Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ДӘРІГЕРЛЕР ҮМІТ ОТЫН ЖАҒАДЫ»


27 июня 2014, 06:04 | 1 232 просмотра



«Ауырып ем іздегенше, ауырмай-

тын жол ізде» дейді дана халқымыз.

Бірақ, замандастарымыз, өкінішке

қарай, мұндай аталы сөздерді ескер-

мей жатады. Нашақорлыққа қарсы

күрес күні қарсаңында Алматы

облыстық ЖИТС-тің алдын алу және

емдеу орталығына келген Леонид

Попов (аты-жөні өзгертіліп алынды)

дәрігерлерге алғысын жеткізді.

«Мен өзге қатарластарым сияқты

бақытты балалық шақты бастан кешірдім

деп айта алмаймын. Ата-анам ішімдікке

үйір болды. Алғашында екеуі де жұмыс

істейтін. Әкем-механизатор, шешем-сүт

зауытында жұмыскер. Кейін екеуі бірдей

қысқартуға ұшырап жұмыссыз қалды.

Содан бастап, қайдан табатыны белгісіз,

арақ ішетінді шығарды. Үйде күніге

ұрыс-керіс. Берекеміз қашты. Осындай

жанжалдардан шаршаған мен 9 сы-

ныпты бітірген соң, үйден кетіп қалдым.

Базар жағалап, арба айдап, аздаған

ақша таба бастадым. Сөйтіп ақырындап

жаңа киімдер алып, ыстық тамақ іштім.

Қожайын маған қоймадан жатын орын

берді. Бір күні базардың маңында жүрген

мен қатарлы 4 бала келіп танысты. Кеш-

ке кездесіп әңгіме айттық. Солардың бірі

Паша «рахатқа батқың келе ме?» деген

қызық сұрақ қойды. Мен «иә» деп ба-

сымды изедім. «Алдымен ақысын төле!»

деді ол. Мен қоймаға барып тығып ұстап

жүрген ақшамнан алып келдім. Олар

білегімдегі тамырға дәрі салды. Менің

басым айналып, дүние астаң-кестең

болып кеткендей көрінді. Сәлден соң,

аспанда ұшып жүргендей болдым. Ра-

сында, қайғы-мұңымды ұмытқандаймын.

Кейіннен осы жағдай әдетке айналды.

5-6 адам бір шприц қолданамыз. Дәрі

салмасам тұра алматын халге жеттім.

Қожайынға білдірмей тауарларды ұрлап

саттым. Бір күні қолға түсіп қалып әбден

таяқ жедім. Қожайын мені қоймадан қуып

шықты. Осындай бұлыңғыр күндердің

бірінде есірткіні артық қолданып,

тұншығып жатқан жерімнен дәрігерлер

тауып алыпты. Наркологиялық

орталыққа әкеп, алғашқы көмек көрсетті.

Сол жерге тіркеді. Кейін қан сарапта-

масын жасағанда АИТВ жұқтырғаным

анықталды. Осы жұқпамен өмір сүргеніме

6 жыл болды. Сол уақыттан бері Алматы

облыстық ЖИТС орталығында емделіп

жүрмін. Айына бір рет келіп дәрі-дәрмек

алып, дәрігерлердің кеңесін бұлжытпай

орындап жүрмін. Өткеніме өкінем! Жа-

сым 37-де. Менің құрдастарым бірнеше

балалы болды, өз отбасы бар. Ал, мен

әлі отау құрған жоқпын. Қазір жағдайым

қалыпты, фабрикада жұмыскермін.

Облыстық орталық дәрігерлеріне

алғысым шексіз! Келген сайын үміт сый-

лап, жігерлендіріп жібереді. Ал, заманда-

старыма айтарым, денсаулықтың қадірін

біліңіздер!»

Автор:
Е.НҰҒМАНОВА