Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ФАСТ-ФУД ТАҒАМДАРЫ БАЛАЛАР ҮШІН АС ЕМЕС


3 октября 2014, 15:35 | 6 365 просмотров



Ұлттық салауатты тамақтану

Орталығының мәліметі бойынша

елімізде әрбір үшінші оқушы мектеп-

ке барарда ата-анасы берген қаржыны

фаст-фуд тағамын сатып алуға

жұмсайды екен.

Неге балалар фаст-фудқа құмар,

ол қандай тағам және неліктен оны

балалардың ішіп-жемегені дұрыс?

Қоқсық тағам

Жедел тағам индустриясы тамақ

дайындауға уақыт шығын етпей-ақ,

жүріп бара жатып та апыл-ғұпыл дәмді

тамақтанып алудың мүмкіншілігін беріп

отыр. Сырт қабы болғандықтан фаст фуд

өнімін жолда да, стадионда да, саяхатқа

шыққанда да ішіп-жеп алуға болады.

Жұмысы тығыз, уақыты аз адам үшін кез

келген жағдайда алаңсыз жайбарақат

дәмді тамақтанып алудың бірден бір

таптырмас мүмкіндігі екендігі рас. Алай-

да, фаст фудтың отаны деп санала-

тын Американың өзінде оны джанк-фуд

(junk-food), яғни қоқсық тағам деп деп

айтатын болды. Бастапқыда бұлай деп

фаст фудтың сырт қабына байланысты

атады. Себебі, қаладағы қоқырсауыттар

адамдардың лақтырып тастаған сырт

қаптарына тез толып қалып, симай ша-

шылып қалғандарын жел көше-көшемен

қуалай ұшырып жіберетін. Бірақ фаст фуд

көшелерді ғана қоқыспен ластамайды

екен. Ол шын мәнісінде адам организмін

денсаулыққа зиянды улы, аллергенді,

канцерогенді және басқа да заттармен ла-

стайтын болып шықты..

Фастфудтың қандай зияны бар?

Фастфудты жақсы көретіндер «бұл

кәдімгідей тағам, оның денсаулыққа

ешқандай зияны жоқ» - деп өздерін алда-

усыратады. Шын мәнісінде фастфудта ор-

ганизмге қауіпті заттар аз емес. Мәселен,

наггетске қажетті майдаланылған еттің

құрамында холестерин мөлшері жоғары.

Оның үстіне осы тағамды дайындайтын

сұйық майлар талапқа сай ауыстырыл-

май, күні бойына қайта-қайта пайдаланы-

лады. Бұл майларды қайта-қайта жоғары

температураға дейін қыздыру барысында

оның құрамындағы канцерогенді заттар

мен транс-майлар мөлшері арта түседі.

Фастфуд тағамдарына дәмдеуіш ретінде

қолданылатын натрий глутаматының ба-

лалар денсаулығына зиян екендігі белгілі.

Осымен қатар фастфуд тағамдық өнімдерін

дайындау үшін құрамында көмірсулар мол

күпсек бөлешкелер, майонез бен кетчуп,

әр түрлі консерванттар және басқа да

химиялық заттар қолданылады.

Кез келген тағам түріне жағымды дәм

беретін натрий глутамат деп аталатын

химиялық зат адам денсаулығына, әсіресе

балалар денсаулығы үшін өте зиянды.

Оның баланың зейінінің бұзылуына және

көтеріңкі әсерленгіштігіне әкеп соғатыны

дәлелденген. Гамбургерлерді және хот-

догтарды дайындауға пайдаланыла-

тын күпсек тоқаштар мен джанк – фуд

тағамының атрибуты ретінде саналатын

майонез бен кетчуп те адамға пайдалы

азық түліктер қатарына жатпайтындығы

белгілі.

Тез дайындалатын фаст-фуд

тағамының құрамындағы қант пен тұздың

жоғары мөлшері, әр түрлі консервант-

тар мен басқа да химиялық заттар оның

денсаулыққа зиянды әсерін күшейтетіндігі

сөзсіз. Ал, жапырақты салат, қызанақ

пен қиярдың жіңішке тілімдері фаст-фуд

тағамының зияндылығын әлсірете ал-

майды. Тіпті оның сыртындағы орама

қағазының өзі де ағзаны улауы мүмкін.

Себебі, бұндай қағазға перфторалкилді

қышқылдарды сіңіру арқылы май

жұқпайтын қасиет береді. Осы заттың

қалдықты өнімдері тұтынушылардың

қанынан табылған.

Салқындатып қуалаушы

Әдетте, фаст-фуд тағамдарын

тұтыну барысында міндетті түрде

салқындатылған тәтті газды сусындар

ішіледі. Мұндай сусынның бір стаканының

құрамында 6 шай қасық шекер бар, ал

бұл күнделікті қауіпсіз нормадан жоғары.

Газды сусындардың құрамындағы фос-

фор қышқылы, жағымды иіс бергіш зат-

тар, бояғыштар, консерванттар ағзада

көптеген патологиялық өзгерістер тудыра-

ды. Осымен қатар, салқын сусын тағамның

асқазаннан ары ішекке қарай уақытынан

бұрын жылжуына әкеп соғады. Сондықтан,

шамалы уақыттан соң баланың қарны

ашып, тағы да фаст-фуд тағамын жегісі

келеді. Асқазандағы физиологиялық

уақытында ұсталып, тұрақтамаған, тағам

толығымен қорытылмайды. Осыған бай-

ланысты, жеткілікті қорытылмаған тағам

ішектерде шіру үдерістеріне ұшырап,

қоқыс қалдықты өнімдердің көптеп пайда

болуына әкеп соғады.

Ықтимал қауіп

Күнделікті жағдайда фаст – фуд

тағамдары сатылатын орындарда

санитарлық – гигиеналық нормалардың

талапқа сай сақталмайтынына жиі куә

болып жүрміз. Кей кезде дайын тағамдық

өнімдерді тасымалдау мен сақтау

ережелері бұзылады және жарамдылық

мерзімінен уақыты өтіп кеткен арзан са-

пасыз шикізаттар қолданылатынын да

білеміз. Уақытты үнемдеу мақсатымен

фаст-фуд тағамдарын дайындау тез

жүргізіледі, яғни бұл пайдаланыла-

тын шикізаттарды термиялық өңдеу

уақытының қысқартылуына әкеп соғады.

Сондықтан, фаст – фуд өнімдерін тұтыну

әр түрлі тағамдық уланулар мен ағзаға

індет жұқтырудың ықтималдық себебі бо-

луы мүмкін.

Зардап ауыртпалығы

Соңғы медициналық мәліметтерге

сүйенсек, фаст – фуд тағамдарын жақсы

көретіндер семіздік, диабет, жүрек-қан та-

мырлары дерттеріне, қатерлі ісік, бауыр

аурулары, аллергиялық, аутоиммундық

және басқада көптеген ауруларға жиі

шалдығады екен. Фаст – фуд баланың

миының құрылысына теріс әсер етіп,

қызметтерін бұзады, депрессия қаупін

жоғарылатып, ақыл – ойдың нашарлауына

әкеп соғады. Британдық ғалымдар фаст

– фуд тағамдарын 3 жасынан бастап жиі

тұтынған 8 жастағы балалардың түйсігі

саламатты тағаммен тамақтандырылған

құрдастарымен салыстырғанда төмен

екендігін анықтады.

Фаст – фуд тағамын бір рет жеп, дәмін

татып көрген бала, қайталап жегісі келеді

де тұрады. Бұл адам миында ертеден

қалыптасқан механизмдермен байланы-

сты болуы керек. Алғашқы даму дәуірінде

адамның миы қауіпті және күрделі

қоршаған орта жағдайында дәм рецептор-

лары арқылы қорек болатын өнімдердегі

заттарды, әсіресе өмір сүруге қажетті зат-

тарды ажыратып тануға бейімделген. Ми

құрылымдары үшін тәтті дәм тұтынылатын

өнімнің қауіпсіздігі мен ағзаны энергия-

мен қамтамасыз етуге жарамдылығының

белгісі ретінде танылған. Сол себептен де

ұннан жасалған өнімдер мен картоп – фри

бізге ерекше дәмді әрі тәтті болып көрінеді.

Бұлар қанды глюкозамен тез арада

қамтамасыз етеді. Майлар да тіршілік үшін

қажетті энергияның маңызды көзі болып

табылады, ал тұз ағза ұлпаларында суды

ұстап тұруға қажет. Осындай заттарға

бай тағам ауыз қуысына түскенде, мидағы

рақаттылық орталығы қозып, адамды осы-

ны жалғастыра беруге ынталандырады.

Фаст-фуд өнімдерінде мидағы рахаттылық

орталықтарын қоздыратын заттектер көп

мөлшерде бар. Сондықтан, балаларда

фаст-фуд тағамдық өнімдеріне құмарту

сезімі пайда болады.

Фаст – фуд өнімдерінің барлығына

дерлік глутамат натрий сияқты зат қосылып

дайындалады. Бұл зат ағзаның жүйке

талшықтарының ұштарындағы қозуды

күшейтеді. Осының нәтежиесінде мидың

тәтті дәмді қабылдайтын орталықтарына

жеткізілетін сигналдар үдейді. Сондықтан,

фаст – фуд тағамын адамда құмартушылық

сезімін тудыру мақсатымен шығарылған

десек қателеспейміз. Джанк – фуд тағамы

әрбір адамның тіршілігінде аса маңызды

орны бар тәтті дәм сезу рахатының

қармағына іліп алады. Шындығында,

адам үшін табиғи, бүтіндігі сақталған,

технологиялық өңдеуден өтпеген тағам тек

қана пайдалы заттектермен қамтамасыз

етудің ғана емес, сонымен қатар тәтті

дәмдердің ең маңызды көзі екендігі анық.

Біздің ісіміз басқа жақта

Фаст – фуд мекемелерінде жүргізілетін

әр түрлі маркетингтік амалдар - фуд –

корт аймағындағы балаларға арналған

ойын бұрыштары, ертегілердегі бала-

лар мен қыздардың сүйікті кейіпкерлері

түріндегі ойыншықтармен безендірілген

арнайы ас мәзірі балаларды қатты

қызықтыратындығы сөзсіз. Оның үстіне

біздің өзімізде бала бір апта бойы

шыдамсыздықпен күтетін мерекелер-

де тез тамақтанатын дәмханаға баруды

әдетке айналдырамыз. Нәтижесінде ба-

лада фаст – фуд өнімдерімен тамақтану

мен қуанышты сезіну арасында орнықты

байланыс қалыптасуы мүмкін. Осыны бол-

дырмау үшін фастфуд сатылатын орын-

дарды айналып өтіп, баламен өткізілетін

отбасылық мерекелерде денсаулыққа пай-

далы, табиғи тағам ішіп-жеген дұрыс.

Саламатты тамақтанудың

маңыздылығы және пайдасыз тағамның

денсаулыққа қаупі жөнінде түсіндіретін

әңгімелер, радио-телехабарлар, видео-

роликтер балалар мен жастарға міндетті

түрде тиімді әсер береді. Мәселен,

ағылшындық бас аспазшы Джейми

Оливердің қатысуымен тауық наггетсін

дайындау технологиясы көрсетілген

бейнесюжетін көрсетсеңіз болсаңыз (www.

youtube.com/watch?v=S9B7im8aQjo).

Бейнесюжеттегі көрініс жиіркенішті. Әрине,

балаларға фаст-фуд тағамдарын ішіп-

жеуге үзілді-кесілді тиым салу дұрыс емес,

себебі тиым салу керісінше құмарлығын

арттырады. Баламен осы мәселе ту-

ралы әңгімелескенде, ақылсынбай,

нақты дәлелдер келтіріп, түсінікті тілмен

сөйлескен жөн!

Баланың тағами талғамын тәрбиелеу

Адамның тағами талғамы бала

кезінен қалыптасады, ал өсе келе дұрыс

қалыптаспаса, кейін оны түзету қиынға

түседі. Фаст–фуд тағамдарының жасан-

ды дәмі және иісі баланың дәмді тағами

талғамын бұрмалауы мүмкін. Табиғи

және пайдалы тағамның жұмсақ және

дәстүрлік иісі мен дәмі болатындығы

белгілі. Егер бала кішкентайынан осын-

дай тағаммен тамақтандырылып, соған

үйренсе, өсе келе бұл баланың тағами

талғамы дұрыс қалыптасатындығы сөзсіз.

Дәмді, денсаулыққа пайдалы тағамдар

дайындалған үстел басында бүкіл от-

басымен жиналып тамақтану дәстүрінің

маңызы зор, себебі бұл жас балада дұрыс

тағами талғам қалыптастырады. Пайда-

лы тағамның тартымдылығын арттыру

үшін, күнделікті тамақ ішуге дастарқан

дайындағанда әр түрлі тәсілдерді қолдану

қажет. Мәселен, ашық түсті көкіністерді

жай ғана кесіп, оған жеткілікті мөлшерде

зәйтүн майын құйып, араластрып қойса,

осының өзі көз қызығарлықтай көрініп,

салаттың тартымдылығын арттырады.

Дастарқан үстіндегі осындай әдемі көрініс

баланың көңіл – күйін көтеріп, тәбетін

күшейтеді. Жемістерді тозаңытқышта

сақтамай, әдемі ыдысқа салып, дастарқан

үстіне қойыңыз, бала қолын еріксізден со-

зып, сол жемістерді жеуге ұмтылады.

Балаларда пайдалы тағами талғам

қалыптастыру, ата-анасында, ересек туы-

старында дұрыс тамақтанудың сәби үшін

физикалық және ақыл – ой мүмкіндігін

жүзеге асыратын негізгі кепілі екеніне

орнықты сенгенде ғана тәрбиелеуге

болатындығын еске сақтау керек.

Сондықтан, табиғи, пайдалы тағамдар, ең

алдымен ата – аналар мен жанұяның ере-

сек мүшелері үшін сүйсініп ішіп-жейтін асы

болуы керек.

Автор:
Шамшидин БАЛҒЫНБЕКОВ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Салауатты тағамтану орталығы, Гаухар ДАТХАБАЕВА, Қазақ тағамтану академиясы