22 августа 2014, 11:37 | 2 326 просмотров
Әулие, емші – Құлжабай болған есі,
Атақ, даңқ, байлыққа үңілместен,
Атанып Күреңбелдің әулиесі,
Тезек төре тұсында ғұмыр кешкен.
Ел-жұрты құрметпен қадірлеген Жетісу жерінің атпал азаматы дәрігер Ниетбаев Оспанғали осы атақты емші Құлжабай әулиенің төртінші ұрпағы. Бабадан жетіп, бойға біткен мол қайрат пен ақыл-ой өмірдің тарам-та¬рам жолдары мен биік-биік асулары¬нан адастырмай, сүріндірмей сүйеп келеді.Жаратушының жарлығымен жалған дүниенің есігін ашып, өмірге келген бала Оспанғалидың қызығы мен қылығы мол балалық шағы Сарыөзек ауылында өтті.Алғаш рет анасы жетектеп алып барған мектептің табалдырығын аттап, тамамдаған соң, Талдықорған мал-дәрігерлік техни¬кумына оқуға түсіп, оны 1969 жылы ойдағыдай бітірді. Осы жылы бүкіл ауыл болып, өлеңдетіп- жырлатып кеңес әскерінің қатарына шығарып салды.
Бала кезден армандаған дәрігер мамандығын игеру мақсатымен 1971 жылы әскер қатарынан босасымен, Алматы мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, оны 1978 жылы үздік бітіріп шықты. Студенттік өмірді артқа тастап, жол¬дамамен Жезқазғанға жетіп, бес жыл қатарынан Жезқазған облыстық тері- венерологиялық диспансерінде ауру¬хана меңгерушісі болып қызмет етті. Ғасырлар бойы талай-талай тарихи оқиғалардың куәгері болған қасиетті Ұлытау жерінің жұртшылығының алғысына бөленген жас дәрігер туған елге қайту мүмкіншілігін қалт жібермей, Талдықорған облыстық тері-венерологиялық диспансеріне емхана меңгерушісі болып ауысып, осы қызметте 2007 жылға дейін аямай тер төкті.Өршіл талап өлмес мүлде, ауыр еңбек кетпес құр – демекші, 2007 жылдан бастап осы мекеменің бас дәрігері болып тағайындалды. Өзіне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті асқан абыроймен атқара білді. Жоғарғы дәрежелі дәрігер, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатта¬лып, өз ісінің үздігі ретінде өзін-өзі көрсете білді. Осы уақыт ішінде халық денсаулығын сақтау ісінің тәжірибелі, іскер ұйымдастырушысы ретінде та¬нылып, ел құрметіне бөленіп келеді. Ерен еңбегінің арқасында талай науқас ауруынан айықты.Оспанғали Баймолдаұлы өзі басқарып отырған мекемеде өте сыйлы, сауатты, жауап¬ты және басқа мекемелер арасында да беделді азамат.
Оспанғали Баймолдаұлы Ниетбаев өнегелі отбасының ұйтқысы, берекелі шаңырақ иесі, адал жар, ардақты әке. Жары Райгүл Балтабекқызы Ни¬етбаева Алматы облыстық қаржы департаментінде қызмет етеді.
Оспанғали жары екеуі бірлесіп өмірге әкелген , өсіріп - өндірген төрт ұл бір қыздары бар. Ұлдарының үлкені Қаныш техника ғылымының кандидаты, екінші ұлы Қуаныш Алма¬ты облыстық казтелекомда инженер қызметін атқарады.Үшінші ұлы Мейрам жоғары білімді маман иесі, Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында шахтаның бас инженері, кіші ұлы Бейбіт Қазақстан Ұлттық Аль-Фараби атындағы университетін бітіріп, қызметте. Кенже қызы Мадина Назар¬баев атындағы зияткерлік мектепті үздік бітіріп, Астана қаласында жоғарғы оқу орнында оқиды.
Осындай аздаған атақ-даңқы бар, азды-көпті еңбегімен елге танылған «Алматы облысының десаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорған тері-венерологиялық диспансері» мемлекеттік комунальдық кәсіпорынның директоры Ниетбаев Оспанғали Баймолдаұлын әңгімеге тартқан едік.
- Оспанғали Баймолдаұлы, өзіңіз басқарып отырған аурухана жай¬ында айтып берсеңіз.
- Қаланың Ақын Сара мен Қаблиса жырау көшелерінің қиылысында орналасқан екі қабат емханамыз бен облыстық аурухана жанында 80 төсектік ауруханамыз бар. Облыс көлемінде сегіз аудандық тері-венерологиялық кабинет¬тер жұмыс істейді.
- Біздің басты мақсатымыз түрлі тері аурулары (қотыр,дермотомикоз, псо¬риаз) мен жыныстық қатынастар арқылы жұғатын жұқпалы ауруларды (мерез, хла¬мида, соз т.б.) емдеу және соларға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу арқылы таралу жолдарын жою.
-Қандай ауру түрлері жиі қайталанады?
-Соңғы кезде, әсіресе биыл адамның денсаулығына өте қауіпті соз(гонорея) ауруы мен мерез(сифлис) өршіп тұр, қауіпті деуіміздің себебі бұл аурулар¬ды дер кезінде толық емдемесе адам денсаулығына елеулі нұқсан келтіреді. Ер адамдар осы аурулар зардабы¬нан ұрпақсыз қалумен қатар түрлі аденомалық ісік ауруларына ұшырайды. Сондықтан газет бетін пайдалана оты¬рып, әсіресе жастар жағына басып айта¬рым, түрлі ішімдіктер арқылы болатын жабайы жыныстық қатынастардан аулақ болу керек. Ауырып қалу оп-оңай, ал ем¬делу үшін көп уақыт керек, қаражатын есептемегенде.
- Неліктен дәрігер мамандығын таңдадыңыз,өкінген кездеріңіз болды ма?
- Ес білген кезімнен бастап дәрігер болуды армандадым, сол арманның жетегімен Алматы мемлекеттік медин¬ститутына оқуға түстім.Мен сияқты қазақ мектебін бітірген ауыл түлектеріне оқу оңайға түскен жоқ, кейбір студенттер басқа оқу орнына ауысып, не болма¬са мүлде оқуды тастап кеткендері де аз емес.Менің де әртүрлі ойға батқан кездерім болды, бірақ бүкіл ішкі жан- дүниемді жаулап алған бір сезім басқа мамандықтарға апаратын жолдың бәрін жапты. Түсіндім. Басқа мамандықтың менің тағдырыма жазылмағанын. Көндім. Көнгенім сол емес пе, Жезқазғанда жүргенімде сол жердегі шахталарда істеп жүрген жолдас жігіттер айына 600 со¬мнан 1000 сомға дейін табыс табасың, кел дегенде ойландым, толқыдым бірақ өз мамандығыма деген асау сезім басым түсті. Дәрігер болғаныма ешқашан өкінген емеспін, өкінбеймін де, себебі адамдарды емдеп, аурудан айықтырып, солардың қуанышын көру бақыт емес пе.
- Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуып, дәрігер болу¬ды қалағандар бар ма?
- Жоқ (күледі) мүмкін немере – шөберелерден біреулер шықпаса, әзірге жоқ десе де болады. Бүкіл дәрігерлік ғұмырымда менің көзім жеткен бір нәрсе, адамда аздаған дарын болмаса жақсы дәрігер болу өте қиын, сондықтан дәрігерлік мамандықты таңдау үшін көп ойлану қажет, қолымнан келе ме, келмей ме деген сияқты.
- Дәрігер ретінде қалыптасу кезеңінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
- Әр мамандықтың алғашқы қалыптасу кезеңінде өзіне тән қиындықтары болады емес пе, мен де со¬ларды айналып өте алмадым. Мысалы , кейбір науқастарға, әсіресе аллергиядан болатын тері ауруларына дер кезінде дұрыс диагноз қою қиындықтары бол¬ды. Сол кезеңде ауруханамыздың бас дәрігері Кузнецова Людмила Ивановна өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, ақыл – кеңесін аямай, дәрігерлік мамандықтың қыры мен сырына үйретті.
- Емдеу және зерттеу құрал – жабдықтары жеткілікті ме?
- Негізгі құрал – жабдықтар баршылық, әзірге бізге керек болып тұрғаны уретрископ және диотермокагу¬лятор сияқты аппараттар.
- Бүгінгі дәрігердің бет-бейнесі қандай болу керек?
- Адамсүйгіштік қасиетпен қоса білім мен біліктілік дәрігердің тұлабойында болмаса қанаты жоқ құс сияқты алысқа ұша алмайды.
-Кеңес дәуіріндегі медициналық қызмет көрсету деңгейі бүгінгі күнмен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыз?
- Әрине, құрал-жабдықтар мен қолжетімді дәрі-дәрмек жағынан алып қарасақ қазіргі медицина көш ілгері деп айтуға болады, ал бұрынғы медици¬на мамандарының білім деңгейі салы¬стырма жөнінде алып қарасақ, қазіргіге қарағанда, өте жоғары –деп кесіп айтуға болады.
- Жігіт, одан жігіт ағасы енді міне ел ағасы болдыңыз, еліңізге айтарыңыз бар ма?
- Бірінші байлық денсаулық – деген сөзді қазақ атам бекер айтпаған, елімнің дені сау болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ауызбірлікпен биіктен-биікке көтеріле берейік. Жарату¬шы ием баршамызды қолдасын!
Әңгімеңізге рахмет.