Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰТТЫҚТАУ


13 июня 2014, 20:00 | 1 273 просмотра


Бүгін ерекше мереке...Бүгін ерекше жандардың күні... Бүгін өмірлерінде бірде-бір рет қателесуге қақысы жоқ мамандық иелерінің төл мерекесі... Бүгін ақ халатты абзал жандардың еңбектері еленетін күн... Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз болар...Осы мерекені пайдалана отырып, Талдықорған қаласы Перионталдық орталық дәрігерлері Амангелді Айгүл Мырзаханқызы және Дәулетбаева Сабира Бекбайқыздарын шын жүректен кәсіби төл мерекелерімен құттықтаймын! Адамзат баласына Алладан кейінгі өмір сыйлаудан ешқашан шаршамаңыздар! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, отбасыларыңыздан бақыт пен шаттық ешқашан кетпесін.

Автор:
Ізгі тілекпен: Қарлығаш ШАЯХМЕТҚЫЗЫ