Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АДАМДЫ НЕ ТЕЗ ҚАРТАЙТАТЫНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?


6 июня 2014, 17:25 | 1 103 просмотра



Медицина қызметкерлері адамның үнемі қобалжуда болуы жалпы ағзаның қартаю процесін тездететінін айтады. Америкалық ғалымдар қобалжу жағдайы мен ағзадағы жасушалардың арасындағы өзара қарым-қатынас нәтижесін алу мақсатында зерттеу жүргізген. Оған 42- 69 жас аралығындағы 5000 әйел адам қатысқан. Қатысушыларға өздерінің неден қорқатынын көрсететін сұрақтар сауалнамасын толтыру қажет болған. Анықталған өзара байланыс былай түсіндіріледі: жасуша деңгейіндегі қобалжу жағдайы белгілі бір зақым әкеліп, оның дамуына негіз болады. Сол себепті жасушалар тез қалпына келмей, адам тез қартая бастайды.

Автор:
Росбалт