Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Балаға неге зар болдық?


6 июня 2014, 19:11 | 1 120 просмотров



Қазақстандағы әрбір төртінші ерлі-зайыпты балаға зар болып жүр. Елімізде әрбір төртінші ерлі-зайыпты бір балаға зар болып жүр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Жиында иммун тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырған науқастың бедеулік мәселесін шешу жолдары қарастылды. Халықаралық сарапшылар өз тәжірибесін ұсына отырып, қазіргі заманғы диагностика әдісін дамыту, сол арқылы аурудың негізгі себептері мен емдеу тәсілдерін анықтау қажеттілігін айтты. Жалпы ЖИТС инфекциясын жұқтырған науқастың сау бала тууы қазір қосалқы репродуктивті технологияны қолдану арқылы ғана мүмкін. Сондықтан отандық мамандар елімізде әлемдік тәжірибені енгізе отырып қана шешуге болатындығын айтты. Айта кету керек, бүгінде елімізде қосалқы репродуктивті технологияны қолданудың арқасында бұрын нәресте сүйе алмай жүрген отбасыларда 8 мың нәресте дүние есігін ашқан. Махаббат Бекбосынова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы: - Қазақстанда әрбір төртінші от- басы бедеулікке кезігеді. Ал елімізде репродуктивті технологияның арқасында 8000 нәресте шыны түтікте туылды. Егер түтік арқылы бала табуға мүмкіндік болса, неге оны пайдаланбасқа?. Балалардың дені сау болғаны маңызды. Сондықтан әйелдермен қатар, еркектердің бедеулігін емдеудің жаңа технологиясын әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қолданысқа енгізуіміз керек. Салтанат Байқошқарова, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі: - ЖИТС-пен ауыратын адамдарға үйленгенде табиғи жолмен бала туу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да репуродуктивті технологиялар, жатырішілік ұрықтандыру арқасында бір-біріне індетті жұқтырмай, болашақта дені сау ұрпақ әкелуге мүмкіндігі бар.

Автор:
www.24.kz