Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарапшылар: Қазақстанда пневмококк жұқпасына қарсы екпе егу нәрестелердің өлімін 20%-ға төмендетеді


27 июня 2014, 06:18 | 1 349 просмотров



Отандық эпидемиолог дәрігерлер

Қазақстанда пневмококк инфек-

циясына қарсы иммундау ұлттық

бағдарламасының арқасында

сәбилердің өлімін 20 пайызға төмендету

жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп

жатқан халықаралық конференция ба-

рысында ҚР Тұтынушылар құқықтарын

қорғау агенттігі санитариялық-

эпидемиологиялық сараптама және

мониторингтеу ғылыми-тәжірибелік

орталығының эпидмониторингтеу

бөлімінің басшысы Айнагүл Қуатбаева

айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан пневмо-

кокк инфекциясына қарсы жоспарлы вак-

цинациялау енгізілген соңғы жылдарда

оң нәтижелерге қол жеткізді.

«Шығыс Қазақстан және

Маңғыстау облыстарында бала-

лар арасында 2010-2012 жылдары

сырқаттанушылыққа жүргізілген салы-

стырмалы талдау (вакцинация 2010

жылы басталды) пневмония сәйкесінше

46% және 49,6%, жіті ортаңғы отитпен

сырқаттанушылық 21,3% және 2,1%,

пневмониядан болатын өлім-жітім 15,5%

және 57,1% төмендегенін көрсетті», -

деді А.Қуатбаева.

Конференцияға қатысқан Қазақстан,

Ресей, Германия және Венгрия сарап-

шылары өз елдеріндегі тәжірибелерімен

бөлісіп, вакцина егумен басқарылатын

эпидемиологиялық жағдайды, ҚР

және Еуропа аймағындағы елдерде

мақұлданған заманауи вакциналардың

қолданылу әдісін және оның сипатта-

масын, Қазақстан Республикасындағы

иммундау саласының жетістіктерін,

оның ішінде пневмококк және папило-

мовирус инфекциясының алдын алу

бағдарламасын талқылады.

Шара 2011-2015 жылы Қазақстан

Республикасының «Саламатты

Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту

бағдарламасы және «Қазақстан Респу-

бликасында онкологиялық көмекті да-

мытуды 2012-2016 жылдарға арналған

бағдарламасы» шеңберінде өтті.

Майнце қаласында (Германия) Ио-

ганн Гутенберг атындағы университеттің

педиатрия департаментінің профессоры

Джо Шмидт пневмококк инфекциясы-

на қарсы вакцинациялау тек екі жасқа

дейінгі балаларға ғана емес, ересектер-

ге, әсіресе, жиі сырқаттанатын және егде

адамдарға қажет, керек десеңіз міндетті

деп есептейді.

«Пневмококк инфекциясы кез келген

жастағы адамдарға жұғады, әсіресе, со-

зылмалы науқастармен ауыратын адам-

дар үшін қауіпті. Балаларды жаппай

жоспарлы вакцинациялау жағдайында

ересектердің пневмококк инфекциясын

жұқтыру қаупі 30% дейін төмендейді,

алайда адамдардың өзінше жеке

қорғануы одан да жақсы. Вакцинация тек

балалар ғана емес, ересек тұрғындар

үшін де сырқаттанушылықтың төмендеуі

және ауада қоздырушылардың болма-

уы себебінен тиімді», - деп өз пікірімен

бөлісті Джо Шмидт.

2011 жылдың қорытындысы бойын-

ша Қазақстан Республикасында жатыр

мойыны обырымен ауыратын 9965 әйел

есепте тұрды. Жыл сайын осы ауыр

дертке шамамен 1500 әйел шалдығады.

Онкологиялық аурулардан қайтыс

болған әйелдердің арасында жатыр мой-

ыны қатерлі ісігі екінші орын алады.

«Күн сайын Қазақстанда жатыр мой-

ыны обырынан екі әйел қайтыс болады.

Адамдардағы папиллома жұқпасына

(АПЖ) қарсы егу - бұл жатыр мойыны

обырының алдын алу үшін қажетті шара,

осы сырқаттың туындауын төмендетуге

мүмкін береді», - дейді Қазақ онкология

және радиология ҒЗИ онкогинекология

бөлімінің меңгерушісі Мұрат Қайырбаев.

Автор:
Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ