Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫН АЛДЫН АЛУ


27 июня 2014, 06:07 | 4 186 просмотров


Жедел ішек инфекциялары – бұл бакте-

риялар, вирустар, қарапайымдылар туды-

ратын және балалармен ересек адамдарда

ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипат-

талатын жұқпалы ауру. Жедел ішек инфек-

циялары бұл – асқазан ішек жолдарының

зақымдалынуымен сипатталатын және ағзаның

интоксикациясымен, сусызданумен жүретін

жедел инфекциялық аурулардың үлкен тобы.

Аурудың негізгі пайызы балаларда кездеседі.

Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың

қатарына жатады. Жедел ішек инфекциялары

қазіргі уақытта өте маңызды және қауіпты бо-

лып саналады, себебі балалар инфекциялық

ауруларының ішінде, жедел респираторлы ау-

рулармен тұмаудан кейінгі екінші орынды алып

отыр, ал балалар өлімінде төртінші орын-

да. Әсіресе, 1 жасқа дейінгі балаларда өлім

көрсеткіші жоғары болып келеді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау

Ұйымының көрсеткіштері бойынша жыл сай-

ын дүниежүзінде іш өту ауруларының 5млн.-

ға жуық тіркеледі, ішек инфекцияларынан

және олардың асқынуынан 3 млн. – ға жуық

бала қайтыс болады. Жедел ішек инфекци-

ясы көбінесе күн жылығанда, жаз кезінде

кездесетін ауру болып табылады. Бұл ауруға

балалар жиі шалдығады.

2006 -2009 жылдар аралығында ҚР –

ында аурудың жылдық ауытқуы 20600 ден

23 700 жағдайларға дейін болды. Жедел ішек

инфекциясы жеке бас гигиенасын сақтамау,

көкініс пен жемісті жумай пайдалану, сынымен

қатар дұрыс пісірлмеген ет, балық кондитерлік

өнімдер және сүт өнімдерін пайдалану сал-

дарынан туындайды. Негізінен су, тағам,

тұрмыстық қатынас арқылы жұғады.

Су арқылы жұғу жолдары табиғи

жағдайлар (жаңбыр, тасқын т.б.), су құбырлар

жүйесінің апаттары немесе санитарлық

техниқалық талаптарға сәйкес болма-

уы, ауыз су сапасының органолептикалық,

бактериологгиялық нәтижелерінің өзгеруі.

Тағам арқылы жұғу жолдары, тағамды

дайындау, сақтау, тасымалдау ережесі

бұзылғанда, тағам органолептикалық тән

бактериологиялық нәтижелерінің өзгеруі.

Тұрмыстық қатынастар арқылы жұғу себебі

санитарлық тұрмыстық жағдайларының

нашарлығы. Жаз айларында балалар көп

уақытынын далада өткізеді, көкөністерді,

жемістерді жумай жейді. Ластанған қолмен

тамақтанып, жеке бас гигиенасының тазалығын

сақтамайды. Балалар мен сәбилерді

тамақтандыру кезінде жеке бас гигиенасының

сақталмауынан, дайындалған тағамды

тоңазытқыштан тыс сақтауынан тағамда түрлі

микроорганизмдердің дамуы, қайнатылмаған

суды пайдалану, сондай – ақ қосымша сүтпен

тамақтанатын балалар үшін дайындалатын

сүттің сапасыздығы ықпал етуде.Базарларда,

дүкендерде тағамның сақтау мерзіміне көп

адамдар көңіл бөлмеу нәтижесінде бұл ауруға

жиі шалдығады. Және де айта кететін жағдай,

ол арнаулы орындары жоқ саудагерлерден

сүт, қаймақ, айран ірімшік сатып алу кезінде

осы ауруға жиі шалдығу мүмкін. Денсаулық

сақтау Ұйымының жіктеуі бойынша жедел

ішек инфекциялары диареялық инфекциялар

деп аталады. Қазіргі уақытта 60-тан астам

қоздырғыштар анықталған.

Жедел ішек инфекцияларының

қоздырғыштарын екі негізгі топқа бөлуге бо-

лады:

Бактериялар – салмонелла, шигелла,

иерсиния, лептоспира, гонококк, стафилакокк,

ішек таяқшасы, клостридия, кампилобактерия.

Вирустар – ротавирус, аденовирус, астро-

вирус, капицивирус, қарапайым герпес вирусы,

цитомегаловирус, А гепатитының вирусы.

Қарапайымдар – дизентериялық амеба,

лямбля, криптоспоридия, изоспиридия.

Инфекцияның көзі – ауру адам немесе

бактерия тасымалдаушы және жануар болып

табылады.

Ішек инфекциясының жұқтырмас үшін

мына ережелерге көңіл бөліңіз :

1)Жеке бас гигенасы (қолды сабынмен

жуу)

2)Балаларға жеке-бас гигиенасын үйрету

және қадағалау

3)Көкініс пен жемістерді мұқият тазалап

жуу

Ағзаның ішек инфекцияларды

қабылдамаушылығын жоғарлату үшін: құнды

тамақтану, үйлестірілген тағамның витаминді

құрамы, таза ауада жеткілікті уақыт болу,

тұрақты түрде ағзаны шынықтыру болып та-

былады.

Автор:
Ж.Б. ЖИДЕБАЕВ, Аудандық емхана, салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері.