24 октября 2014, 11:32 | 1 636 просмотров
Өткен аптаның соңында Алматыдағы «Алатау» емдік-сауықтыру кешенінде Қазақстандағы Еуропалық одақ және Германия Федеративті Республикасының консулдығының, сондай-ақ Германия, Молдова, Белоруссия, Грузия, Тәджікістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Украина, Әзербайжан, Ресей мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен Халықаралық конференция басталды.
«БҰҰ «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясының ережелерін алға жылжыту, мониторинг жасау және енгізу, ТМД, посткеңестік елдер және Евро Одақ мемлекеттеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарды еңбекпен қамту және оңалту» тақырыбындағы жиын 19 қазанға дейін жалғаспақ.
Халықаралық жиынның негізгі мақсаты - Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аумақтарында Кеңес кезеңінен кейінгі мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен бірлесе отырып, осы процеске жергілікті өзін-өзі басқару органдарының барлық деңгейлеріндегі (аудандар, қалалар, муниципалитеттер, ауылдар мен кенттер) мүгедектігі бар адамдарды қатыстыру арқылы БҰҰ «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясының «Еңбек және жұмыспен қамту» 27 тармағының ережесін имплементациялау. Сондай-ақ, халықаралық серіктестіктерді тарта отырып мүмкіндігі шектеулі адамдар мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру. Қоғамның еңбек нарығының және еңбек қызметінің барлық жүйелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуымен үздік кәсіптік тәжірибелерін айқындайтын эксперттер мен конференцияға қарысушылардың тәжірибе алмасуы.
Іс-шара барысында бірқатар жұмыс кеңестері, қызу пікірталастар өткізіліп, баяндамалар оқылып, сондай-ақ, конференция қатысушылары мен мамандар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мәселелері мен оларды қазіргі заманғы қоғамға интеграциялау жолдары жөнінде өзара тәжірибе алмасады деп жоспарлануда.