Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Миды қоректендіру


10 октября 2014, 09:42 | 1 843 просмотра



«Біздің кім болуымыз, не жегенімізге байланысты» - Гиппократ. Ағзаға, соның ішінде миға өмір бойы тұрақты түрде әртүрлі заттегілер керек, сол арқылы ағза өзінің тіндерін жаңартып отырады және мүшелер өзінің көптеген өмірлік функцияларын орындайды. Біздің жақсы ойлауымыз және өзімізді бақытты сезінуіміз не жегенімізге байланысты.

Сіз рационда қандайда бір тағамдық заттектердің тапшылығы салдарынан зеректік және есте сақтау қабілетінің төмен болуы мүмкін екені туралы ойланып көрдіңіз бе?

Диетадағы дисбаланс - физикалық, сондай-ақ ішкі сезім күштерінің құлдырауына алып келетінін ше?

Тамақтануға немқұрайлылықпен қарау дене бітімінің дұрыс болмауына себепші болатынын ше?

Мега- ми Омега -3 майынан бастау алады.

Майлар – бас миы жасушаларының негізін құрайтын материал және олардың ішінде омега 3 класына жататын қанықпаған май қышқылдарының үлес салмағы басым, өз кезегінде нейрондардың (мембран) қабырғалары 60 % ға осы майдан тұрады.

Мембрандар - ми жасушалары өмірінің эпицентрі болып табылады.: Мембрандар арқылы нейрондар мәліметтерді қабылдайды, оны бойына сіңіріп және жеткізіп отырады. Мембрандар бейімделгіштігімен, иілгіштігімен ерекшеленеді және мембрандық майлардың қасиеттері арасындағы сигнал алмасуларды эффективті түрде қамтамасыз етеді. Ағзаның тамақтан алатын майларын іске қосу үшін, табиғи себептермен мембрандар үздіксіз жаңарып отырады. Егерде қаныққан жануар майларын, трансмайларды орынсыз пайдаланса, онда олар мембрандарды қатайтып, біздің ақылымызды, жадымызды, жақсы әдеттерімізді, жан дүниеміздің әдемілігін жояды.

Трансмайлар - азық-түлік өнеркәсібінің жетістіктерінің бірі, ол сұйық өсімдік майын қатты майға айналдырумен шектеледі. Оларға маргарин, аспаздық май, балқытылған сыр, фаст-фуд, қуырылған және басқа да технологиялық қайта өңдеуден өткен кейбір өнімдер жатады. Егер үнемі таныс емес горизонттарды игеру үшін үнемі мимен жұмыс істесең нейрондардың көлемі ұлғайып, ми қуаттана түседі. Өлген нейрондарды алмастыру үшін жаңа нейрондар пайда болады және осы ми оқиғаларын іске асыру үшін омега-3 майлары қажет. Сонымен қатар, омега-3 мықты функционалды жасуша қабырғаларын түзеді және нейрондардың өсуін реттейді, қабыну процесстерін қайтарады, тамырларды нығайтады, зат алмасуды және имунитетті көтереді.

Омега-6 омега -3 ке қарсы.

Басқа керекті майлар - омега-6 ( күнбағыс, жүгері, соя, жаңғақ майлары т.б.) кейінгі жүз жылдықта омега-3 тің залалына пайдаланылатын болды.

Омега-6 омега-3 ке қарағанда 20 есеге көп. Омега-6 артық көлемде болса қабыну реакцияларына, тінде майдың жиналуына және қанның қоюлануына жағдай жасайды.

Интеллектуалдық және эмоционалдық құлдыраудың алдын алу үшін омега-6 ны және омега-3 ті 4:1 қатынаста пайдалану керек. Жабайы балықтар, теңіз өнімдері, зығыр дәндері, грек жаңғағы, рапс майы - омега -3 тің ең маңызды байлығы. Оның тәуліктік белгіленген мөлшері 1-8 гр., 150гр скумбрия жесеңіз осы норма орындалды деп есептеңіз.

Ғалымдар жайылымдағы сиыр сүтінде омега-6 мен омега-3 қатынасы 1:1 болатынын, ал жасанды қоспажемдермен жемделген сиыр сүтінде омега -6 ның үлесі омега-3 тен 20-40 есе артық болатынын дәлелдеді. Омега майлары бұзылса балшырыннан уға оңай айналады. Әсіресе омега-3 түрлерінің бірі және дәрумендердің қайнар көзі, зығыр майының құрамында олар тұрақты болады. Олар сығып алынғаннан кейін 6 айға дейін қолдануға жарайды, ал ыдыстың аузы ашылғаннан кейін, жабық күйде тоңазытқышқа қойып 30 күн пайдалануға болады.

« О-мега-3!»- бұл «ойланып толғанатын тағамды » қайта өңдеуге көмектеседі.

Тәттінің зияндылығы.

Мидың жұмыс істеуі үшін қажет энергияның бірден бір және алмастырылмайтын көзі жай көмірсу тобының өкілі -глюкоза болып табылады.

Біздің тәттіге, фаст-фудқа, газдалған тәтті сусындарға құштар болуымыздың себебі, оларды қабылдағаннан кейін бірден қандағы глюкозаның деңгейі көтеріледі, ал бұл мидың жақсы көңіл күйінің белсенділігіне алып келеді және оған энергия береді. Дегенмен қант деңгейінің бірден көтерілуі оны пайдалану жүйесінде серпінді белсенділік тудырады, бұл жерде инсулин гармоны басты роль атқарады. Демек, бұл жерден ұғатынымыз қанттың деңгейі тез төмендеп, тағы да тағам жеуге құштарлықты оятатыны.

Қант және басқада көмірсулар көп қосылған өнімдер, қанға инсулинді көп мөлшерде толтырады. Осылай көп рет қайталанған жағдайда инсулинге деген сезінбеушілік өседі, керісінше қанға глюкоза келіп түскенде гармондардың жоғары дозасы шығарып тасталады.

Инсулиннің артықшылығы тәбеттің жоғары дәрежеде ашылуына, қарында және белде майдың жиналуына, қан қысымының өсуіне, қанның қоюлануына, ағзаның еңсесі түсуіне және мазасыздануына, жыныстық гармондардың дисбалансына және басқа байланысты интеллектуалды мүмкіншіліктерінің төмендеуіне алып келеді.

Қарапайымнан күрделіге.

Ағзаның оптималды жұмыс істеуі үшін қандағы глюкоза деңгейінің бірден өзгеруінен сақ болған жөн, ол қанға біртіндеп түсуі керек. Бұл төмен гликемикалық индексті күрделі көмірсуларды пайдалану есебінен жүзеге асырылады. (ГИ - көлемі қандағы глюкозаның деңгейін жоғарылату қабілетін көрсетеді). Олардың қайнар көзі – бүтіндей өңделмеген дәндер. Көкөніс, жеміс-жидек, бұршақ тұқымдастар, шөптер және дәмдеуіштер тамақтану рационының негізін құрау қажет, бұлар мидың толыққанды белсенді жұмыс істеуі үшін ең маңызды өнімдер, олардың құрамындағы клетчаткалар (өзектер) құндылығын арттыра түседі. Олар азықтардың ГИ деңгейін төмендетеді, ішек жұмысын реттейді және миға В дәруменімен қамтамасыз ететін пайдалы мекендеушілермен қоректендіреді, сөйтіп ағзаны 60 % - ға дейін иммунитетпен қамтамасыз етеді.

Ақуызды жеп, қандай тұжырымға келеміз?

Ми- бұл нейромедиатор деп аталатын биологиялық белсенді заттектерді синтездейтін және пайдаға асыратын биохимиялық зертхана деуге болады. Бұл заттегілердің молекулалары нейрондардың нұсқауы бойынша хабарламаларды тасымалдаушы рөлін атқарады.

Медиаторлар арқылы ағзадағы барлық функциялар бақыланады . Кейбір медиаторлар жақсы көңіл күй тудыруға жауап берсе, екіншілері –үйренуге және есте сақтауға, ал үшіншілері босаңсуға, тынышталуға, төртіншілері - назар аударту, риза болу және т.б.

Барлық медиаторлар ақуыздардың ыдырауы нәтижесінде алынған аминқышқылдардан синтезделеді. Егер рационда олар жетіспесе, нейрондар өзінің қызметін толық орындай алмайды. Бұндай жағдайда тыныштық орнына қорқыныш, жақсы көңіл күй орнына еңсенің түсуі, тамақтан рақаттанудың орнына оны сіңіре алмау сияқты сезімдерге душар боламыз. Күнделікті таңғы және түскі аста ақуызға бай тағам арқылы амин қышқылымен қоректеніп алған дұрыс.

Ағзаның бүкіл қажеттіліктерінің 12-15 % ын өсімдік (бұршақ тұқымдастар, жаңғақтар және дәндер) сондайақ жануар (жұмыртқа, балық, құс, ет, сүт және ашытылған сүт өнімдері) өнімдерінен алынатын ақуыздар есебінен толықтыру керек.

Диетологтар етті аптасына 170 гр-нан 2 рет , жұмыртқаны аптасына 4-5 реттен асырмауға кеңес береді. Бірақ кейбіреулердің жеке басына байланысты ескеретін жағдайлары болады. Мысалы: жақсы көңіл күй және тыныш ұйқы үшін нейрондарда синтезделетін заттегі, триптофан сүт және сүт өнімдерінің құрамында болады, бірақ ескеретін жәй, кейбір адамдардың ағзасы бұл өнімдерді көтере алмауы мүмкін.

Автор:
Гаухар Датхабаева, Қазақ тағамтану академиясы, Қуанышева Роза Мендыкуловна, Ұлттық салауатты тағамтану орталығы.