Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ІС-ШАРА БЕКІТІЛІП, ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ


27 июня 2014, 06:26 | 1 119 просмотров


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сыбай-

лас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді

жоюға бағытталған жүйелі іс-шаралар

жүргізуде. Әкімшілік іс-шараларды іске

асыру, қорытындылар, сертификаттар

және өзге де рұқсаттама құжаттарын беру,

дәрілік құралдарды және медициналық

қондырғыларды сатып алу, денсаулық сақтау

нысандарын салу, пациенттермен өзара

байланыс барысында туындауы мүмкін

тәуекелдерді жою үшін негізгі бағыттар бойын-

ша жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тиімділігін

арттыруға баса көңіл бөлінеді.

Сыйбайлас жемқорлық құқық

бұзушылықтардың алдын алуда коллегиялық

органдар ерекше рөл атқарады, оның ішінде

ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау

мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі,

Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі

қоғамдық кеңес, ҚР Денсаулық сақтау

министрлігінің алқа мәжілісі, Экономикалық

және сарапшылар кеңесі, сыйбайлас

жемқорлыққа қарсы комиссия және жеке-

ленген бағыттар бойынша құрылған жұмыс

топтары. Тұрақты жұмыс істейтін мұндай ко-

миссиялар келешекте ведомствоға қарасты

барлық ұйымдарды да құрылатын бола-

ды. Коллегиялық органдар отырыстарында

денсаулық сақтау саласын қаржыландыру,

тарифтік саясат, құқық бұзушылықтар мен

жемқорлықтың алдын алу, стратегиялық

және бағдарламалалық құжаттарды іске асы-

ру қорытындылары, сондай-ақ нормативтік

құқықтық құжаттар қарастыралады.

Сыйбалас жемқорлыққа қарсы орта

қалыптастыру үшін барлық ықтимал тәуекел

аймақтары анықталды. Орталық аппарат-

та және ведомствоға қарасты ұйымдарда

жемқорлықтың алдын алу мақсатында

заңнамамен қарастырылған барлық қажетті

ұйымдастыру шаралар қабылданды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі

енгізіле басталғалы стационарлар деңгейінде

бірегей тарифтік са-

ясат іске асырылды.

2010 жылдан емде-

уге жатқызу порта-

лы іске қосылды. Бұл

портал арқылы тіркеу

науқастың стационарға

жату үшін дәрігерлермен

алдын ала келіссөздер

жүргізуінің алдын ала-

ды. Кезек автоматты

түрде белгіленеді, оны

өзгерту мүмкін емес.

Әрбір емделуші өз

кезегін ғаламтор арқылы

бақылап отыра алады.

Осылайша денсаулық

сақтау жүйесінде

үрдістердің ашықтығы қамтамасыз етілді. Хат-

тамалар мен стандартардың арқасында әрбір

емделген жағдайдың құны қанша екені белгілі.

Науқас ауруханадан шығу қағазына өзінің

еміне қанша ақша кеткенін көріп, қол қояды.

Дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде

ашықтықтықты іске асыру мақсатында

республиканың барлық өңірлерінде

автоматтандырылған Дәрімен қамтамасыз

етудің ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол

дәрігерлердің рецеп жазуын, әрбір науқастың

белгіленген дәріні алуын нақты бақылап

отыруға мүмкіндік береді. Өтініштердің

көпшілігі сол жерде қарастырылып, шешімін

табады.

2013 жылдан бастап ҚР Денсаулық

сақтау министрі «Нұр Отан» партиясының

орталық аппараты қоғамдық қабылдауында

азаматтарды жеке мәселелері бойынша

қабылдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда

тексерулер жүргізіледі. 2011 жылдан бастап

ведомствоның жетекшілер құрамын алма-

стырып отыру тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі

күнге дейін 33 қызметкер орнын ауыстырды,

оның ішінде 18-і медициналық қызметке ақы

төлеу комитеті, 15 қызметкер медициналық

және фармацевтикалық қызметті бақылау

комитетіне қарасты.

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін

біліктілік санаттарын беру тетігі өзгертілді.

Әңгімелесудің орнына халықаралық

тәжірибеге сай біліктіліктері тексеріледі.

Сонымен қатар, Министрлік қызметтер

көрсетуді оңтайландыру және автоматтан-

дыру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда 25

мемлекеттік қызметтің 18-і автоматтанды-

рылды. Медициналық техниканы жоспарлау

және сатып алудың жаңа жүйесі енгізілді.

Нәтижесінде бүгінде сатып алу шараларының

ашықтығы, жоспарлау сапасы артты.

Министрлік, денсаулық сақтау ұйымдары,

жергілікті арқарушы органдар, «Қазмедтех»

АҚ, «СҚ-Фармация» ЖШС арасында жоспар-

лау, әзірлеу, ұйымдастыру және сатып алу

ісінде міндеттер бөлініп, айқындалды.

Делдалдарсыз бәсекелестік ортаны

қалыптастыру мақсатында дәрілік құралдарды

өндірушілермен тікелей келісім-шарттар жа-

сау жүйесі енгізілді. Медициналық техника-

ларды мемлекеттік тіркеу оңайлатылды. Енді

бұл шара бұрынғыдай 120 күн емес, небәрі

5 күнді алады. Аталған шара медициналық

қондырғылар нарығын ырықтандырып,

жеткізушілер арасында бәсекелестік орта да-

муда.

Фармацевтикалық нарықта

алыпсатарлыққа жол бермеу үшін Министрлік

дәрілік құралдардың бағасын қалыптастыруда

сараптамалық шараларды күшейтті. Кепілдік

берілген көмек көлемі шеңберінде дәрілік

құралдардың бағасын қалыптастыру

тәртібі анықталды. GMP стандартарына

сай өндірілген дәрілік құралдарды тіркеудің

нормасы қабылданды. Дәрілік құралдарды

сараптау ұлттық орталығында «бір тере-

зе» қағидасы енгізілді. Онда әрбір адам

ұсынылған дәрілік құралды тіркеу барысын,

мерзімі мен кезеңдерін электрондық тәртіпте

қарап отырады. Құны қымбат дәрілерді сатып

алуды жоспарлау науқастардың электрондық

тіркелімі негізінде жүргізіледі. Министрлік

дәрілік құралдарды бірегей дистрибютор

арқылы сатып алу үшін дәрілік құралдар

тізімін қалыптастыру саласында заңнаманың

сақталу барысына тексеріс өткізу жөнінде ҚР

Бас прокуратурасына ұсыныс жасады.

ҚР Өңірлік даму министрлігімен бірлесе

отырып, денсаулық сақтау нысандары

құрылысы ай сайын мониторингіленіп оты-

рады, сондай-ақ, жарты жыл сайын ҚР

Үкіметіне құрылысты іске асыру барысы

жөнінде толық ақпарат ұсынылып отыра-

ды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

бағытында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

қабылдаған іс-шаралар өз нәтижесін бере

бастағанын айта кету керек. Айталық, ҚР

Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнаулы есеп жөніндегі комитетінің

мәліметінше, 2012-2013 жылдары әкімшілік

жауапкершілікке тартылған денсаулық сақтау

жүйесі қызметкерлерінің саны 50%, тәртіптік

жауапкершілікке тартылғандар саны 48%,

қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар

саны 17% азайды. Сыбайлас жемқорлықтың

алдын алу мәселелері ҚР Денсаулық сақтау

министрлігінің ерекше бақылауында тұр, ал

қабылданған іс-шаралар жүйедегі сыбайлас

жемқорлық фактілерін жоюда оң нәтижелерге

қол жеткізуі тиіс.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.