Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АДАМЗАТ ЕКПЕНІ ТОҚТАТСА, ЖҰҚПАЛЫ АУРУДАН ЖАППАЙ ҚЫРЫЛА БАСТАУЫ МҮМКІН


27 июня 2014, 06:17 | 1 295 просмотров



Адамзат «екпе» деген есірткіге

отырғанына 100 жылдай болды.

Енді оны тоқтатса, жұқпалы ауру-

дан жаппай қырыла бастауы мүмкін.

Екпенің маңызы мен қажеттігі тура-

лы осындай пікірді бүгін Алматыда

өткен халықаралық конференцияда

Ресейден келген профессор, медици-

на ғылымдарының докторы Сусанна

Харит білдірді.

«Осыдан 100 жыл бұрын бүкіл

адамзаттың денсаулығын қорғау үшін

екпе жасала бастады. Содан бері адам-

зат екпеге тәуелді бола бастады. Ендігі

кезекте бұл үрдісті тоқтатсақ, адамдар

жұқпалы аурулардан жаппай өле бастай-

ды. Еуропа мұны әлдеқашан дәлелдеді.

Біз кезінде жұқпалы аурудан өлуге тиіс

адамдарға өмір сыйлаған болатынбыз.

Енді олардан туған ұрпақта инфекцияға

бейім ген бар. Олар да міндетті түрде

екпе алмаса, жұқпалы ауруларға

шалдығуы мүмкін», - деді ол.

Маманның айтуынша, Қазақстан

жұқпалы аурулардың профилактика-

сы тұрғысынан Еуропаның дамыған

елдерімен қатар келеді.

Майнце қаласында (Германия) Ио-

ганн Гутенберг атындағы Университеттің

педиатрия департаментінің профессоры

Джозеф Шмидт Қазақстанның Үкіметінің

халық денсаулығын қорғауға, әсіресе

профилактикаға аса мән беретінін атап

өтті.

«Қазақстан Үкіметі халық

денсаулығын қорғауға үлкен инвестиция

бөледі. Оның басты көрінісі осы екпе.

Өйткені, ол ең маңызды, ең тиімді көмек

болып табылады», - деді профессор

Шмидт

Автор:
Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ