Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЛИНЗА ТАҒУ - СОҚЫР ҚЫЛАДЫ


6 июня 2014, 17:31 | 1 907 просмотров



Линзаны күніне 8 сағаттан артық тағуға болмайды, бірақ кей адамдар тәулігіне одан әлдеқайда көп уақыт тағуды әдетке айналдырған. Көздің қасаң қабығы - адамның оттегін қаннан емес, ауадан алатын жалғыз мүшесі. Ал, ұзақ уақыт линза тағудың кесірінен көздің қарашығына оттегі жетіспей қалады. Бұның қандай кесір тигізіп жатқанын адам өзі байқай алмайды, оны тек микроскоппен арнайы маман ғана анықтайды. Көздің қасаң қабығына ауа жетпеген соң, организм бұл мәселені өз бетінше шешуге ұмтылады. Осылайша көзге тамыр өседі. Ал, қасаң қабық басқаша «шынайна» деп аталады. Яғни, бұл қабық мөлдіреп тұруы тиіс. Оның мөлдірлігі бұзылса көз көруі төмендейді. Бұл үдеріс бір күнде бола қалмайды. Қиыны сол, адам оны ең соңғы сәтте байқайды. Бірақ ол кезде өте кеш болып кетуі мүмкін. Дәрігерлер бұрынғы линзалардың орнына кейін шыққан силикон-гельді линзаларды қолдануға кеңес береді. Оның ауа өткізгіш қасиеті бар. Соңғысын пайдаланған жағдайда соқыр болып қалу қаупі әлденеше есе төмендейтін көрінеді.

Автор:
day.az