29 августа 2014, 17:14 | 1 634 просмотра
Денсаулық сақтауды дамы-
ту мемлекеттік саясаттың маңызды
басымдығы болып табылады, ол са-
палы медициналық көмектің әрбір
Қазақстанның азаматына қолжетімді
болуына бағытталды. Қарағанды об-
лысында да денсаулық сақтау жүйесі
тұрақты дамып келеді. Жылдан-жылға
қаржыландыру өсіп, жұмыс істеп тұрған
емдеу мекемелері қалпына келтіріліп,
жаңалары салынуда.
Мұндай мекемеге облыстық
кардиохирургиялық орталық жатады,
ол жерде жуырда жаңа операциялық-
реанимациялық корпус ашылды. 20 та-
мызда бұл жерге Қарағанды облысының
әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келіп,
олардың қызметімен танысты.
Бірегей жобаның жалпы құны 1,8
млрд. теңге, оның ішінде 1,2 млрд.
теңгеге заманауи медициналық жабдық
сатып алынды. Жүрек-қан тамырлары
хирургиясы мен интервенциялық карди-
ология заманауи медицинада сұранысқа
ие болып, серпінді дамығандықтан
жаңа мекеме салу қажеттілігі
туындады. Қарағанды облы-
сында жүрек-қан тамырлары
патологиясымен науқастарды
хирургиялық емдеуге сұраныс
жыл сайын 11-12 мың ота жа-
сауды талап етеді. Заманауи
операциялық-реанимациялық
блокты пайдалануға енгізудің
арқасында ота санын жылына
2500-ден 5000-ға дейін ұлғайту
жоспарлануда.
Операциялық жансақтау
корпусына ота блогы, жансақтау
және қарқынды терапея
бөлімшесі, балалар кардиохирургия
блогы, ересектерге арналған жүрек-
қан тамырлары хирургиясы, өткір мио-
кард инфарктісі, клиникалық зертхана,
қабылдау бөлмесі, орталық зарарсыз-
дандыру бөлімшесі кіреді. Ота жасау
бөлімшесінің бірегейлігі таза үй-жай
мен емдеу газдарын автономдық беру
жүйесін қамтиды. Таза үй-жай жүйесіне
тазартылған ауа беру, оңтайлы тем-
пература мен ылғалдылықты қолдау,
бактерияға қарсы жамылғы кіреді,
бұл хирургиялық араласу аймағында
мұнтаздай тазалыққа қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
- Жаңа ота-жансақтау корпусын
пайдалануға енгізу денсаулық сақтаудың
әлеуметтік маңызды бағыттарын дамыту
бойынша Мемлекет басшысы берген тап-
сырманы нақты іске асыру болып табы-
лады, оған кардиохирургия да жатады,
- деп атап өтті мекемені қарап шыққан Н.
Әбдібеков.