Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БҰДСЖ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ПОРТАЛ БЮРОСЫ ЖҰМЫСЫ


13 июня 2014, 22:48 | 1 294 просмотра


Денсаулық сақтау саласының

бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір

бөлігі бола отырып, Емдеуге жатқызу

бюросы порталы оның екі жоғары

дәрежелі қағидатын іске асырады.

Олар: емделушіге медициналық ұйымды

еркін таңдауды ұсыну және жоспарлы

емдеуге жатқызу кезінде көрсетілетін

медициналық қызметтің қолжетімдігі.

Жалпы портал арқылы жоспарлы емдеуге

жатқызу үрдістерін тиімді басқару, тіркеу

мәселелерін жылдам шешу, жолдама-

ны тіркеу және өңдеу үшін ұсынылған.

Емделуші bg.eisz.kz портал сайтына

кіріп, алдағы үш күнге республиканың

кез-келген стационарларындағы бос

төсектер туралы ақпаратты ала ала-

ды. Егер науқаста дәрігерден емдеу-

ге жатқызу коды бар жолдама болса,

онда емделуші ағымдағы аймақтық

және республикалық клиникалар бой-

ынша күту парағын қарай және өз

кезегін байқай алады. Медициналық

қызметкерлер үшін тегін медициналық

көмектің кепіл берілген көлемінің

шеңберінде есептерді қалыптастыру,

бос төсектерді басқару және жоспарлы

емдеуге жатқызу үрдісі бойынша кең

көлемді қызметтер ұсынылған.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы

жолдауларында мемлекеттік

басымдылық дәрежесіне көтере оты-

рып, азаматтардың денсаулығын қорғау

мәселелеріне айрықша назар аудара-

ды.Биылғы жолдауында да денсаулық

сақтау саласын жетілдіру, медициналық

санитарлы алғашқы көмекті дамыту, ана

мен бала денсаулығы, аурулардың ал-

дын-алу жайлы мәселелерге ерекше на-

зар бөлінді.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011

жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан

халқына Жолдауында Бірыңғай ұлттық

денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі

– БҰДСЖ )енгізу 2013 жылға қарай

аяқталатыны көрсетілген.

БҰДСЖ енгізу бойынша 2011 жылдың

негізгі міндеттері пациенттің еркін

таңдауы негізінде стационарлық көмекті

одан әрі жетілдіру, бәсекелестік ортаны

дамыту, жоғары мамандандырылған

медициналық көмектің қол жетімділігін

қамтамасыз ету, медициналық қызметтің

сапасын жақсарту болып табылады.

Емделушінің медициналық

ұйымды еркін таңдау мен елдің барлық

аумағында жоспарлы емдеуге жатқызу

үрдісін ұйымдастырудың айқындығы

қағидатын іске асыру мақсатында, Ем-

деуге жатқызу бюросы порталы арқылы

емдеуге жатқызу жүйесі енгізілді.

Жоспарлы емдеуге жатқызу – созыл-

малы ауру кезінде және жедел дәрігерлік

араласуды қажет етпейтін өмірге қауіпсіз

жағдайларда дәрігердің пациенттік

стационарлық жағдайда емделуге жол-

дауы.

Қазақстан Республикасының әрбір

тұрғыны тұрғылықты және тіркелген

жеріне қарамастан, науқасқа шалдыққан

жағдайда жоспарлы стаионарлық көмек

алу үшін тиісті саладағы медициналық

ұйымды таңдау мүмкіндігіне ие. Егер

науқастың жағдайы шұғыл емдеу-

ге жатқызуды қажет етсе, науқас же-

дел түрде ургентті (кезекші) клиникаға

жатқызылады.

Бүгінде пациенттерді өңіраралық

және республикалық клиникаларға жо-

спарлы түрде емдеуге жатқызу мүмкіндігі

пайда болды. Бұрын БҰДСЖ енгізілгенге

дейін бұл клиникада ақылы түрде не-

месе квота бойынша жолдама болған

жағдайда емделуге мүмкін болатын.

Емделушінің таңдауы бойынша емха-

на дәрігері сырқат саласы бойынша Ем-

деуге жатқызу бюросы порталы арқылы

стационарлардағы бос орындардың

бар екенін анықтап, орын бар болған

жағдайда жоспарлы емдеуге жатқызуға

өтінім береді. Портал автоматты түрде

сәйкестендіру кодын береді, пациент-

ке осы код тіркеген талон беріледі. Бұл

ретте, науқастың дербестендірілген

деректері қатаң түрде құпия сақталады.

Жолдаманы тіркеу кезінде стацио-

нарда бос төсек болмаған жағдайда емха-

на дәрігері Порталдың күту парағындағы

кезекті талдау негізінде пациентке

мүмкін болатын емдеуге жатқызу күнін

хабарлайды. Егер пациент медициналық

ұйымды бастапқы таңдаудан бас тартса,

дәрігер пациентке бос төсектер табыла-

тын өзге медициналық ұйымды таңдауға

кеңес береді.

Стационарға емдеуге жатқызу

мерзімі анықталғаннан кейін, емхана

дәрігері емдеуге жатқызуға жолдама

беріп, науқас таңдаған ауруханасының

қабылдау бөлмесіне келіп тіркеліп, жо-

спарлы түрде емдеуге жатқызылады.

Бұл ретте, пациенттің стационарға

көрсетілген күнде келуі өте маңызды.

Жоспарлы емдеуге жатқызуды

ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, паци-

ент келмегені үшін күту парағынан алы-

нып тасталады.

БҰДСЖ барлық облыстар-

да диагностиканың жаңа жоғары

технологиялық әдістерін енгізуге

және жоғары мамандандырылған

медициналық көмекті (бұдан әрі - ЖММК)

дамытуға мүмкіндік береді. Ғылыми

орталықтар мен институттар өңірлерге

37 технология беруі жүзеге асырып,

халықтың оларға деген қолжетімдігі

арта түсті. Бүгінге облыс орталығында

нейрохирургия, кардиохирургия, ото-

ларингология, травматология, онколо-

гия бойынша қызметтер ұсынылады.

Сондай-ақ, жоғары мамандандырылған

медициналық көмекті алуға мұқтаж

жандар емдеуші дәрігердің Портал

арқылы мамандандырылған және

ЖММК көрсететін жергілікті маңызы бар

медициналық ұйымға жолдануы мүмкін.

Автор:
Жанета НҰРМАНБЕТОВА, Алматы облыстық перенаталдық орталық директорының емдеу жөніндегі орынбасары