Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ШӨЛДІ ҚАЛАЙ БАСУ ҚАЖЕТ?


27 июня 2014, 06:15 | 1 979 просмотров



Жаздың шілде айы. Аптап ыстық. Шөлді

қалай басу қажет? Айналадағы түрлі сусыннан

көз тұнады. Қайсысын таңдаған дұрыс?

Жазда шөл басу үшін таза ауыз суы

ең дұрыс таңдау болмақ, сонымен қатар,

тәтті емес табиғи компоттар, морстар да

қолайлы. Бірақ, сусындар қатарының кең ая-

сын газдалған сусындар иемденген, олардың

жойқын жарнамасын жас сәбилер де жат-

тап алған. Жастарына тән тұлғалық даму

ерекшеліктеріне сай, көбінесе, жарнамаға

құлақ түретін балалар мен жастар. Сондықтан,

олардың газдалған сусындарды көбірек

тұтынатындығы таң қаларлық емес.

Ал, шынтуайтына келсек, газдалған тәтті

сусындардың денсаулыққа зиян келтіретіндігін

олардың құрамындағы қанттың орасан зор

мөлшерінен-ақ көруге болады: 1 стақанда

шамамен 40 гр (6 шәй қасық). Қанттың

зияндылығы - белгілі жайт, тәтті газдалған

сусынның бір үлесін ішіп, қанттың мол

мөлшерін қабылдаймыз! Қант салдарынан

болатын биохимиялық ауытқулар организмнің

физиологиялық қорының сарқылуына апара-

тын реакциялар тізбегін құрайды. Қант мол

көлемде түскен кезде ұйқыбезінің гормоны –

инсулин де мол көлемде өндіріле бастайды,

оның негізгі қызметі – қандағы глюкоза деңгейін

реттеу. Осыдан барып ұйқыбезіне жүктеме

түседі. Ал ұйқыбезіне жиі, ұзақ жүктеме түсіру

қант диабетіне, ұйқыбезінің қатерлі ісігіне ду-

шар етуі ықтимал. Қарапайым көмірсулардың

(қанттардың) мұндай мол мөлшерде түсуі

салмақты арттырып, семіздікке дейін апаруы

мүмкін, себебі, түскен глюкозаны ыдырату

жеткілікті түрде энергия бөледі, ал майлардың

жойылу үрдісі тежеледі, майлар, керісінше,

жинақтала бастайды.

Газдалған сусындарға түрлі дәм және

табиғи түс беруді хош иістендіргіштер мен

бояғыштар қамтамасыз етеді, ал олардың бау-

ыр қызметіне кері әсер етіп, түрлі аллергиялық

серпін тудыратындығы белгілі.

Сақтауыштар ретінде газдалған су-

сындар құрамында фосфор қышқылы бо-

лады (оларды кейде Е338 сандық кодымен

белгілейді). Олардың организм үшін қауіптілігі

кальцийді шаю қабілетінде, бұл остеопороз

даму қаупін едәуір арттырады. Оның үстіне,

кальцийдің шайылуы қант жойылуы үрдістері

есебінен ушығады. Осылайша, тәтті сусын-

дар остеопороздың жастар арасында тара-

луына себепші болуда, осыған байланысты

дәрігерлер дабыл қағуда.

Сонымен қатар, зерттеулер нәтижелері

бойынша газдалған тәтті сусын «нашар»

холестериннің жинақталуына ықпал етеді, бұл

қантамырларының бітелуіне апаруы ықтимал,

осыған байланысты кардиологтар мұндай

сусындарды тұтынудан аулақ болуға кеңес

береді.

Берілген ақпараттың Сізге және/немесе

Сіздің балаларыңызға пайдалы ауыз суын, ми-

нералды суды, тәтті емес табиғи компоттарды

тұтынуға көшу жолында зор ынта береді деген

үміттеміз. Шөліңізді салауатты түрде басып,

денсаулығыңыз молайсын!

Автор:
Жанар ТОЛЫСБАЕВА, Ұлттық салауатты тағамтану орталығының аға ғылыми қызметкері