4 марта 2010, 23:58 | 2 485 просмотров
Міне, жыл онекі айдың өзіне ғана тән ерекшелігімен белгілі - Көктем де келіп жетті. Ақ ұлпа қарлы, үскірік аязды, боранды болған биылғы қыс ендігі жерде эстафетаны көктемге құрметпен берері ақиқат.
Дәл осы уақытта баршамыз өзімізге күтім жасауымыз керек. Сондықтан ара-тұра бірнеше күн бет пен мойынды жууды тоқтата тұрып орнына суға шыланған кепкен нан қолданылады. Сонан соң бетті салқын сумен әбден шаяды. Бал мен жөке гүлінің тұнбасы. Жуынып, бетті кептірген соң мақта тампонын тұнбаға батырып алады. Тұнбаны төмендегіше дайындайды: жарты стакан қайнаған суға жөке гүлін салып, бетін тарелкамен жауып 15 минут қоя ұрады, сонан соң шай қасықтың ұшымен бал қосады. Мұндай тұнба бетті тазартумен бірге нәзік етіп, терісін қатайтады.
Бет пен мойынды құрғатып сүрткен соң бірнеше минуттай отыра тұрады.
Қалған тұнбаны тоңазытқышқа қойып, ертеңгілік тағы бір қайталаңыз, ал келесі күнге жаңасын дайындаған дұрыс, 4-5 күннен соң тұнбаның нәтижесі де көріне бастайды.
Шөптен жасалған маска.
Ерте көктемде жетісіне бір рет шөптен маска жасаған дұрыс. Ол үшін екі қасық түймедағы, 2 қасық жөке гүлі, 2 қасық лаванда, 2 қасық шалфей керек.
Бәрін фарфор ыдысқа салып езілгеннен соң қою ботқа тәрізді етіп, үстіне қайнаған су құяды. Шөптің шырыны шыққанша бірнеше минут бетін жауып қояды да жылы қоспаны қабаққа тигізбей бет пен мойынға жағады. Масканы жаққан соң 20 минуттай жата тұру керек. Ал көздің үстіне шалфейдің тұнбасына не кәдімгі шайға батырылған мақта қоя тұрады.
20 минуттан соң масканы алып тастап бетті, мойынды жылы сумен шаяды да, соңынан салқын сумен жуады.
Құлпынай маскасы.
Бетті тек ерте көктемде ғана емес, көктемнің соңында да күтуге тура келеді. Бұл кезде жидек те пісіп, оған аса қиындық туғызбайды.
Ерте тұрған бойда 1 не 2 құлпынайды ортасынан қақ жарып шырынын бет пен мойынға жағады, тіпті қабаққа да аздап тигізуге ьолады. 15-20 минут басқа жұмыспен айналысып, масканы салқын сумен жуып тастайды.
Мұндай масканы қойбүлдіргеннен де жасауға болады. Ол үшін жидекті езіп шырынын шығарып алып, оны бетке жағады. Тек бұл жағдайда бетке сіңгенше жата тұру керек. Әйтпесе, шырыны ағып кетеді. Аталған маскалар теріге жақсы әсер етеді: нәрлендіреді, беттегі секпілді азайтады.
Көз асының қалталануынан қалай құтылуға болады? Көз астының қалталана бастауы әйелдің жасына байланысты емес. Оған шалфей қайнатындысынан жасалған компресс (біресе жылы, біресе салқын) өте пайдалы. Ол үшін бір шай қасық шалфейге жарты стакан қайнаған су құйып, бетін жауып қояды. Сонан соң сүзіп, жартысын салқындатып, жартысын ысытады. Екі түйір мақтаны ыстық, екі түйір мақтаны салқын суға (шалфейдің) салып, алма-кезек 10 минуттан ұстайды. Бұл әдісті күнара жатар алдында жасайды. Түнге қарай көздің астына камфора кремін жағады.
Көздің асты және қабақтың ісіп тұруы – шаршағандықтың белгісі. Ісікті кетіру үшін шикі картопты үккішпен үгіп, аз уақыт қабақ пен көздің астына жағып қояды.