Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 28 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ


27 июня 2014, 06:27 | 2 790 просмотров



«Еңбекақы төлеудің жаңа моделі

енгізілгеннен кейін, 2015 жылдан ба-

стап жалақыны 28 пайызға арттыру жо-

спарланып отыр»,-деді министр. Оның

сөзіне қарағанда, бүгінде көрсетілген

медициналық қызмет үшін төлем емдеу

сапасының нәтижесі бойынша жүзеге

асырылады.

«Бұл өз кезегінде ресур-

старды тиімді пайдалануды

ынталандырады және дәрігер

емделушіден ақша алмас

үшін, дифференцияланған

еңбекақы төлеуді енгізуге

мүмкіндік береді. Дәрігерде

бәсекеге қабілетті жалақы бо-

луы тиіс екенін біз баршамыз

түсініп отырмыз»,-деді ол.

С. Қайырбекованың

мәліметіне қарағанда, еліміз

бойынша дәрігерлердің ор-

таша жалақысы 114 мың

теңге. Орташа деңгейдегі медициналық

қызметкерлердің айлығы 80 мың

теңгеден асады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Са-

лидат Қайырбекова тегін медициналық

көмектің кепілді көлемі аясында

дәрігерлерді емделушілердің құқығы

жайында ақпараттандыру шараларына

міндеттемек. Министр әр дәрігер өзінің

кабинетінде емделушілердің құқығы

жайында ақпараттық парақшаларды

ұстап, науқастарды қабылдау кезінде

оны таратуы керектігін жеткізді.

«Ем қабылдаушы бірінші кезекте

өзінің құқығы жайында барынша білуі

тиіс. Атап айтқанда, азаматтар тегін

медициналық көмектің кепілді көлемі

аясында өзіне ұсынылатын қызметтерді

толық білуі қажет»,-деді ведомство бас-

шысы.

С. Қайырбекованың сөзіне қарағанда,

министрлік өткен жылы халықты

құлақтандыру бойынша ауқымды

жұмыстар жүргізді. Осы бағытта БАҚ-

тарда 300-ден астам ақпараттық мате-

риалдар жарияланып, 800 брифинг пен

дөңгелек үстелдер өткізілген.

Автор:
ҚР ДСМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ