Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТТЫҢ МАҢЫЗЫ


13 июня 2014, 19:39 | 1 936 просмотров


Тәуелсіздік алғалы бергі бүгінгі күнге дейін құқықтық мемлекет құру жолын- да көптеген шаруа жүзеге асты. Жалпы, құқық – дегеніміз бүкіл мемлекеттің қуатты құралы, басқаша айтқанда, қоғамның жан- жақты дамуын заңдық тұрғыда қамтамасыз ету. Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы болғандықтан, құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету - мемлекеттің саясаты. Құқықтық ақпаратқа құқыққа бай- ланысты бүкіл ақпараттар жатады. Құқықтық ақпараттандыру бағытында 21 жыл бұрын, 1993 жылдың 16 маусымын- да Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін арттыру жөніндегі ша- ралар туралы» №1228 Жарлығының негізінде құрылған Республикалық құқықтық ақпарат орталығының жұмысы жайлы біраз айта кетейін. РҚАО-ның келесі міндеттерді жүзеге асырады: -нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізілімін жүргізу. Мемлекеттік тізілім дегеніміз - нормативтік құқықтық актілердің деректемелері мен осы актілер туралы басқа да, ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есебінің біртұтас жүйесі. Мемлекеттік тізілімді www.zanorda.kz мекенжайы бойынша қарауға болады. -нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тілде -«Заң» электрондық түрде компьютерлік базасы арқылы құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету. - ҚР Президентінің 2010 жылғы бірінші ақпандағы Жарлығымен бекітілген ҚР 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленген «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі» арқылы жалпыға қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қазіргі күні аталған жүйеге тәулік бойы жер шарының қандай да түпкірінен болмасын ғаламтор арқылы кіріп, қажет ақпаратты алуға мүмкіндіктеріңіз бар. 2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес ҚР Әділет министрлігі РҚАО-ның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі ресми жариялау- ды жүзеге асыратын интернет-ресурс ретінде айқындалды. Яғни, нормативтік құқықтық актілерді графикалық форматта (сканерлен- ген) аталған жүйеден көріп, танысуларыңызға ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТТЫҢ МАҢЫЗЫ болады. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға Республикамыздың әрбір аймақтарында құқыққтық ақпарат орталықтары құрылған. Соның бірі - Талдықорған аймақтық құқытық ақпарат орталығының жұмысына біраз тоқталып кетейін. Жоғарыда атап өткендей, негізгі бағытымыздың бірі - мемлекеттік тізілімді жүргізуге қатысу. Алматы об- лысы бойынша жыл басынан бері Әділет департаментінде тіркеуден өткен 205 актілер мемлекеттік тізілімге енгізуге жіберілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы аралығында Мемлекеттік Тізілімге жіберілген құжаттар санынан 101-ге артық екенін көрсетіп тұр. Өз кезегінде бұл көрсеткіш мемлекеттік органдардың нормашы ғармашылық қызметінің артуының көрінісі. Келесі басты міндеттердің бірі – құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету. Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығы Ал- маты облысы көлемінде 99% мемлекеттік органдарды, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды және мүдделі жеке тұлғаларды, барлығы 1000-ға жуық қолданушыларды Заң деректер базасымен күнделікті жұмысқа қажет құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етіп отыр. Биылғы жылы облыс басшылығының қолдауымен, Алматы облысы бойынша 200-ден астам селолық округтердің әкімдіктеріне жыл басынан бері Заң деректер базасын орнату бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанымызды атап өткім келеді. Атқаралып жатқан осы абыройлы іс ауылдық жерлердегі құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастырудың нәтижелі болуы, жергілікті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында және қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нор- маларын дұрыс пайдалана білуі үшін көмегін тигізеріне сенімдімін. Республикалық құқықтық ақпарат орталығының еліміздің құқықтық ақпаратты дамыту жолында атқарып отырған еңбегі зор. Елбасымыз болашаққа батыл болжамды қадамдар жасай отырып, еліміздің мүмкіндігі мол екендігін көрсетті. Алдағы мақсатымыз ай қын: ол – ең өркениетті 30 ел дің қатарына қосылу. Бірлігіміз бен тапжылмас тұрақ- тылығымыз арқасында еліміздің ертеңіне сеніммен қарай аламыз.

Автор:
Айжан МҰРАТБЕКОВА, Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығы директорының орынбасары