Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ САПАСЫНА КІМ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ?


13 июня 2014, 22:26 | 1 466 просмотров



… Иә, қазақ «ас – адамның арқауы»

деп бекер айтпаса керек. Алайда «ауру –

астан» болатынын да естен шығармаған

жөн. Қазақстанға импортталатын және

отандық рынокта өндірілетін азық-түлік

өнімдерінің сапасын сын сүзгісінен өткізу

керек екендігін мамандар әрдайым айтып

жүр. Мәселен, түрлі тағам қайдан және

қандай әдіспен әкелінеді? Оның адам

денсаулығына қандай пайдасы бар, со-

нымен бірге зияны қаншалықты?

Айтқымыз келгені азық-түліктің нешеме

түрі әр қиырдан ағылып жатқан әзіргі кезде

алдымыздағы тағамға да талғам керек екендігі

өтірік емес (әлбетте, мұндай кездері қалтаға

қарап көсілетініміз де тағы белгілі). Оның ішінде

«импорттық тәсілмен тасымалданатын азық-

түлік тиісті санитарлық-эпидемиологиялық

тексеруден өте ме, әлде жоқ па?» осы жағы

қалың бұқараға белгісіз күйде қалып отыр.

Ал атауы шетелдік болғанмен, сол импорттық

тауардың құрамы және сапасы көп жағдайда

талапқа сай келмей жататыны бар. Атап айтар

болсақ, негізінен тез бүлінетін, Қазақстандағы

ет және сүт өнімдерінің сапасына қатысты са-

уал көп. Осы саланың жілігін шағып, майын

ішкен мамандардың пікірінше, елімізде тағам

өнімдерінің сапасы мен адам өміріне қауіпсіздігі

туралы заңның баптары күні бүгінге дейін

жете орындалмай отыр. Ал ресми деректер-

ге қарағанда, отандық сауда сөрелерінде иін

тіресіп тұрған азық-түлік өнімдерінің бар болғаны

3 пайызында ғана құрамында генетикалық

модификацияланған организмнің бар, жоқтығы

туралы мәлімет берілген екен. Бұл – қалған 97

пайызда тағамды дайындауда нендей қоспалар

қолданылды, оның адам денсаулығына қандай

зияны барлығы туралы ақпарат берілмеген деген

сөз. Түптеп келгенде, тұтынушы белгілі бір тау-

арды сатып алған жағдайда, оның сыртындағы

мәліметке қарап, өнімнің қауіпті немесе қауіпсіз

еместігін дәл анықтай алмайды…

Көбінесе тауарды сатып алатын адам оның

құрамын көзбен бір шолып шыққаны ғана болма-

са, оған соншалықты назар аудармайтыны жа-

сырын емес. Біз, осы мақсатта жарнамадан жиі

көрсетілетін кейбір тағам түрлерінің құрамымен

танысып шыққан болатынбыз.

Қазіргі алып Алматыда не көп әрине, дүкен

көп. Ал сол дүкендерде сықып тұрған, әсіресе

сүт өнімдерінің ішінде – «БИО», «Organic»,

«органикалық өнім» сияқты атауларды жиі

кездестіресіз. Біз бұл ретте осы сүт сөрелерінің

жанында жүрген сатушыларға «бұлардың атына

заты сай екенін дәлелдеп беретін нақты құжат

бар ма?» деген сауал қойғанбыз. Тек, жауап ала

алмадық. Бұдан сырт, «Халал» стан¬дартының

белгісі жапсырылған тауар түрлерінен, оның

ішінде шұжық өнімдерінен де көз тұнады. Ал,

осыншалықты қалған өнімді қадағалайтын қай

орган? Біздің бұлай деуімізге: соңғы кездері са-

уда нысандарында «Халал» шұжықтары деген

белгімен сапасы сын көтермейтін өнімдердің са-

удаланып жатқаны турасындағы мәлімет түрткі

болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің

дерегіне қарағанда, 2012 жылы елімізде

санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай

емес деген себеппен бақандай 400 тоннадан аса

сапасыз азық-түлік сатылымнан шығарылған

екен. Қызығы сол, оның ішінде 80 тоннадан

астам тауардың қолданылу мерзімі өтіп кет-

кен. Ал өткен жылдың аяғына дейін мамандар

негізінен санитарлық талаптарға сәйкес келме-

ген 300 тоннадан астам азық-түлікті және сапа-

сын растайтын құжаттары жоқ 7 тоннаға жуық

өнімді сатылымнан шығарған. Айта кетелік,

«бұзылған», «шіріген» тағам өнімдерінің тон-

налап тіркелуі тегін емес. Бұған бір жағынан

тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сақтайтын

инфрақұрылымның жоқтығы да үлкен себеп.

ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі

департаменті төрағасының орынбасары,

еліміздің Бас санитар дәрігері Жандарбек

Бекшиннің пікірінше, бүгінгі таңда еліміздің

санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің

деңгейі жоғары, бұған қоса аталған сала ма-

мандары барлық қажетті инфрақұрылымға

және өнімнің сапасын сыннан өткізетін бүлінген,

бұзылған өнімдерді табатын құрал-жабдыққа

ие. «Қазіргі күні қазақстандық санитарлық-

эпидемиологиялық жүйеде бас-аяғы 4 мыңнан

астам мем. қызметкерлер, бұдан сырт ғылыми

орталықтар, зертхана және обаға қарсы

дезинфекциялық қызметті қоса алғанда 10

мыңға тарта маман жұмыс істейді. Талапқа сай

келмейтін тағам өнімдерін анықтау жұмыстары

алдағы жылдары қазіргі зертханалары мен

білікті мамандарын сақтап қалған жағдайда

толықтай санитарлы-эпидемиология қызметіне

міндеттелуі мүмкін»,- дейді бас санитар.

Біздің білуімізше, қазір азық-түлік

нысандарының санитарлық нормаға

сәйкестігін тұрақты түрде тексеруден өткізетін

мамандардың құрығы қысқарған. Айталық, біраз

уақыттан бері кезінде айына бір рет тексеру

жүргізілетін нысандарға, әзір әрбір 3 ай сайын

болмаса 6 айда бірақ рет тексеру жүргізіледі.

Бәлкім, бұдан кәсіпкер ұтатын болар. Ұтатын

тұсы – ендігі жерде бір кезгі «төбеден түсетін»

тексерістер күрт азаяды. Бұл арқылы Үкімет

санитарлық және мал дәрігерлік мекемелердің

қызметкерлері аракідік төбе көрсетіп қалатын

жемқорлық жағдайды азайтуды да көздеп

отырғаны анық. Ал бір жағынан бұл азық-түлік

нарығындағы сапасыз өнімдердің тасқынын

өршіте түсуі де әбден мүмкін. Назардың жоқтығы

мен қадағалаудың кемігендігін пайдаланып,

кейбір кәсіпкердің «ұзын арқан, кең тұсауға»

салынары тағы да талас туғызбайды. «Төбеден

түсетін» рейдтік шаралардың азаюы тағамды

талғамсыз өндіретін кейбір өндірушілер үшін

сөзсіз «тиімді» болары анық. Неге десеңіз, бұл

тараптағы жаңа заңға сәйкес ендігі жерде тексе-

ру жүргізбей тұрып, санитарлық мекеменің ма-

мандары кәсіпкерді күні бұрын құлақтандырып

қояды. Бұл ретте оқырманнан сұрарымыз:

«аталған уақыттың аралығында кейбіреулердің

өз дүкенінің сөресіндегі күні өткен көкөністер мен

іріп-шірігелі тұрған жеміс-жидектерді көзден та-

салай қоюы әбден мүмкін бе, қалай ойлайсыз?

«Қалай болған күнде дәл осы азық-

түлік сапасын сүзгіден өткізетін санитарлық

эпидемиологиялық қадағалау шаралары күрт

азайғалы бері базарлардағы ретсіз сауданың

алдын алар «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» та-

былмай отыр»,- дейді мамандар. Мәселен, бұдан

біраз уақыт бұрын дәлірек айтсақ, 2012 жылы

Индустрия және жаңа технология министрлігінің

жанындағы Техникалық реттеу және метро-

логия комитеті ел бойынша тағам өндіретін

1 мыңнан астам кәсіпорынның жұмысын жіті

тексеруден өткізген тұғын. Сол кездері 810

кәсіпорынның жұмыс сапасы сын көтермейтіні

анықталып, олар өндіретін өнімдердің ішінен

адам денсаулығына аса қауіпті токсиндік заттар

табылған екен (!). Оның ішінде – жүгері, жасыл

бұршақ, жарма, баклажан, шекілдеуік майының

дәнегінен, ұнтақталған кофеден – қорғасын,

консервіленген ет пен балық сияқты өнімнен –

қалайы, ал шай сусыны мен кәдімгі пістеден –

күшәланың бөлшектері табылыпты.

Бұған қоса, бүгінгі таңда отандық азық-

түлік нарығындағы ахуал Ресей мен Бело-

русьтен келетін тағам өнімдерінің есебінен де

мың құбылып отырғаны жасырын емес. «Бұл

өз кезегінде, түрлі тағамға қосылатын арзан

қоспалар мен алмастырғыштарды анықтауда

қиындық туғызып отыр»,- дейді санитар-дәрігер

Данияр Әлдиев. Сол сияқты жазғы маусымда

кәдімгі қарбыз бен қауынды да мұқият қарап же-

ген жөн. Себебі, өткен жылғы тексеру барысында

қауын, қарбыз өнімдерінің құрамындағы нитрат

әдеттегіден 1,5 есеге артық болып шығыпты.

Сақ болғайсыз…

Автор:
Нұрлан ЖҰМАХАН