Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨЗАРА МОЙЫНДАУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ


13 июня 2014, 23:00 | 1 697 просмотров



Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шартқа сәйкес 2016

жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық тәжірибе стандарттарына сай келетін дәрілік құралдардың ортақ нарығы қалыптасады. Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісім-шартты іске асыру барысында дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдар айналымының ортақ қағидалары мен

ережелерін анықтайтын Келісімдер әзірленеді. Келісімді одаққа мүше елдер 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін бекітуі тиіс. Қазіргі уақытта келісім-шарт жобалары әзірленіп, тараптардың жұмыс топтарында келісіліп жатыр.

Дәрілік құралдар айналымының ортақ қағидалары мен ережелері туралы келісім-шарт тараптар аумағында өндірілген, GХP фармацевтикалық стандарттарына сай келетін дәрілік құралдарға ғана таралады. GХP -

фармацевтикалық өнім сапасының әлемде танылған стандарттары. Бұл

шара аталған стандарттарға сай өндірілген дәрілік құралдардың ортақ нарықта еркін айналымына қажетті зертханалық сынақтар мен

құжаттамаларды өзара мойындауға жағдай жасайды.

О с ы л а й ш а , стандартарға сай дәрілік құралдар ЕАЭО елдері нарығында қосымша құжаттарсыз және сынақтарсыз еркін айналымда болады. Қазақстанның болашақта Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымына мүше болатыны, тиісінше бәсекелестіктің күшейетіні ескеріле отырып, фармацевтикалық зауыттарды аталған

стандартарға біртіндеп көшіру жөнінде

шешім қабылданды. Қазақстанның

ірі өндірушілері қазірдің өзінде GMP -

тиісті өндірістік тәжірибе стандартына

ие болған немесе оны алу шараларын

жүргізуде.

Еуразиялық экономикалық одақ

шеңберінде отандық дәрілік құралдарды

өндірушілер үшін 170 млн. тұрығы бар

ортақ нарыққа жол ашылады. Дәрілік

құралдардың ортақ нарығының болуы

бәсекелестіктің артуына байланысты

дәрілер мен медициналық бұйымдарға

бағаның төмендеуіне жағдай жа-

сайды. Жоғары талаптар, өндірістің

жаңартылуы, технологиялар, өндірістік

қуаттың және дәрілік құралдар мен

медициналық бұйымдарға таңдаудың

артуы нәтижесінде дәрілердің де сапасы

арта түспек.

Автор:
ҚР ДСМ Баспасөз қызметі