Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАНТ. БІЗ ОЛ ТУРАЛЫ БӘРІН БІЛЕМІЗ БЕ?


20 июня 2014, 04:06 | 2 177 просмотров



Медицина соңғы онжылдықта рафинир-

ленген қанттың адам денсаулығына тигізетін

зияны туралы көптеген фактілер жинады.

Қалайша қант денсаулықты бұзады? Неліктен

тәттіге деген құмарлықты жеңу қиынға түседі?

Қантты тұтынудың қауіпсіз нормасы бар ма?

Техникалық прогрестің өнімі

Рафинирленген қант қарапайым көмірсу

болып табылады және таза күйінде табиғатта

кездеспейді. Оны қант құрағынан немесе

қызылшадан күрделі технологиялық өңдеу

арқылы алады. Қант организмге түскеннен

кейін өзінің құрамдас бөлшектеріне ыды-

райды (қарапайым глюкоза және фруктоза

көмірсуларына) және қандағы глюкозаның

мөлшерін өте тез жоғарылатып жібереді.

Глюкоза біздің ағзамыз үшін- энергияның

түзілетін негізгі көзі, ал ми үшін- жалғыз және

алмастырылмайтын көзі. Қарап тұрсаңыз,

қант бізге не қажет соны береді, яғни, денені

және миды энергиямен қоректендіреді. Де-

генмен, мәселе- қанды глюкозамен өте тез

қоректендіруінде. Адамның биологиялық

түр ретінде қалыптасуы кезеңінде, адам-

дар тіршілік үшін глюкозаны өсімдіктердің

жемістерінен алған. Ондай өнімдер қанды глю-

козамен өте баяу және біртіндеп қамтамасыз

етеді. Денсаулықты сақтау үшін ағзаның

өмірге қажеттті қызметтерінің тез ауытқуынан

сақтану қажет.

Тұрақтылық шекарасында

Өмірді сақтап қалу үшін табиғат барлық

тіршілікке қажетті көрсеткіштерді қолдау

механизмдерін (қан қысымын, қандағы

глюкозаның мөлшері және т.б.) қалыпты

деңгейде ұстауды қарастырған. Қанда глюкоза

деңгейінің күрт жоғарылауы оның соншалықты

тез төмендеуіне әкелетін үрдістерді іске

қосады. Осы үрдістерде ұйқы безінің гор-

моны – инсулин негізгі орын алады. Қанға

глюкозаның көп мөлшерде түсуі ұйқы безінің

шамадан тыс жұмыс істеуіне және инсулинді

жоғары мөлшерде түзуіне әкеледі. Сонымен,

қант ұйқы безінің зорығуына әкеледі. Жиі және

көп мөлшерде қантты тұтыну екінші типті диа-

бетке шалдығу қаупін жоғарылатады, ол ұйқы

безі өздігінен гормон түзе алмайтын жағдайға

жеткізеді. Және бұл қантты артық қолданудың

жалғыз асқынуы емес.

Инсулинге тұрақтылық

Қантқа құмарту метаболизм синдромы

деп аталатын қауіпті ауруға немесе инсулин-

ге тұрақтылыққа әкелуі мүмкін. Ол әрқашан

қанда инсулин деңгейінің жоғары болуымен

сипатталады. Инсулин организмде көптеген

қызмет атқарады, сондықтан оның шамадан

артық болуы көптеген бұзылыстар туындатуы

мүмкін. Соның кейбіреулері: қарын және бел

аумағында май тінінің жиналуы, тамырлардың

«нашар холестеринмен» бітелуі, қалыптан

тыс тәбеттің жоғарылауы (әсіресе, тәттіге),

қанда глюкоза мөлшерінің төмен болуы (гипо-

гликемия), қатерлі ісіктерге шалдығу қаупінің

жоғары болуы, бауырды май басу.

Қымбатқа түсетін шығындар

Күрт көтерілген глюкоза деңгейін

қалыпқа келтіру үшін организм өз қорының

көп бөлігін жұмсайды. Мысалы, қандағы глю-

козаны шығарудың бір шарасы- ол денедегі

ағзалардың барлық жасушала-

рына тасымалдау. Ол үшін мине-

ралдар мен дәрумендер: кальций,

В тобының дәрумендері және

т.б. қажет. Осыған байланысты,

глюкозаның көп мөлшерін тасы-

малдау үшін кальцидің де көп

мөлшері қажет, ал ол ағзаның

жеке меншік қоры- сүйектен алы-

нуы мүмкін. Сондықтан, тәттіні,

әсіресе, газдалған сусындарды көп

тұтыну остеопороз (сүйектердің

сынғыштығы) ауруына шалдығу

қаупін жоғарылатады. В тобының

дәрумендері- мидың ең сүйікті

дәрумендері, оларсыз мидың

қызметі нашарлайды. Қантты

шығаруға кететін көп шығындар

организмде бос радикалдардың

жоғары деңгейде түзілуімен қауіпті.

Себебі, олар қартаюдың негізгі себептері

болып табылады. Яғни, қант- организмнің

қартаюын жеделдетеді.

Қантқа тәуелділік

Ғалымдардың айтуы бойынша, ауызға

қандай-да бір тәттінің түсуі мидағы «рахатта-

ну орталығын» қоздырып, жақсы көңіл-күйге

жауап беретін заттек (серотонин) бөледі. Осы

феноменді төмендегідей түсіндіруге болады.

Адам ағзасы әрдайым энергияға мұқтаж бола-

ды, ал глюкоза- оның басты көзі және ми үшін

жалғыз ғана көзі болып табылады. Қор жинау

және аңшылық кезеңінде адамға тамақ табу

қиынға соққан, сондықтан ми дәмдік рецеп-

торлар арқылы өзінің тіршілігі және дене үшін

қажетті, яғни глюкоза мен майдың, т.б. көп

мөлшері бар азық-түліктерді анықтай алған.

Сондықтан, сондай тағам ауызға түскенде

дұрыс таңдау жасағаны үшін марапат ретінде

ми орталықтары қозады. Осы орталықтар ма-

рихуана, героин, немесе басқа да кез-келген

есірткінің әсерінен белсенді жұмыс істейді.

Қант - есірткі, одан тез тәуелділік туындайды.

Осы себепке байланысты ғалымдар тәттіге

құмарлықтан маскүнемдікке немесе басқа да

есірткелік тәуелділікке дейін бір ғана қадам

бар деп есептейді және балаларды тәттімен

еркелетуге болмайды деп кеңес береді.

Қауіпсіз шегі

Денсаулық үшін зиян келтірмейтін қанттың

мөлшері күнделікті рацион калориясының

10 пайызынан аспауы тиіс, яғни ол 150

калорийді немесе 37 грам қантты құрайды.

Сонымен қатар, күнделікті азық-түліктердің

құрамындағы (шәй, қайнатпа, кәмпиттер, су-

сындар, пісірілген тәттілер және т.б.) қантты да

ескеру қажет. Тек бір стакан коланың өзінде

қанттың қауіпсіз тәуліктік нормасының жарты-

сынан көбісі (26 гр) бар.

Неғұрлым күрделі, соғұрлым жақсы

Қандағы қант мөлшерінің күрт

өзгеруімен шақырылатын метаболизмдік

бұзылыстарды болдырмас үшін глюкоза қанға

бірқалыпты түсіп отыратындай етіп тамақтану

қажет. Құрамында күрделі көмірсулары бар

тағамдар организмді глюкозаның қажетті

мөлшерімен қамтамасыз етеді және қанда

оның концентрациясының күрт көтерілуін бол-

дырмайды. Күрделі көмірсуларға көкөністер,

жемістер, бүтін ақталмаған жармалар, ірі

ұнталған ұн, бидайдың қатты сұрыптарынан

дайындалған макарондар, бұршақтар,

тұқымдар және жаңғақтар бай. Бұл азық-

түліктер тамақтану рационының негізгі бөлігін

құрап және тәуліктік қажетті калорияның 55-

70%-н жабуы қажет. Күнделікті 400 грамм шикі

көкөністер мен жемістерді тұтыну ұсынылады.

Күрделі көмірсу көздерінің артықшылығы-

олардың дәрумендер мен минералдарға бай

болуы, ал оларсыз қалыпты метаболизм

мүмкін емес.

Қантты немен ауыстыруға болады?

Агава шырыны, кокос қанты, акация балы,

ксилитол (қайың түбірінің шырсөлі), стевия

сияқты қанттың табиғи алмастырғыштарының

дәмі тәтті болады, қанды глюкоза-

мен бірқалыпты қамтамасыз етеді және

рафинадталған қанттан айырмашылығы-

құрамында кейбір тағамдық заттектер мол бо-

лады (дәрумендер, минералдар, биологиялық

белсенді заттектер). Сонымен қатар, қантты

кептірілген жемістермен, балмен, ащы шоко-

ладпен (құрамында какао 70%-дан кем емес),

негізі жемістер пектинінен немесе агар-агардан

тұратын желеден дайындалған тәттілер: мар-

мелад, пастила, зефирмен алмастыруға бола-

ды. Дегенмен, кез-келген қант алмастырғышты

аз мөлшерде тұтыну қажет, мысалы, балды

күніне 1-5 шәй қасық қана, шоколадтың- 20-

40 гр. ғана жеу қажет. Соңғы жылдары кейбір

тәттілендіргіштердің, әсіресе, фруктоза және

жүгері шәрбаты, аспартам, сахарин сияқты

және басқа да жасанды түрлерінің зияны тура-

лы мәліметтер алынды.

Ғалымдар қантты тұтынудың өсуіне бай-

ланысты заттек алмасу аурулары да кеңінен

таралып отырғандығы туралы тұжырымға

келді. Денсаулықты сақтау үшін қантты шек-

теу қажет және глюкозаның қажетті мөлшерін

табиғи, бүтін өсімдік өнімдері есебінен

толтырған жөн.

Автор:
Гаухар ДАТХАБАЕВА, Қазақ тағамтану Академиясының аға ғылыми қызметкері. Майгүл ҚАЙНАРБАЕВА, Ұлттық салауатты тағамтану Орталығының аға ғылыми қызметкері