Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРІГЕР БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ


6 июня 2014, 19:05 | 2 401 просмотр


ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ Қазақстанда 60 мың дәрігер және 120 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді екен. 2005 жылдан бері елімізде мемлекеттік медициналық мекемелердегі дәрігерлер саны 5 мыңға өсіпті. Жыл сайын отандық медициналық ЖОО-ын 3 мың түлек бітіреді екен. Сонда да елімізде маман тапшылығы байқалады. Медицина қызметкерлеріне деген сұраныс бүгінгі күні жоғары. Медициналық оқу орындарына түсушілер де аз емес. 2013 жылғы рейтинг бойынша үздік медициналық оқу орындарының алғашқы бестігінде Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Семейдегі мемлкеттік медицина университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік фармацевтикалық академиясы да бар. Жоғарғы оқу орындар рейтингі

әлемдік пракатикада білім беру сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Қазақстандық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік еліміздегі жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингін жасайды. Рейтинг жа- сау барысында студенттер контигентінің сапалы құрамы, студенттердің білім деңгейі, оқытушылардың білім беру деңгейі, оқу орнының ғылыми-техникалық және инновациялық потенциалы, оқу орнының халықаралық серіктестігі және ақпараттық қамтамасыз ету, кадрлар нарығындағы түлектерге деген сұраныс сияқты жағдайларға жете назар аудары- лады. Сонымен соңғы рейтинг бойынша Аста- на медицина университеті еліміздің ең үздік медициналық оқу орны. Екінші үздік «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, рейтингте үшінші орын қасиетті қара шаңырақ С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не бұйырған. Төртінші орында Семейдегі мемлкеттік медицина университеті, бесінші Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік фармацевтикалық академия- сы. Ал енді осы жоғарғы оқу орындарының әр қайсысына жекеше тоқталып өтсек. Рейтинг бойынша бірінші тұрған Астана медицина университеті алдыңғы рей- тингте үшінші орында болып, бірден екі сатыға көтеріліп үздіктер ішінен топ жарды. Сонау 1964 жылы 26 қазанда Республиканың Министрлер Кеңесі Це- линоград қаласында медицина институ- тын ашу туралы қаулы қабылдады. 1997 жылы институт академия болып қайта құрылды, ал 2009 жылдың қаңтарынан бастап университет мәртебесіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Университет Ұлттық медициналық холдинг құрамына кірді. ЖОО-ның аты мен мәртебесі ғана емес, оқыту жүйесінде де өзгерістер орын алды. Мамандықтардың саны көбейді, оқытудың кредиттік технологиясы және оқытудың үш сатылы жүйесі – бака- лавриат, магистратура, докторантура енгізілді. Студенттер саны да өсті, білім беру процесіне инновациялық технологи- яны кіріктіру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Университеттің клиникалық базалары – республикалық және ұлттық ірі орталықтар – Ұлттық медициналық холдингтің еншілес кәсіпорындары. Астана медициналық университетінің академиялық серіктестері – АҚШ-тың, Сингапурдың, Еуропаның, Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттері. Университетті бітірушілердің жұмысқа тез орналасуы және олардың еңбек көрсеткіші оқу орнының білім беру сапа-

сын дәлелдейді. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті : Ұлтттық аккредитациалық орталық өткізген 2008 жылдың рейтингтік қорытындысы бойын- ша, ҚММУ Қазақстанның 60 озық жоғары оқу орындарының ішінде сегізінші орын алып және республикамыздың озық медициналық мектебі болып табылады.Со- нымен қатар, Қазақстан Республикасындағы 2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талабына сай сертификациялық ұйым NQA – UK Global Assurance – сертификация менед- жмент жүйесіндегі Британдық ұйымының Ресейлік өкілеттігі - NQA – Russia өткізген, барлық қызмет түрінде сертификация- ны ойдағыдай өткен бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі. Бұл университетінде 5 факультетінде 5000-ға жуық студент Қазақстанның бүкіл аймағынан, ТМД елдерінен, сондай-ақ шетел азаматтары білім алуда. Университетте білім беру үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте медициналық кадрларды үздіксіз дай- ындауда көп деңгейлі құрылым іске асырылуда, ол өзіне, орта деңгейлі медицина қызметкерлерін дайындай- тын медициналық колледжін, сонымен қатар жыл сайын үш мыңнан астам әр- түрлі мамандықтағы дәрігерлерді кәсіби дайындықтан өткізетін дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсібін жетілдіру

факультетін қосады. ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орын- дары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми база- сы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерт- теу жұмыстары жүргізіледі. Универ-

ситетте жоғарғы білікті оқытушылар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының, Нью – Йорк Жаратылыстану Ғылыми Академиясының, Халықаралық Ақпараттар Академиясының, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылыми Академиясының академиктері, 60 профессор және ғылым докторы, 194 доцент және ғылым кандидаттары, 1 доктор PhD, 50 магистр сабақ береді. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциация- сымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясы- мен ынтымақтастық жасауда. 59 жыл ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 32742 дәрігерлерге өмірлік жолдама берді. Қазақ медициналық білім берудің қарашаңырағы саналатын қазіргі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медициналық Университеті 1931 жылы ақпан айында Қазақ ССР Со- внарком Қаулысы негізінде ашылды. Осы университеттің 60 кафедрасында 1000-ға жуық оқытушылар еңбек етеді, оның ішінде 120 ғылым докторы және 448 ғылым кандидаты. 5 факультетте 7500 студент білім алады, оның ішінде алыс шетелден келген 800 студент (Үндістан, Пакистан, Қытай, Монголия, Жапония және т.б.). Университеттің құрылу күнінен бастап 50 000-ға жуық дәрігерлер мен провизорлар дайында- лып шығарылды. Соңғы 10 жыл ішінде Университет Ұлттық жоғары мәртебесіне иеленді. Жоғары білікті дәрігерлер және ғылыми кадрлар дайындау бойынша қазіргі оқу-ғылыми және клиникалық орталығына айналды. Университет- те ақпараттық-талдау және тестілеу Орталығы, инновациялық технологиялар Орталығы, білім сапасының менеджменті бөлімі, қазіргі емдеу-диагностикалық және зерттеу аппаратурасы мен әлемнің жетекші фирмаларының құралдарымен жабдықталған. Кюнцигер атындағы консультативтік клиника және ғылыми зертхана ұйымдастырылды. Университет оқытушыларының ғылыми зерттеулері медицина ғылымындағы өзекті бағыттар бойынша, сондай-ақ АҚШ, Герма- ния, Жапония, Швеция, Люксембург, Ресейдің озат ғылыми мекемелерімен тығыз байланыс жасай отырып, жаңа молекулярлық-генетикалық зерттеу әдістемелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Университетте соңғы 7 жыл ішінде халықаралық және республикалық ғылым жобалары шеңберінде 25 ғылыми зерттеулер орындалды (қаржыландыру мөлшері 6.5 млн. долларға жуық). Зерт- теу жұмысына 300 қызметкер қатысты. Университет клиникасында 100-ге жуық жоғары білікті мамандар еңбек етеді: 21 мамандық бойынша науқастардың қабылдануын жүзеге асыратын 50-ден астам профессор және доценттер. Жыл сайын клиникада Алматы қаласының және республика облыстарының 2000-ға жуық науқас адамдар консультативтік және медициналық көмек алады. Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті жеке клиникалық базасы мен Павлодар қаласында филиалы бар, Қазақстан Республикасының ірі медициналық жоғарғы оқу орнының бірі болып табылады. Университеттің инфрақұрылымдық даму динамикасының жоғары болуы оның білім, ғылым және инновациялық әлеуетінің қарқынды даму- ын қамтамасыз етті. Университетте 8 фа- культет бар, онда Қазақстанның барлық аймақтарынан, жақын және алыс шетел- дерден 3901 артық студент білім алуда, ал сонымен қатар жыл сайын 2000-нан артық дәрігерлер біліктілігін арттыруда. 348 оқытушы, оның арасында 31 ғылым докторы және 130 ғылым кандидаты, 35 кафедрада ғылыми – педагогикалық және емдеу – диагностикалық жұмыс жүргізуде. Әскери дайындық кафедра-

сы бар. Университетте осы заманға сай клиникалық базалар орналасқан, соның ішінде жеке медициналық орталығы бар. «Ғылым және денсаулық сақтау» ғылыми журнал басылымы бар, дисертациялық кеңес қызмет жасайды. Түлектері жоғары білікті маман ретінде сұранысқа ие. Олар Қазақстанда жемісті қызмет атқарумен қатар, шетелде де қызметте (АҚШ, Израильде, Германияда, Ресейде, Пәкістанда, Үндістанда, Жапонияда және басқа елдерде). Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (бұрынғы ОҚММА)бүгінгі таңда фармацевтика саласындағы мамандарды дайындай- тын жетекші мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады. Академия 2006 жылдың маусымында халықаралық «National Quality Assurance Limited” (NQA) компаниясы тарапынан серти- фикаттау аудитінен өтті. Қазіргі кез- де ОҚМФА-да фармацевтикалық және медициналық профиль бойынша бакалавриат,магистратура және рези- дентура деңгейіндегі жоғары білімді ма- мандар дайындалады. Сонымен қатар, интернатура мен аспирантурада білім беру жүргізіледі. Жоғары оқу орнындағы Техникалық және кәсіби білім беру факультетінде фармация мен медицина саласының орта кәсіби білімді маманда- ры дайындалады. Оңтүстік Қазақстан об- лысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдардағы клиникалық базалары бар. Болашақ жоғары білікті мамандар- ды дайындауға 250-ден астам жоғары тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы жұмылдырылған, олардың ішінде 28 ғылым докторы, 86 ғылым кандидаты бар, оның 20-сы профессор, 42-сі доцент. ОҚМФА 13 халықаралық ынтымақтастық келісімшарттарын жүзеге асырады. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі ықпалдастық Университеттердің халықаралық ассоциациясы (International Association of Universities) қатарына кіреді.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА