Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КОМИТЕТТЕРДІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


29 августа 2014, 17:26 | 1 470 просмотров



Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова министрлік

аппаратының кеңесінде ұжымға комитеттердің төрағаларын таныстырды.

Сонымен, министрдің бұйрығымен Сарбасов Ақмәди Әділұлы Еңбек, әлеуметтік

қорғау және көші-қон комитетінің, Бейсен Назарбек Есіркепұлы Медициналық және

фармацевтік қызметті бақылау комитетінің, Құрманов Алмас Мұхамедкәрімұлы

Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың

Өкімімен бірінші вице-министр қызметіне Салидат Қайырбекова, жауапты хатшы

қызметіне Аида Құрманғалиева, вице-министрлер болып Дәулет Арғандықов, Светла-

на Жақыпова, Серікбол Мусинов тағайындалған болатын.

Автор:
ҚазАқпарат