Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЭБОЛА ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 1,4 МЛН. АДАМҒА ДЕЙІН ӨСУІ МҮМКІН


26 сентября 2014, 05:59 | 1 467 просмотров



АСТАНА. АҚШ-тағы Індеттің ал- дын алу және бақылау орталығының (CDC). мәліметтері бойынша, 2015 жылдың қаңтар айында Эбола дертіне шалдыққандар саны 550 мыңнан 1,4 млн. адамға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлады Лента. ру. CDC мамандарының айтуынша, аталған болжам 2015 жылдың 20 қаңтарында белгілі бола бастайды. Ол Либерия мен Сьерра-Леон елдеріне қатысты. Мұндай болжам жасаудың себебін америкалық дәрігерлер Эбола індетін жұқтырғандар саны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратып отырған ақпараттан 2,5 есе көптігімен түсіндірді. Олардың топшы- лауынша, аталған көрсеткіш 20 күнде екі еселеніп отыр. Бұған дейін ДДҰ-ның 60 маманы ба- яндама жариялап, егер тез арада шұғыл әрекет етпесе, індет жұқтырғандар саны 20 мыңнан асып кететін айтқан болатын.

Автор:
ҚазАқпарат