Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЙТАР АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!


29 августа 2014, 17:01 | 1 502 просмотра


Көне көз қариялар От пен Су тілсіз жау

деп айтып отыратын. Сол тілсіз жау деген

отқа қалай тап болғаным жайлы айтайын. Осы

жылдың Маусым айының 20-күні түскі тамақ

дайындаудың қамына кірістім. Қазанның

астына тезек және ұсақ отындарды салып,

сіріңке шағып тұтатып едім, жөнді жанбай

бықсып тұрып алды. Содан гаражға кіріп,

конестрдан азырақ солярка әкеп, бықсып

жанбай тұрған отынның үстіне шашып кеп

жібердім. Оның солярка емес бензин екенін

қайдан білейін. Лап етіп жанған от үстімдегі

халаттың (синтетикалық халат) етегін шар-

пып, оң қолыммен кеудеме қарай жана ба-

стады. Не істерімді білмей, Сайлақ, Сайлақ

деп күйеуімді шақырдым. Жан таппай сыртқа

қарай тұра жүгірдім. Лапылдап жанған от оң

білегім мен тақыр қолтығымды оң жақ са-

нымды шарпып кіндігімнен өрлеп, кеудеме

дейін келді. Халаттың артқы етегінен жанған

от бел омыртқама келді. Есім шығып жанған

жерлерімді екі алақаныммен өшірген боламын.

Менің отқа оранып жанталасып жатқанымды

көрген Сайлау жолдасым дереу үстімдегі ха-

латты жыртып – жыртып тастады да үстіме

«простина» жауып диванға отырғызғанын

ғана білемін. Есім ауып қалса керек. Көпке

дейін өзіме өзім келе алмадым. Жедел

жәрдем келіп шұғыл түрде алғашқы көмегін

жасаған медбике Бақытгүл Мақұлбекова

Жаркенттегі аурухананың жан сақтау бөліме

әкелді. Аурухананың жан сақтау бөлімінің

меңгерушісі Илиев Қасымжан Әбдікәрімұлы

хирургия бөлімінің меңгерушісі Хахазов За-

кир Құсаинұлы аудандық аурухананың

бас дәрігері Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы

және осы аудандық медицина саласында

30 жылдан артық бас дәрігер болған меди-

цина ғылымдарының кандидаты Мұрат Му-

хаметжановтар қабылдады. Сол күні менің

денемдегі күйікті зерттеп 55% деп тапты. Олар

ақылдаса келіп, ертесі 21 мамыр күні күндізгі

сағат 2-де тікұшақпен Алматыдағы облыстық

аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізді.

Ол жерде аурухананың жан сақтау бөлімінің

меңгерушісі Серік Ахметов Бидайбекұлы

травматология бөлімінің меңгерушісі Дидар

Қудияров, врач Нина Павловна, медбикелер

Зәуре, Мира, Гулнар тазалықшы Венералар

қабылдады. Осынау күрделі де жауапты істе

ең алдымен ауруды толық зерттеп, соған

лайықты ем жасау ғой. Серік Бидайбекұлының

басқаруындағы жан сақтау бөлімінде қызмет

жасап жүрген ақ халатты абзал жандар күн де-

мей, түн демей менің қасымда болды. Үстімдегі

күйіктен тез айығып кетуіме бар мүмкіндікті

жасады. Бір үміт, бір күдікпен келген маған

бар мейірімдерін білдіріп, жылы лебізбен

айтып, аялы алақандарымен ем-домын жа-

сап, өмірге деген үкілі үмітімді оятқан. Абзал

жандардың арқасында жаныма қатты батқан

күйіктен 35 күн дегенде өзіме – өзім келіп күн

санап жазыла бастадым. Дәрігерлердің ай-

туына қарағанда 6-айда толық жазылады

екенмін. Сонымен денемдегі күйіктен 90 пайыз

жазылды деген қорытындымен аман – есен

отбасыма оралдым. «Ауру айтып келмейді»

демекші, өзім осы салада 37-жыл медбикелік

жұмысты істеп жүріп, дәл мендей отқа оранған

адамды көрмеппін де, естімеппін. «Жақсының

жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей

жоғарыдағы аталған барлық ақ халатты аб-

зал жандардың адал еңбектері артып, абырой

биігіне көтеріліп, елі мен жұртына сыйлы бо-

лып, дендерінің сау, отбасыларының аман бо-

луына тілектеспін. Және өзімнің сүйіп оқитын

газетім «Жәрдем» арқылы шын жүрегімнен

аналық рахметімді айтып, шексіз алғысымды

білдіремін.

Автор:
Ғалия ШОРҒАНОВА, Көктал ауылының зейнеткері Панфилов ауданы