Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨЗАРА НАҚТЫ ҮЙЛЕСКЕН ӘРЕКЕТІ АРҚАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ


27 июня 2014, 06:20 | 1 264 просмотра



Қайтыс болған науқастың жүрегі,

бүйрегі, бауыры және ұйқы безі 4

адамның өмірін құтқарды.

2014 жылғы 30 мамырда Солтүстік

Қазақстан облыстық ауруханасы-

на жағдайы аса мүшкіл, басынан

ауыр жарақат алған 40 жасар науқас

жеткізілген. Аурухана дәрігерлері

науқастың өмірін сақтап қалу үшін қолдан

келгеннің бәрін жасағанымен, 10 маусым-

да миы өлген. Туыстары марқұмның ішкі

ағзаларын транплантациялауға рұқсат

берген соң реактивті ұшақпен 3 клини-

кадан транплантация бригадасы келіп

жетті. Марқұмның жүрегі, екі бүйрегі, ба-

уыры және ұйқы безі алынды.

Осы уақытта Астананың үш клиника-

сына ағзаларын транпланттауға мұқтаж

үш науқас жатқызылып, дайындық ша-

ралары жүргізілді. Ағзалар Астанаға

жеткізіліп, бүйрегі 2 науқасқа, жүрегі 1

адамға және бауыры 1 науқасқа сәтті

салынды. Ол науқастардың барлығы

бірнеше мәрте стационарларда қолдау

емін алған, өйткені өмірлерін құтқарудың

жалғыз мүмкіндігі ағзаларын алмастыру

болған.

Жүрек транплантациясын Ұлттық

ғылыми кардиохирургиялық орталықта

атақты кархиохирург, Қазақстанның

Еңбек Ері Ю.Пя жасады.

2 науқасқа бауыр мен бүйректі

алмастыру отасын Ұлттық ғылыми

медициналық орталықта 11 маусымда

профессор Ж.Досқалиев атқарды.

Екінші бүйректі сол күні

Республикалық жедел медициналық

жәрдем ғылыми орталығында белгілі

транплантолог Ғ.Құттымұратов тран-

плантациялады.

Мәйіт донордан ағзаларды сәтті

транпланттау шарасы Республикалық транплантология бойынша үйлестіру орталығы,

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы, Астананың жетекші клиникалары, Төтенше

жағдайлар және Ішкі істер министрліктерінің өзара нақты үйлескен әрекеті арқасында

іске асырылды.

Айта кететін жайт, 2014 жылғы ақпан айынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

еліміздің 9 облыс орталығында Республикалық транплантология бойынша үйлестіру

орталығының өкілдіктерін ашты.

Өңірлік және стационарлық мамандар Қазақстанда транплантация саласын

үйлестіру бойынша оқыту тренингтерін өткізді. Өңірлік орталықтар қазіргі уақытта

әлеуетті донорлардан ағзаларын алуға бағытталған әзірлік жұмыстарын бастап кетті

Автор:
ҚР ДСМ Баспасөз қызметі