдастықтардың сарапшылары шақырылады. Болашақта бұл міндет толықтай медициналық қауымдастықтарға беріледі.

2014 жылдан бастап жобалау, құрылыс, пайдалану және сенімді басқаруға беру сияқты салаларды қоса алғанда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) аясы кеңейтілді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014 жылы БҰДСЖ қағидаларын (бәсекелестік, нәтижесіне қарай ақы төлеу, ашықтық) енгізе отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға басымдық берілетінін Салидат Қайырбекова да бірнеше рет айтқан. Сондай-ақ, министрлікте сараланған ақы төлеу жүйесі жетілдіріліп, халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің мақсаттылығы да сөз болған.

Сын мен сапа

Елімізде кез-келген саладағы мемлекеттік бағдарламалардың лайықты деңгейде орындалмауы турасында көп айтылып, сынға алынған еді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер қамтылғанымен, сарапшылар оның лайықты деңгейде орындалу-орындалмауында сан алуан пікір білдірген. Мамандар пайымынша, егерде 2015 жылға дейін бағдарламада көзделген талаптардың жартысы лайықты деңгейде орындалса, Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсы жаққа өзгертері сөзсіз.

Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының орындалу деңгейінің анализін былтыр «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы жасап көрген еді. Бұл зерттеу қарапайым емделушілер мен беделді сарапшылардың пікіріне негізделген. Тәуелсіз сарапшылардың пайымынша, отандық медицинаның материалдық-техникалық базасы біршама жақсарған. Соңғы жылдары еліміздегі медициналық мекемелердің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық құрал-жабдықтар, компьютерлік техникамен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және ауылдық жерлерде телемедицинаның дамуы қолға алынған. Бұл туралы соңғы 3 жылда мемлекеттік медициналық мекемелерде емделген халық мәлімдеді. Сұралған респондентердің жартысынан көбі оң өзгерістерге тоқталды.

Материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін қомақты қаражат керек болса, кадр жетіспеушілігі мәселесі оңайлықпен шешілмейді. Маман тапшылығы – әлі де көкейтесті әрі күрделі мәселелердің қатарында. Мысалға, терапевтер, педиатрлар мен отбасылық дәрігерлер тапшылығы Медициналық санитарлық-алғашқы көмекті жетілдіруге кедергі келтіреді. Медициналық мекемелерді мамандармен толықтыру, оның ішінде тар көлемді мамандар жетіспеушілігі –негізгі проблемалардың бірі. Бұл туралы қарапайым да алға тартады. Сұралған емделушілердің 48%-ы соңғы 3 жылда медициналық кадрлар жағдайын өзгергенін байқамаған.

Қарапайым халық денсаулық саласында жасалған реформалар нәтижелерін көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қарай бағалайды. Осы тұрғыда «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы бөлек зерттеу жүргізген. Белгілі болғандай, мемлекеттік медициналық мекемелерде соңғы 3 жылда емделуге барғандар арасында сұрау салған. Сұралған әрбір екінші (58%) адамға медициналық көмектің сапасы ұнаса, 38,9%-ы керісінше баға берген. Халықтың көпшілігі (44,8%) сауалнама 3 жылда жағдайдың түзелмегенін айтса, әрбір үшінші сұралған (36,3%) адам медициналық қызметтің сапасының жақсы жаққа өзгергенін айтса, әр оныншы адам (10,7%) керісінше төмендегенін білдірген.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жайында біртұтас қоғамдық пікір қалыптаспаған. Сауалнамаға қатысқандардың 15%-ы ғана бағдарламаны оқыған немесе кейбір бағыттарымен таныс болса, сұралғандардың 17%-сы бағдарлама жайында естіген, бірақ мазмұнымен таныс емес. Респонденттердің көпшілігі 62,1% «Саламатты Қазақстан» естімеген. Десе де, халық бағдарламының бөлек бағыттары туралы біраз ақапарат білетіні белгілі болды. Олар: скрининг, Госпитализациялау бюросы. Бұл бағдарламаның «өзінен» қарағанда оның бөлек «бөліктері» халыққа түсініктірек болғанын білдіреді.

«Централ Азия Монитор» газетінің 11 сәуір 2014 жылғы санында жарық көрген «Болезни казахстанской медицины» мақалада профессор Алмаз Шарман бағдарламаға байланысты былай пікір білдірген: “Я пока не замечал, чтобы здоровый образ жизни активно продвигался в казахстанских соцсетях”

- Низкий уровень интереса со стороны населения к программе ” Саламатты Казахстан ” не вызывает удивления. Как это ни парадоксально, но обывателей многих стран больше интересуют результаты футбольных матчей или последние модели одежды и автомобилей, чем вопросы здоровья или даже политика. Такова реальность. Например, несмотря на очевидные преимущества, лишь около 7 из 48 млн. незастрахованных американцев приобрели медицинскую страховку по выгодным условиям, предлагаемым государством в рамках программы Obamacare. Вместе с тем, это не должно служить оправданием. Ключом к успеху любой программы здравоохранения является мобилизация главного ресурса – индивидуальной заинтересованности граждан в сохранении собственного здоровья и предупреждении болезней. Здесь важно максимально привлекать наиболее востребованные средства информации, такие, как Интернет и социальные сети».

Бастапқыда «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бюджеті 380 млрд тенге деп белгіленген, алайда соңғы 3 жылда бұл қаражат көлемі ұлғайып отырды. Бағдарлама бюджетінің жыл сайын өсуі ҚР парламенті депутаттары тарапынан бірінеше мәрте сыналған еді. 2011-2014 жылдар аралығында еліміздің денсаулық саласында түбегейлі өзгерістер орын алмаса да, жүйеде жетістіктер байқалды. Бұған денсаулық сақтау министрлігінің деректері мен ресми статистика дәлел бола алады. 2015 жылы «Саламаты Қазақстан» бағдарламасының мерзімі бітетін уақыт. Денсаулық сақтау саласында жаңа бағдарлама қабылданып, жаңа даму жолдары белгіленеді. Десе де бағыт-бағдар түбегейлі өзгермейді, орын алған кемшіліктерді болдырмай жұмысты жетілдіру қолға алынары сөзсіз. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында халықты ақпараттандыру, насихаттау жұмысына көңіл бөлген абзал. Үкімет тарапынан жүргізілетін іс-шараның барлығы халық игілігі үшін жасалады және оның бағасын да халық береді.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА