Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҚПАРАТТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ МІНДЕТТЕЛМЕК


27 июня 2014, 06:20 | 1 682 просмотра


ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова

тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясын-

да дәрігерлерді емделушілердің құқығы жайында

ақпараттандыру шараларына міндеттемек.

Бұл туралы министр «Нұр Отан» партиясы жанындағы

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық

қоғамдық кеңестің отырысында айтты. Отырыс барысын-

да баяндама жасаған министр әр дәрігер өзінің кабинетінде

емделушілердің құқығы жайында ақпараттық парақшаларды

ұстап, науқастарды қабылдау кезінде оны таратуы керектігін

жеткізді.

«Ем қабылдаушы бірінші кезекте өзінің құқығы жайында ба-

рынша білуі тиіс. Атап айтқанда, азаматтар тегін медициналық

көмектің кепілді көлемі аясында өзіне ұсынылатын қызметтерді

толық білуі қажет»,-деді ведомство басшысы.

Автор:
ҚазАқпарат