Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Акылды диета. Миды қоректендіру


10 октября 2014, 09:43 | 1 632 просмотра



Біз диетаға отыру арқылы ағзамызда көптеген ауыстыруға болмайтын қоректік заттегілердің жетіспеушілігін тудырамыз. Диетадағы дисбаланс - физикалық, сондай-ақ ішкі сезім күштерінің құлдырауына алып келеді. Тамақтануға немқұрайлылықпен қарау дене бітімінің дұрыс болмауына себепші болады.

Түрлі-түсті қалқан.

Табиғат біздің ағзамызға қайта тіктелу, зиянды факторлардан қорғану, токсиндерден құтылу, қартаюға қарсы тұру сияқты қасиеттерді сыйға тартқан, ал дұрыс тамақтану осы қасиеттерді нығайта түсетінін естен шығармаған абзал.

Өсімдіктердің өзін қорғау мақсатында шығаратын заттегілері маңызды ролге ие. Бұл өсімдіктің өмір сүруі үшін сыртқы жаулар, атап өтсек: инфекция, паразиттер, токсиндер, агрессивті тотықтырғыштардан қорғап тұратын фитохимиялық армия. Бұл қорғаушылар агресссорлардың биологиялық механизмдерін қоршап алып агрессорларды талқандайды және ағзаның жасушалық құрамын бұзатын еркін радикалдарды залалсыздандыру арқылы антиоксиданттық күшті иемденеді.

Қырыққыбаттың барлық түрін , әртүрлі көкөністерді, жеміс жидектерді, органикалық шаруашылық жағдайында өсірілген дәмдеуіштерді, көк шәйді, азия саңырауқұлақтарын қолдану нәтижесінде өз ағзаңызға токсиндерді, ауыр металдарды шығарып тастауға көмектесесіз. Сонымен қатар, имундық жүйені нығайтасыз, қартаюға қарсы тұрасыз, қабыну және тотығудың бетін қайтарасыз және миды сергек жұмыс ырғағына бағыттайсыз.

Күтпеген шығындар.

Тамақ арқылы келіп түсетін кейбір заттегілер, нейрондардың медиаторларды тудыру қабілетін төмендетіп, дәрумен және минералдардың қымбатты қорын әлсіретеді.

Кофейннің шектен тыс дозосы дефомин және адреналиннің нейрондық синтезін төмендетеді, сөйтіп уақыттың өтуімен өзіне тиісті тонусты кофеинсіз ала алмайтын дәрежеге жетеді. Сонымен қатар ол тынышсыздықты күшейтіп, ағзадан кальций және басқа минералдарды шығарып тастайды. Ең дұрысы өзіңді сергіту үшін лимон шырынының бірнеше тамшысы қосылған бір стакан таза су ішу керек. Шақпақталған қант және жоғары ГИлі өнімдер (жоғары сұрыпты ұн т.б.) ағзадағы дәрумен және минералдарды, бір топ психологиялық қиындықтарды қоса отырып, босқа шығындап жібереді: төмен интеллект, мазасыздану, ашушаңдық, көңіл күй түсу және уайымшылдық. Фруктозалық сироп, аспартам және сахарин сиякты қантты алмастырушылар – қауіпті альтернатива болып келеді. Агава шырыны, кокос қанты, акация балы – қанттың төмен ГИмі табиғи алмастырушылары, бірақ колориясы жоғары. Ксилитол, стевия – ыңғайлы және төмен колориялы тәттілер. Алкоголь – көңіл күйді көтеретін В дәруменінің қорын әлсіретеді және мидың зат алмасу процесін төмендетеді. Бірақ 2-3 бокал қара жүзім шарабы мидың қартаю мүмкіншілігін бір аптаға шегереді. Фосфор қышқылы магнийдің босаңсу минералын шегереді. Арамшөп және түрлі зиянкестерге қарсы ұлы химикаттарды, химиялық тыңайтқыштар, гармондар, антибиотиктар, қолданылатын органикалық емес ауыл шаруашылық өнімдеріндегі ГМОның құрамында токсиндер, аллергендер болады және ағзаны қайта тіктеу ресурстарын шығынға ұшыратады.

Күйзеліске ұшырататын жаңалық.

Кез келген таныс емес жағдайға біздің ағзамыз күйзеліс реакциясымен қарайды. Тазаланған, технологиялық қайта өңделген, жасанды жолмен алынған бояулар, дәмдеуіштер, натрий глутоматы және тағам консерванттары – бұл біздің ескі гендеріміздің комбинациясы үшін таныс емес дүние. Жасанды дәрумендер нағыз дәрумендерге қарағанда аз пайда алып келеді. Нағыз дәрумендерді табиғи тағамдардан аламыз: көкөністер, жеміс-жидектер, жабайы балық т.б. Егер ағзаға белгілі бір нутриенттер жетіспейтін болса, ми аш болу сезімін тудырады, тіпті адам артық жеп қоюы да мүмкін. Дисбаланс, табиғи еместік- нағыз сезімтал бас органының жұмысын әп-сәтте астан-кестен қылып, күйзеліс шақыратын арандатушыларға айналады.

Тамақты өлшеммен жеу, оның табиғилығына, балғындығына, әртүрлілігіне, жұғымдылығына мән беру- оның берекетінің, пайдасының кепілі. Тағамның сапасы және көлемінің құрамы біздің биологиялық табиғатымызға сай келсе, ағзаның физиологиясын үйлестіріп, жұмысқа қабілеттілікті, жадымыздың жақсы болуы, бақыт сезімін, оптимизм және байсалдылықты сақтауға көмектесе аламыз.

Шығудың жолы бар!

Доктор Марк Хайманның пікірінше, шалышқы (вилка) – физикалық денсаулықты ақылды және жан дүниеңді реттеудің ең тиімді инструменті екен. Ең бастысы өз уақытында оған мидың жұмысына қажет нәрселердің бәрі құрамында бар тағамды өткізіп тұру. Пайдалы емес бірақ жегің келіп тұратын тәттілерді аптасына бір рет жеуге болады. Біздің миымызға потенциал мүмкіншіліктер беретін диета былай болады. Күнделікті: 5-6 порция көкөніс, картошка мен жүгері аз мөлшерде, 2 порция жеміс, 0,5-2 порция дәндер, 0,5-1 порция бұршақ тұқымдастар, 4-5 шәй қасық пайдалы майлар, 2-3 порция сүт өнімдері, 2 кесе көк шәй, қара шоколад. Аптасына бірнеше рет: балық, ет, жұмыртқа және тауық. Бұл табиғи және әр түрлі рацион болып табылады, бұл өз кезегінде қандағы глюкозаның бірден өзгеруін тоқтатады, омега 3-тен омега 6 майларынан балансын нығайтады және миды барлық дәрумендермен, минералдармен, фитонутриенттермен қамтамасыз етеді. Әр бір адам тек қана сыртқы көрінісі немесе мінез құлқы мен ғана ерекшеленбейді, сондай-ақ тамаққа деген сұранысымен де ерекшеленеді. Кейбіреулер етті тамақты көтере алмауы мүмкін, ал екінші біреулердің өсімдік ақуызына аллергиясы болуы мүмкін. Өзіңнің жағдайыңа керек тамақтану ракционын түзу керек. Шанышқы мен қоса өзіңіздің ақылыңызға ақыл, жігеріңізге жігер, жақсы әдет және денсаулық қосқанға не жетеді?

Алдыңыздағы тағамдарыңыз әрқашан ақылмен жасалып, әрі тәтті болуын тілейміз!

Автор:
Гаухар Датхабаева, Қазақ тағамтану академиясы, Қуанышева Роза Мендыкуловна, Ұлттық салауатты тағамтану орталығы.