Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КІМ АЙТТЫ САҒАН, ДӘРІГЕР «ЖЕМЕЙДІ» ДЕП?


27 июня 2014, 06:22 | 3 180 просмотров



Біздің түсінігімізде, дәрігерлер бүгінге

дейін адам жанына араша түсіп күресіп кел-

се, ендігіде сол ақ халаттылардың өзімен

күресуге тура келіп тұр. Өйткені жыл өткен

сайын денсаулық саласындағы жемқорлық

белең алып барады.

Айталық, 2012 жылы сыбайластыққа

шырмалып, сеніп тапсырған мемлекет

мүлкін талан-таражға ұшыратқан медицина

қызметкерлеріне қатысты 56 іс қозғалса, 2013

жылы ол 94-ке дейін өсіп кеткен. Ал биылғы бес

айдың өзінде қаржы полициясы 15 қылмыстық

іс ашып отыр. Соңғы жылдары халық орта-

сында да саладағы салғырттыққа байла-

нысты наразылық көбейгендіктен, «Нұр Отан»

партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес кеше Аста-

нада өзекті тақырыпты арнайы талқылады.

Кеңестің зерттеу тобы талдап шыққан де-

ректерге қарағанда, денсаулық сақтау сала-

сына қазынадан жұмсалып жатқан қаржы ора-

сан. Салыстырмалы түрде айтсақ,

2013 жылы

828 млрд теңгеден астам қаржы бөлінсе,

үстіміздегі жылы ақ халаттылардың

қоржыны

839 млрд теңгеге жеткен. Салынып жатқан

ауруханалар мен емханалар да өз алдына бір

төбе, дәрі-дәрмек мәселесі тіптен бөлек. Негізі,

базбір

замандардағы ақша жетіспеушілігі де-

ген қиындықтан біржолата арылып келеді.

Соған қарамастан, жемқорлық деректерінің

күрт белең алуын қалай түсіндіруге болады?

Науқастардың наразылығы демекші,

Денсаулық сақтау министрлігінің сенім теле-

фонына өткен жылы 205 рет қоңырау ша-

лынып, 3 227 шағым хат түсіпті. Сол сияқты

емдеу мен дәрігерлердің парақорлығына

қатысты «Нұр Отанға» шағымданушылар

2012 жылы – 1415 болса, 2013 жылы 3279-

ға дейін көбейген. Ал прокуратура орган-

дарына арызын арқалап шұбырғандардың

қарасы бұлардан он есе жоғары. Проку-

рорлар 37 844 азаматтың емделуге орай

бұзылған құқығын қайта қалпына келтіруге

жәрдемдескен. Биылғы бес айда құзырлы ор-

ган қызметкерлері денсаулық сақтау саласын-

да 7156 заң бұзушылықты анықтап, 1347 жау-

апты тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Сонда

осыншама жұртты шулататындай дәрігерлерге

не көрінді?

Анықталған деректерге тоқталайық:

жемқорлық фактілері қатты белең алған

Солтүстік Қазақстан облысында тиісті ве-

домство басшылығы оған қарсы күресуді

назарға да алмай келіпті. Мәселен,

сыбай-

лас жемқорлықтың алдын алуға байланысты

түзілген бағдарламаны өте сапасыз жасап, әрі

2011 жылғы нұсқасын

сол қалпында көшіріп

қоя салған. Биыл он шара ұйымдастырғанымен,

оның бірде-біреуі сыбайластықты

тоқтатуға арналмаған. Мұндай деректерді

Атырау, Ақмола, Жамбыл облыстарынан мо-

лынан кездестіресіз.

Саланы тексеріп, статистикалық мәліметтерді

зерделеген кеңес мүшелерінің сы-

нынан кейін Денсаулық сақтау министрі

Сали-

дат Қайырбекова өздерінің атқарып отырған

жұмыстарын жеткізіп, қолға алған әрекеттерін

тізіп шықты. Министрдің мәлімдеуінше,

әкімшілік іс-шараларды іске асыру, сертифи-

каттар және өзге де рұқсаттама құжаттарын

беру, дәрі-дәрмектерді және медициналық

қондырғыларды сатып алу, денсаулық сақтау

нысандарын салу, пациенттермен өзара

байланыс барысында туындауы мүмкін

тәуекелдерді жою үшін негізгі бағыттар бойын-

ша жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тиімділігін

арттыруға баса көңіл бөлінуде екен. Сондай-

ақ 2015 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары

бекітіліп,

сыбайлас жемқорлықпен күрес

жөніндегі штаб құрылған.

Бас дәрігердің баяндауына сенсек, 2010

жылы емдеуге жатқызу порталы іске қосылғалы

бері науқастың стационарға жату үшін

дәрігерлермен алдын ала келіссөздер

жүргізуі

азайған. Кезек автоматты

түрде белгіленеді,

оны өзгерту мүмкін емес. Әрбір

емделуші өз кезегін ғаламтор

арқылы бақылап отыра алады.

Осылайша денсаулық сақтау

жүйесінде үрдістердің ашықтығы

қамтамасыз етілді. Науқас ауруха-

надан шығу қағазына өзінің еміне

қанша ақша кеткенін көріп, қол

қояды. Дәрімен қамтамасыз ету

жүйесінде ашықтықты іске асы-

ру мақсатында республиканың

барлық өңірлерінде

автоматтандырылған Дәрімен

қамтамасыз ету ақпараттық

жүйесі енгізілді. Ол дәрігерлердің

рецепті жазуын, әрбір науқастың

белгіленген дәріні алуын нақты

бақылап отыруға мүмкіндік береді. Өтініштердің

көпшілігі сол жерде қарастырылып,

шешімін табады.

Әрине, күрделі әлеуметтік саладағы

жылдармен жалғасқан түйткіл бір жиыннан

кейін тарқамайтындығы анық. «Нұр Отан»

партиясының Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес

төрағасы Қайырбек Сүлейменов те мұны

ерекше қадап айтып, ведомстводағы сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы күресті әлі де ши-

рату қажеттілігіне тоқталды. Ал анықталған

деректерді құзырлы органдардың қарауына

ұсынып, өзге де жайттарды үкіметтік деңгейде

талқылауға ұсынатындықтарын жеткізді.

Демек, Денсаулық сақтау министрлігінің

өзі сыбайластыққа қарсы арнайы штаб

құрып, күресті күрт күшейткеніне қарағанда,

қызметкерлерінің құлқыны жылдан-жылға

тым ашылып кеткенін іштей сезсе керек.

Енді адам жанының арашашысы

санала-

тын ақ халаттылар да ақшаға құнықса, бетін

қалай қайтарамыз? Әлде Гиппократтың

антын қабылдаған сәтте жемқорлыққа

жоламайтындығы жөніндегі арнайы уәдесін де

аламыз ба? Әй, бірақ сөзге сенетін заманның

қалғаны қашан...

Автор:
Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ . «АЙҚЫН». Астана