Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

РАМАЗАН АЙЫ МҮБӘРӘК БОЛСЫН!


27 июня 2014, 06:27 | 2 710 просмотров



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

жоғарғы мүфтий Ержан қажы Малғажыұлы республика

мұсылмандарын биыл 28-маусымға қараған түні басталатын

Рамазан айының келуімен құттықтады.

"Қасиетті Ораза жақындап қалды. Бұл ай халқымызды бірлік пен

келісімге шақырады. Ораза айында адамдардың күнәлары кешіріледі.

Бұл айда игілікті істерді екі есе артық істейміз. Биыл Ораза 28-

маусымда басталмақ. Яғни, 27-маусымда түнде бүкіл мешіттерде

Тарауық намазы оқылады",

деді ол Алматыда сейсенбіде

баспасөз мәслихатында.

Ол бұл айда игілікті шаруалар

атқарып, азық-түлікке бағаны

өсірмеуді, асханаларда ауыз

аштырып, ауыз бекітушілерге

түсіністікпен қарауды өтінді.

Ораза 30 күнге созылады.

Сосын 28-шілде күні Ораза

айт басталады. 24-шілдеге

қараған түні Қасиетті Қадыр

түні басталады. "Биыл бүкіл

Қазақстан бойынша пітір

садақа 200 теңге. Халыққа

қиын тимес үшін осы бағаны

белгіледік. Бұрын ол баға елдің

әр аумағы үшін әркелкі болатын.

Оған біраз азаматтар реніш

білдірді, неге оңтүстікте оның

бағасы төмен, солтүстікте

жоғары, деген сөздер болды.

Сол себепті бағаны біркелкі

жасадық", деді ол.

Автор:
ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН