27 июня 2014, 06:18 | 1 235 просмотров
Ғалымдар ағзадағы D дәрумені деңгейі
мен жүрек-қантамыры аурулары және қатерлі
ісіктің кей түрлері арасында байланыстың бо-
латынын анықтады.
BMJ журналындағы дерек бойынша, D
дәруменінің деңгейі қатерлі ісіктен өлу қаупін
болжауға көмектеседі екен.
Бұл тұжырым жалпы саны 26 мың адам-
нан тұратын еуропалық және америкалық
тұрғындардың 7 тобына жүргізілген зерт-
теу нәтижесінде шығарылды. Зерттеуге
қатысушылардың жасы 50-79 аралығында.
Дәрігерлер оларға 16 жыл бойы бақылау
жүргізген.
D дәруменінің деңгейін өлшеу адамның
жасына байланысты емес екенін көрсеткен.
Бірақ әйелдерде орташа есеппен еркектер-
ге қарағанда деңгейі төменірек болып келеді
екен. Сондай-ақ, D дәруменінің деңгейі дене
қозғалысы жоғары адамдарда және жоғары
білімді азаматтарда жоғарырақ, ал семіз
кісілерде төменірек болып келеді-міс.
Біз білетіндей, D дәрумені тері астында
күн нұрының қуатымен пайда болады.
16 жылда бақылаудағы 7 мыңдай адам
қайтыс болған. Қаза болғандардың көбі жүрек
қан тамырлары ауруларынан өлім құшқан
да, оған қарағанда азырағының ажалы
қатерлі ісіктен болған. Осылайша, ғалымдар
D дәруменінің төмен деңгейі мен жүрек
қан тамырлары ауруларынан келетін өлім
және қатерлі ісіктің арасында байланысты
анықтады. Қорытынды бойынша, дәрігерлер D
дәруменінің деңгейі жоғарыда айтылған дерт-
терден өлу қаупін анықтау көрсеткіші деп са-
найды. Бірақ, қатерлі ісіктің өзі D дәруменінің
деңгейін азайтуы мүмкін деген де қауіп бар.
Бұндай жағдайда зерттеу нәтижесі негізсіз бо-
лып табылады.