Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ: КӨЗҚАРАС ОҢ, ҚОЛДАУ ЗОР


20 июня 2014, 04:14 | 1 739 просмотров



Елімізде әлемнің бірқатар елдеріндегідей маусым

айының үшінші жексенбісін дәрігерлер күні ретінде атап өту

дәстүрі қалыптасып келеді. Ең алғаш рет мереке "Мереке

және атаулы күндер туралы" аталатын Кеңестер Одағының

Жоғары Президумының қаулысы бойынша 1980 жылдың 1

қазанында қабылданған болатын.

Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал

жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен

пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды

дәрігерлерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа

дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне

шүбәміз жоқ.

Медицина қызметкерлерінің күні - бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге

– өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері

еленетін күн. Бұл күні республиканың түкпір-түкпірінде дәрігерлер қауымына ерекше құрмет

көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталып, ыстық тілектер арналады. Сондай-ақ, жаңа ау-

руханалар ашылып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Осындай іс-шаралардың бірі Алматы облысының медициналық қызметкерлеріне де арналды. Облыс әкімі медицина

қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыстап, Жетісу аймағының үздік медициналық мекеме, үздік дәрігер, үздік медбикесі

анықталды. Ресми іс –шараның соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ: КӨЗҚАРАС ОҢ, ҚОЛДАУ ЗОР

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК

БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА:

Облыс әкімі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы бұл

бағдарлама өзінің бірінші кезеңін табысты аяқтады.

Бұл бағдарламада бүгінгі күнге дейін қол жеткізген

табыстарымызға тоқталмай, денсаулық сақтау саласын

әлемдік деңгейге сай ары қарай дамыту болып табылады.

Оған біздің мүмкіншіліктеріміз жеткілікті. Соңғы жылдары

облысымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайының

жақсаруы, денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына

жол ашылды. Аймақтағы демографиялық жағдай кейінгі

жылдары барынша жақсарды. Жалпы алғанда өлім азай-

ып, адам саны жаңа дүние есігін ашқан сәбилер есебінен

артқаны – көңілге демеу. Облысымыздың халық санын

арттыруда Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Жамбыл, Панфилов

аудандарының және Талдықорған қаласының үлесі мол. Денсаулық саласына бөлінетін қаражат көлемі биыл 71,8 млрд.теңгені

құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсті. Бір тұрғынға жұмсалатын қаржы көлемі 35 мың теңгеден асты, - деді Аңсар

Мұсаханов денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДА:

Облысымызда халықтың денсаулығын сақтау сала-

сы мақсатында көптеген игі шаралар жасалуда. Емдеу

мекемелерінің материалдық базалары жылдан – жылға

жақсарып, соңғы екі жылда екі облыстық ауруханада

санитарлық авиация, 5 нейроинсульттық бөлімдері ашыл-

ды, Қарасай аудандық ауруханасында 60 төсектік перзент-

хана бөлімдері ашылды. Республикалық маңызы бар авто-

мобиль жолдары бойында 5 трассалық медициналық пункт

– Алакөл, Жамбыл, Іле, Сарқан аудандары мен Қапшағай

қаласында жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, шалғайда

жатқан тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін Ақсу,

Еңбекшіқазақ, Іле, Көксу, Панфилов аудандарында жылжы-

малы медициналық кешендер ашылды.

Облыста балаларды жұқпалы ауру ошақтарынан

сауықтыру үшін Талғар қаласында және Ұзынағаш ауылын-

да санаторлық үлгідегі балабақша, ал Қаратал, Балқаш,

Панфилов, Сарқан аудандарында және Қапшағай мен Текелі

қалаларында жалпы үлгідегі бала – бақшалар жанынан

ашылған санаторлық топтар жұмыс істеуде.

«100 МЕКТЕП, 100 АУРУХАНА» БАҒДАРЛАМАСЫ:

Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Талдықорған қаласында 300 төсектік көпсалалы қалалық

ауруханасының құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы 25 емдеу мекемесінің құрылысы 6,6 млрд.теңгеге салынса, 22 емдеу мекемесі

910,7 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, 2014 жылы 41 емдеу мекемесінің құрылысы 10,2 теңгеге салынып, 20-на 872,0

млн.теңгеге күрделі жөндеу өткізіледі.

Өткен жылы медициналық құрал – жзабдықтар сатып алу үшін 1,5 млрд.теңге жұмсалса, ал осы жылы 1,3 млрд.теңгеге құрал-

жабдықтар сатып алынады. Облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық зерттеу және ем көрсету үшін 7

компьютерлік, 1 магнитті- резонанстық томограф, 19 маммограф, 14 телемедицина орталықтары жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы

тағы да 3 компьютерлік томограф сатып алу жоспарлануда. Ана мен бала денсаулығын қорғау жолында айтарлықтай шаралар іске

асырылуда. Атап айтатын болсақ, сәбилердің

өмірін аман алып қалу үшін 40 Сипап-науқас ба-

лаларды тұрақты түрде жасанды демалдыру ап-

параты, 76 ИВЛ – өкпені оттегімен қамтамасыз

ету аппараттары, жас нәрестелерді тасымалдау

үшін әлемдік үлгіге сай 4 реанимобиль жұмыс

жасайды. Қандай күрделі медициналық құрал

– жабдықтар алынып, жаңа заман талабына

сай емдеу мекемелері салынғанымен, кадр

мәселесін шешпей Біз тұрғындарға жоғары са-

палы медициналық көмек көрсете алмаймыз.

Елбасымыздың дана саясатының арқасында

дәрігерлердің еңбекақысы соңғы жылдары орта

есеппен 25-30 пайызға көтерілді.

Өткен жылы емдеу мекемелеріне 136 жас

маман жұмысқа орналасып, 32 жеке пәтер, 46

жер телімдерін алды. Ал, осы жылы Алматы об-

лысы әкімі, Денсаулық сақтау министрлігі және

Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық

Университетпен үш жақты келісім – шарт бой-

ынша облысқа 180 жас мамаан жұмысқа тар-

тылып отыр. Облыс әкімінің грантымен 76 сту-

дент білім алуда. Алдағы уақытта да бұл игі іс

жалғасатын болады.

АЛТЫН ҚОЛДЫ ДӘРІГЕРЛЕРЛЕР ҚАУЫМЫНА – АВТОКӨЛІК!

Алтын қолды дәрігерлер мерекесінде

облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлы ем-

деу мекемелеріне 50 жедел санитарлық

автокөліктердің кілтін табыстады. Соны-

мен қатар, облыстағы денсаулық саласын

дамыту, тұрғындарға сапалы медициналық

қызмет көрсету жолындағы жемісті

еңбектері үшін бірқатар мамандар облыс

әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаты-

мен марапатталды.

Сондай-ақ денсаулық саласы бой-

ынша, өткізілген облыстық байқаудың

қорытындысы шығарылып, жеңімпаз меке-

мелер мен тұлғаларға ақшалай сыйлықтар

ұсынылды.

Жеті номинация бойынша өткен байқауда Алматы облысының үздік дәрігері атанған

Талдықорған қалалық емханасының учаскелік дәрігері Қабдрахманова Сая Қанатқызына

«Шевроле» жеңіл автокөлігінің кілті тапсырылды.

«Құрметті Аңсар

Тұрсынханұлы! Бүгін сіздің

қолыңыздан осы үлкен ма-

рапатты алып отырғаныма

өте қуаныштымын! Мен бала

кезімнен адам жанының ара-

шасы дәрігер болуды арман-

дадым. Сол арманым орындалды, еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Мен

өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Дәрігер болу оңай емес екендігі

бәрімізге мәлім. Әр науқастың жанына арашасы болумен қатар, жүрегіне

де жол табу – біздің басты міндетіміз.

Мен еңбек етіп жүрген қалалық емханада дәрігерлерге барлық жағдай

жасалған, өзімнің екі мың адамнан астам тұрғындары бар «Қаратал»

шағын ауданындағы учаскедегі әрбір тұрғын менің жіті қадағалауымда.

Олардың тек қана денсаулығы емес, қызығы мен шыжығын, ыстығы мен

суығын тең бөліскен маманның бірімін. Денсаулық сақтау саласының өткені мен бүгінгісіне ой

жүгіртсек, әсіресе соңғы он жыл көлемінде көптеген игі істер атқарылғанын байқауға болады.

Осының бәрі құрметті елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана саясаты екені

белгілі.

Мен және менің әріптестерім алдағы уақытта осы биік мәртебелі атқа лайық болып,

халықтың денсаулығын қорғауға аянбай еңбек ете береміз. Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ

ғұмыр, отбасыларыңызға ырыс, береке, бақыт тілеймін. Қиын да қастерлі істеріңізге игі

жетістіктерге жете беріңіздер!»

Осы жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен облыстық денсаулық

сақтау басқармасының басшысы Маралбек

Мейірбеков марапатталды.

Автор:
Іңкәр НҰРСҰЛТАНОВА