Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫЗМЕТІ ҚЫМБАТ, САПАСЫ ТӨМЕН медициналық туризм елімізде қашан дамиды?


10 октября 2014, 09:56 | 1 392 просмотра



Үкімет еліміздің медициналық туризм бойынша Еуразияның жетекші орталығы болатынын мәлімдеді. Дәрігерлер жетіспей жатқанда, медицинаны айтпағанның өзінде, қызмет көрсету сапасыз болып тұрғанда Қазақстанда медициналық туризм дамуы мүмкін бе? Отандастарымыз неге шетелде емделеді?

МҮМКІНДІКТЕР БАР, ӘРЕКЕТ ЖОҚ

25 қыркүйекте вице-премьер Гүлшара Әбдіхалы¬қова Су және климат арқы¬лы емдеу дүниежүзілік феде¬ра¬циясы (FEMTEC) Бас Ассам¬блея¬сының 67-ші конгресі кезінде Қазақстан жетекші еуразиялық медициналық туризм орталығы болатынын мәлімдеді. Гүлшара Нау-шақызының осыншама сенім¬ді¬лікпен айтуында екі түрлі себеп бар сияқты: әлемдік қауымдастық ал¬дында еліміздің абыройын осылай асқақтатқысы келді немесе Қазақстанның көшбасшы атануға мүм¬кіншілігі зор болғаны. «Мемлекет басшысы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында еліміз алдыңғы қатарлы еуразиялық медициналық туризм орталығы болуы керек деп айтқан. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар», – деген еді Әбдіхалықова өз сөзінде. Президенттің берген тапсырмасы бар, мүмкіндіктеріміз де баршылық. Бірақ конгресте Гүлшара ханым медициналық туризм бойынша жетекші орталыққа айналу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде тоқталмады. Шындығын айтқанда, «боламыз, айналамыз» деумен ондаған жылдар өтуде. Ал медициналық туризм – бұл азаматтардың сапалы және қымбат емес медициналық көмек алу мақсатында шет елге шығып емделуі. Мамандардың айтуынша, медициналық қызметті пайдаланушылар әлем бойынша 3 млн. адамнан асады. Жылына бұл индустрия 20-30 пайызға өсіп отырады. 2011 жылғы мәлімет бойынша (соңғы жылдар бойынша ста¬тистика жүргізілмеген), 300 шетелдік Қазақстаның емха¬на¬ларында ем алған. Көбінше еуро¬па¬лықтар, Орталық Азия мен Ресейдің шығыс жағынан келген азаматтар. Бұл индустрияның келешегі зор, бірақ біздегі саланың дамуы тек биік мінберлерде айтылатын мәлімдемелерден аспай келеді.

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Қазақстан медициналық туризм орталығының біріне айналуға әлеуеті жеткілікті деп сендірумен келген. Екі жыл бұрын Туризм индустриясы ко¬ми¬тетінің төрағасы Қуат Таныс¬бай Қазақстанда медтуризм дами бастайтынын мәлімдеген. «Турис¬тік компаниялармен бір¬ге бізге алыс және жақын шетел, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбек¬стан, Беларусь, Ресейдің шекаралас аймақтарындағы ту¬рис-терді Қазақстанға келуге қызық¬тыру керек», – деп еді. Демек, Әбдіхалықованың жақында айтқан мәлімдемесі бұл салада соңғы екі жыл ішінде ешқандай серпіннің болмағанын байқатады. Ендеше, үкімет басшысының орынбасары неге сенімді?

ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАЗАҚСТАНДА ЕМДЕЛУГЕ АСЫҚПАЙДЫ

Дегенмен медициналық көмектің бұл бағытында не істелінді? Бай¬қауы¬мызша, үкіметтің қолға алған кі¬шігірім істері бар. Денсаулық сақ¬тау министрлігінің мәліметінше, 2013 жылы «Astana Medical Park» емханасында медициналық туризмді дамыту жобасы жасалған. Жаңа технологиялар, сапалы қызмет көрсету, білікті дәрігерлер тағысын тағылар. Шара Ұлттық медициналық холдингінде де (құрамында алты медициналық орталық бар) қолға алынуда. Олардың деректері бойынша, Қазақстанда 31 елден науқастар ем алады. ҰМХ-нің құрамына кіретін медициналық орталықтарда өткен жылы 832, биылғы жылдың 5 айында 591 шетелдікке медициналық көмек берілген. Сәйкесінше, жылына қазақстандықтар 200-400 млн. долларға шет мемлекеттерде емделетін көрінеді. Оның ішінде кардиохирургия, нейрохирургия, органдар трансплантациясы, онкология және т.б. Дәл осы бағыттарды біз елімізде ең жақсы дамыған сала деп мақтанамыз. Егер жетекші делінетін бағыттар бойынша отандастарымыз сырт елдің дәрігерлеріне жүгінсе, онда қандай медициналық даму туралы айтуға болады? Мәселен, 2010 жылы Ұлттық медициналық холдинг пен Сингапурдың «Parkway hospitals»-ы арасында екіжақты меморандум қабылданған. Құжат бойынша Сингапур мен Қазақстан бір-біріне сырқат адамдарды жіберіп емдеп отырады. Қазіргі таңда көптеген медициналық мекемелер осындай келісімдер жүргізіп, шетелдік науқастарды қабылдап отырған жайы бар. Сондықтан отандық медтуризмді дамыту бойынша шынайы түрде жұмыс жүргізіліп отырған жоқ деуге болады. Себебі шешілмеген түйткілдер көп.

ЖЕРГІЛІКТІ СҰРАНЫС ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАЙДЫ

Ең алдымен, бізде «ме¬ди¬циналық туризм» деген ұғымның қалып¬таспауына Қазақстан меди-цинасындағы бірқатар түйткілдер кедер¬гі болып тұр. Оның алды – дәрігерлердің жетіспеушілігі. Ауыл-аймақтардағы сияқты, ірі қалаларда да ақ халаттылар тапшылығы сезіледі. Жергілікті тұрғындардың сұра¬нысын қанағаттандыра алмай жүргенде, шетелдік туристер легін қабылдау мүмкін бе? Мысалы, Қазақстанда жүрек ақауымен туған нәрестелердің тек 20 пайызы ғана тиісті көмек ала алады. Қалған 80 пайызы қайтыс болады немесе шетелге баруға мәжбүр.

Сондай-ақ, Астанадағы кар¬диорталықта 6 рет жүректің транс¬план¬тациясы жасалған, 130 рет сол жақ асқазанның имплантанттары қойыл¬ған. Бұл да жеткілікті емес. Басқа да операция түрлері осы мөлшерде ғана орындалады. Өкінішке қарай бұл «серпінмен» алысқа бара алмаймыз. Квота жетіспей, емдейтін құрылғылар табылмай шетелде ем іздеген отандастарымыз қаншама?! Мәселен, бір Түркияның өзіне бүгінге дейін 8 мың Қазақстан азаматы денсаулығын түзеуге барған.

Кәсіби деңгей де үлкен рөл атқарады. Көптеген мекемелерде кеңестік мектептің өкілдері қызмет етіп жүр. Отандық медицина мектебін әлі қалыптасқан жоқ. Биыл дәрігерлер білімін жетілдіру үшін мемлекет қазынасынан 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Шетел азаматтарының емхана мен ондағы дәрігердің беделіне қарайтыны белгілі. Осы тұста ақ халаттылар арасында антына адал еместердің саны да азаймай тұрғанын атап өткен жөн. 2012-2013 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары 1,7 есеге өскен. Өткен жылы тек қана Қаржы полициясы 10 қылмыстық іс қозғап, 7 медициналық қызметкер сотталды. Шығын көлемі 35 млн. теңгені құраған. Ал биылғы жылы 9 адамға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалған: оның бес фактісі парақорлық, тоғызы лауазымын асыра пайдалану үшін. Еліміздің өзінде дәрігерлерге деген көзқарас оңалмай, сырт елдің пікірі түзелмейтіні анық.

БАҒАСЫ МЕН САПАСЫ ӘРТҮРЛІ

Басты түйткіл – қызмет көрсету түрлерінің сапасыздығы және оның қымбат болуы. Басқа елден Қазақстанға келу үлкен шығын. Әуе билетінің құны аспандап тұр. Көптеген қалалар арасында тікелей рейстер жоқ. Халықаралық медициналық визаны алу да қиын мәселе. Аурудың күрделілігіне қарамастан кей жағдайларда сырқаттанушылар визаны айлар бойы күтеді. Ал оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдерде мемлекеттік қолдаудың арқасында визаны алу жеңілдеген. Ұшу сапарлары да АҚШ, Еуропа елдеріне қарағанда бірнеше есе арзан. Бұндай жағдай Азияның Үндістан, Тайланд, Түркия секілді елдеріне де тән. Аталмыш мемлекеттер медициналық туризмнің жетекші орталықтары. Жылына 10-20 млрд. доллар пайда түсуде. Түркиядағы бір ғана ғылыми-зерттеу госпиталі жылына 115 елден 3000 шетелдікті қабылдайды екен.

Қазақстанда жағдай кері¬сін¬ше. Жергілікті қонақүйлер, сана¬то¬рийлер мен жалпы демалу меке-мелерінінің бағасы удай. Шетел азаматына Түркияға барып ем¬деліп, қосымша демалып қайтқаны әлде¬қайда пайдалы және тиімді. Бір қызығы, бұған қарамастан еліміздегі қонақүйлер бағаларын төмендетуге ниетті емес. Ал бағаға онда көрсетілетін қызмет түрінің сапасы сәйкес келе бермейді. Өкінішке қарай, көптеген қонақүй¬лер¬де, медициналық меке¬ме-лерде пер¬соналдың қызметі қа¬нағат¬танар¬лық жағдайда емес, шетел тілдерін білетіндер санаулы-ақ. Бұл түйткілдердің барлығы медициналық туризмнің дамуын тежеп қана қоймай, негізін қа¬лып¬тастыруға үлкен кедергі болып отыр. Туризмнің де көңіл көн¬шітпей отырғаны баршаға аян. Қажетті инфрақұрылымның бол¬мауы, көрсетілетін қызмет баға¬сының жоғары болуы медициналық туризм кластерінің ілгерілеуіне кері әсер тигізіп отыр. Бағасы сапасына сәйкес келмейтін, инфрақұрылымы жоқ, медициналық беделі күмәнді жерге қай шетелдік келсін?!

Әлемдік медициналық ту¬ризм бойынша Израиль, Фран¬ция, Ұлыбританияда көбін¬ше репродуктивтік туризм дамы¬ған. Азия елдерінде органдар тран¬с¬плантациясы кластері қалып-тас¬қан. Ал Қазақстанда қай бағыт ілгері болуы мүмкін? Біз үшін риторикалық сауал сияқты... Өкінішке қарай, Қазақстан медицинасының қай саласы болмасын үлкен серпін мен дамуды қажет етеді. Сондықтан үкіметтің арнайы қарастырылған жоспарынсыз дамыту жолдарын айту қиын.

Жалпы, жауапты ведомствоның мед¬туризм саласында статистика жүр¬гізбейтіні өкінішті-ақ.¬ Яғни, бұл саланың жемін жеп жүрген¬дердің аса бір қызы¬ғу¬шылығы жоқ сияқты. Шетел¬дік-тердің келіп-кетуін, қазақ¬стан¬дықтардың шетелге шығуын сандарын есептеп, соған орай сұра¬нысты қанағаттандырып оты¬руы керек дейміз. Алайда бұн¬дай ақпараттың жоқтығын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайты көрсетіп отыр. Біздегі мемлекеттік жүйенің бір осалдығы, стратегия, жоспар жасау алдында мәселенің мәнісі, себептері жіті зерттелмейді. Сондықтан себеп-салдарлар мен кемшіліктер қаперге алынбастан ондаған түрлі бағдарлама-стратегиялар қабылдана береді. Бұл жолы да осылай болмайды деп ешкім кепілдік бере алмай¬ды.

Автор:
Диас БЕЙСЕНБЕ «Түркістан»