Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ғалымдар Эбола вирусына қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді


10 октября 2014, 09:59 | 1 351 просмотр



7 қазан. Америкалық ғалымдар Эбола вирусына қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарға дейінгі тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Қазір клиникалық сынақтардың бірінші кезеңіне дайындалып жатырмыз. Сондай-ақ, вакцинаны жетілдіру бойынша жұмыстарды да қатар жүргізудеміз», – деп мәлімдеді Техас университеті лабораториясының профессоры Александр Букреев Новосібір облысында өткен Open Bio халықаралық конференциясында.

А. Букреев бүкіл әлем бойынша аса қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның бес түрі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректеріне қарағанда, Батыс Африка елдерінде Эбола індетінен 3,4 мың адам қаза болған. Ал аса қауіпті індетті жұқтырғандар саны 7,5 мыңға жеткен.

Автор:
itar-tass.com.