Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҒАШТЫ ҚАЛАЙ ЕКСЕҢ ЖЕМІСІН ДЕ СОЛАЙ БЕРЕДІ


13 июня 2014, 21:04 | 1 512 просмотров



Адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын тұратын жандар – дәрігерлер. Кез-келген науқастың көңіл-күйіне, ем алу- ына аса ұқыптылықпен қарау да ақ халат- ты абзал жандарға тән қасиет. Өзі қарайтын науқастың денсаулығын бәрінен де маңызды санап, бірде дереу ота жасап, бар өнерін салып, адам жанына араша түсіп жа- тады. Басымыз ауырып, балтырымыз сыз- даса, өзімізше емделуге тырысамыз. Бірақ, кейін бәрібір ем іздеп дәрігерге барамыз. Жанымыз қиналып, еш нәтиже шықпаған соң, әрине. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер тап- тырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болар- дай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс- сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандар. Аурухананың күнделікті күйкі тірлігі, үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға жасай- тын ем-шаралар жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың жымиып жүрістеріне қайран қаласың. Сірә, «Гиппократ» антын қабылдап, серік еткен сабырлы да салмақты ұстанымдары болар. Үстіне киген ақ халатта- ры, жүректері таза, пейілдері ашық, көңілдері кіршіксіз екеніне көзіңді жеткізгендей. Олар үшін мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да құны көктиын. Дәрiгерге ең қажетi - адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барары хақ. Үмiтке үмiт жалғап, жүректерге нұр сеуіп, көңілдеріне қаяу келтірмей, Жара- тушыдан кейінгі ғұмырларының ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Сондай бірқатар ақ халатты абзал жандар арамызда жүр. Қаратал ауданы Үштөбе қаласында тіс дәрігері болып жұмыс атқаратын Исаев Бақытжан Құтбайұлы мен жұбайы Сисембиева Тазагүл Орналықызы сол ауданның Бастөбе ауылдық емханасында ба- лалар учаскелік аяжаны болып жұмыс істейді. «Еңбек - адамның көркі, адам - заманының көркі» дегендей бар өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі бо- лып жүрген дәрігерлердің бірі десек артық

айтпағанымыз шығар! Адамгершілігі мен па- расаты, білімі мен біліктілігі жоғары, ар-ожданы таза, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс- сауабын арқалаған ақ халат- ты абзал жан Сисембиева Тазагүл Орналықызы 1961 жылы наурыздың алтыншы жұлдызында Қызылорда об- лысы, Жаңа Қазалы кентінде дүниеге келген. Әкесі Орналы көлік жүргізуші болса, анасы Ағымша үй шаруасы мен бала тәрбиелеумен айналысқан, сол кенттің құрметті тұрғындары болған. Орналы мен Ағымша апайымыз сегіз баланы тәрбиелеп, оқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Осындай тәрбиелі отбасында дүние есігін ашқан. Орналықызы Тазагүл 1982 жылы Алматы қалалық медици- на училищесін бітіріп, ең алғашқы еңбек жо- лын Алматыдағы №12 қалалық емханасының проктология бөлімшесінің аяжаны болып жұмысын бастайды. Алғаш еңбек жолын бастаған жас маманның аздап жүрексініп, қобалжығаны рас. Сондай сәттерде оның жанына демеу болып, бар білгенін үйретіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, ақылын айтып, көңіліне сүйеу болған ұстаздарының алдында, өзін әлі күнге дейін шәкірт сезінеді. Өзінің жүрек қалаған мамандығын таңдаған ол бір орында он бес жылдай жұмыс атқарады. Кейінгі еңбек жолын 2000 жылдан бастап, Құдай қосқан жұбайының жанында яғни Қаратал ауда- ны Бастөбе ауылдық емханасында балалар учаскелік аяжаны болып еңбек етеді. Міне, содан бері бір салада жүргеніне 32 жыл толып отыр. «Біздің ұжымда 17 ме- дицина қызметкерлері еңбек етеді, балалар дәрігері болып Хегай Александр Николаевич болса, ересектер дәрігері Ким Лидия Терентьевна. Біздің ұжым өте ұйымшыл, бірлігі жарасқан бір отбасындай болып жұмыс атқарады. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», - деп ұрандатып-ап жұмысымызды қолдан келгенше жақсы атқарудамыз. Мен сол әріптестерімді қатты құрмет тұтамын. Бұл мамандық иегері болғаныма еш өкінішім болған емес. Керісінше, осы таңдаған мамандығымның, еңбегімнің арқасында көптеген арманым мен мақсаттарым орындалды. Мамандығым арқылы көптеген жетістіктерге жеттім. Жолдасыммен таныстым. Отбасын құрдым. Берекелі де, беделді әріптестерді таптым. Осындай ауызбірлікте, тату- тәтті әріптестермен жұмыс атқарғаныма мен өте ризамын. Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – ме- дицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алтын қолды әріптестеріме тілейтінім ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап,

өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасы- на амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей оты- рып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін. Алла тағалам алтындай қолдарыныңызға дерт бермесін деймін!». «Алладан кейінгі құтқарушы ақ халатты періште», - деуге боларлық дәрігер қандай мақтау сөзге де, алғыс сезімге де лайық емес пе?! Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол се- бептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыз- дай қалса ем іздеп, бәріміз алдына бара- тын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домдары да көңілге қонымды. Әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз. Міне, осындай ақ халатты абзал жанның ана екендігін де естен шығармауға тиіспіз. «Ағашты қалай ексең, жемісін де солай береді» ,-деп, дана халқымыз бекер айтпаса керек. Барлық тәлім-тәрбиені жастайынан балаларының бойына сіңіріп, білім алуға мүмкіндік жасап, қоғамда өзіндік орны болатын тұлға тәрбиелейтін шаңырақтардың бірі десек- те артық айтпаған болар едік. Отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі жолдасы Бақытжан ағамен бірге 2 бала тәрбиелеп отыр. Ұлы Мадияр әкесі салған сара жолын қуып, ізін басып Алма- ты медициналық университетінің тіс дәрігері бөлімінде ІІІ курста оқыса, қызы Айгерім Алма- ты Қазақ университетін үздік қызыл диплом-

мен аяқтап, қазіргі таңда Алматы облысының экономикалық сот бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Тазагүл Орналықызы өзінің кәсіби біліктілігімен қоса мейірімділігімен ауылдастарының жанына шипа бола білген, ел-жұртының алғысын арқалаған отбасын- да аяулы жар, ұл-қызына ардақты ана, бір әулеттің ибалы да үлгілі келіні болған ақ ха- латты абзал жан.

Автор:
Іңкәр ЕРБОЛҚЫЗЫ