Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сыйлықтың құны 2,5 млн. теңгені құрайды


24 октября 2014, 11:29 | 1 150 просмотров



ӨСКЕМЕН. Қазақстан Республикасындағы Швейцария елшілігінің делегациясы Семей қаласының ауруханасында болып, емдеу мекемесіне жылжымалы рентген аппаратын салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігінен.

Семейде жұмыс сапарымен жүрген Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мауро Рейна қаланың медициналық орталығының балалар бөліміне жылжымалы рентген аппаратын сыйға тартты.

Мауро Рейна мырза елшіліктің өзінің шағын жылдық бюджеті бар екенін, оның аясында қайырымдылық жобаларын жүзеге асыра алатындарын атап өтті. Семеймен бұл елшілік 15 жыл бойы ынтымақтастықта. Осы жылдар ішінде қалаға миллион доллардан астам сомаға көмек көрсетілді. Семей медициналық орталығына да мұндай көмек бірнеше рет көрсетілген.

Дәрігерлер елшіге алғыстарын жеткізіп, мемлекеттің де оларға үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Елшіліктің бұл сыйлығы дер кезінде берілді, себебі балалар бөліміндегі бұрынғы рентген аппараты тозған. Емдеу мекемесінен хабарлағандай, жаңа аппарат кез келген жерде, тіпті баланы орнынан қозғауға болмаған кезде тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ