Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақ дәрігері қытайлықтарды мойындатты


24 октября 2014, 11:26 | 1 388 просмотров



Өкше сүйегіне ота жасау тәсілін арнайы Америкаға барып, патенттеп қайтқан қазақ дәрігері енді өкше тарамысының үзілуін - кәдімгі қазақы қыстырма етікпен, еш пышақ тигізбей емдеу әдісін де ойлап тапқан.

Қытайдағы қазақ ғалымы медицинаға киіз үй үлгісіндегі тігіс түрін енгізді. Өкше сүйегіне ота жасау тәсілін арнайы Америкаға барып, патенттеп қайтқан қазақ дәрігері енді өкше тарамысының үзілуін - кәдімгі қазақы қыстырма етікпен, еш пышақ тигізбей емдеу әдісін де ойлап тапқан. Қалың қытайдың арасында отырып, медицинасы әлдеқашан дамып кеткен елде ерекше ем түрін ойлап тапқан қазақ дәрігерімен Қытай ауруханасына барып қайтқан тілшіміз Ирина Советжанқызы тілдесіп қайтты.

Арбаға таңылған сегіз жасар Талғат - Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының кішкентай тұрғыны. Екі жастан асқанда екінші қабаттан құлап, бас сүйегін жарақаттап алған. Соның салдарынан аяғы мен қолы қисайып, жүре алмай қалған бүлдіршінді емдеуде отандық дәрігерлер дәрменсіздік танытып, емін Қытайдағы қазақ дәрігері тауыпты.

ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, Талғаттың анасы:

Қолының сіңірі тартылған, аяғының да. Тартылғанда, аяқ теріс қарай айналып кеткен. Операция жасаттым, соның арқасынд жүгіріп жүр. Аяғын теріс қарай, артқа басатын.

Бұл - ТалғаттыңҮрімжі ауруханасында жасалған отадан кейінгі жағдайы. Кеше ғана жүру арман болған бала, бүгін билеп жүр. Қисайып кеткен аяғын Қытайдағы қазақ дәрігері түзеген.

ЖАСАРАТ ЖӘЛЕЛҰЛЫ, Үрімжі ауруханасының Аға дәрігері:

Әдеттегі сынық емес біздікі. Талқандап сынып кеткен. Сүйегі жоқ. Содан кейін біз сүйекті көшіреміз. Жоқ сүйекті көшіріп, мынаған апарамыз.

Талғат - Жасарат дәрігердің тәжірибесінде жасалған 5000-ға жуық отаның бірінің емі қонған бүлдіршін. Бір түнгі кезекшілігінің өзінде онға жуық ота жасай алатын мүмкіндігі бар Жасарат Жәлелұлы - Қытайдағы білікті қазақ дәрігерлерінің бірі. Бүгінде қазақ ғалымын миллиардтар елі ғана мойындап отырған жоқ, Америкаға да аты шығыпты. Дәлелі - дәрежесі Ph.D-мен деңгейленген дәрігер. Медицинасының бес мың жылдық тарихы бар Қытай елінің денсаулық саласына тосын жаңалық енгізген дәрігердің емдеу тәсілі ұлттық ерекшелігімен де құнды көрінеді.

ЖАСАРАТ ЖӘЛЕЛҰЛЫ, Үрімжі ауруханасының Аға дәрігері:

Киіз үй формалды тігіс. Тігіп болғаннан кейін, ертең оған гипс қатырмайсың. Қимыл арқылы емделіп кетеді. Өте тез сақайып кетеді.

Жазылуы тез емдеу тәсілі туралы жаңалығын Америкаға апарып патенттеп қайтқан Қытайдағы қазақ дәрігері бұл емді - киіз үй үлгісіндегі ота жасау әдісі деп ат қойыпты. Ағылшындарға киіз үй үлгісін - шатыршалы сүйекті жалғау әдісі деп түсіндірген. Қазақ ғалымы медицинаға енгізген екінші жаңалығын - кәдімгі қазақтың қыстырма етігімен байланыстырған. Яғни, әсіресе, спортшыларда жиі кездесетін өкше тірсегінің үзілуін жалғау әдісін еш отасыз, қазақы етікті кигізу арқылы емдейді. Және науқас ем алу кезінде басқа отадан кейінгідей төсек тартып жатпайды. Керісінше, үш мезгіл билеу арқылы ем алады екен. Қазақ ғалымының соңғы жаңалығы - әзірге Қытайда ғана патенттелген. Дәрігер ғылыми жобасын Еуропаға енді апармақ.

Автор:
Ирина Советжанқызы, Қытайдың Үрімжі қаласынан.