Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛҚЫМНЫҢ ҚУАНЫШТЫ БҰЛБҰЛЫМЫН...


22 мая 2014, 17:27 | 1 794 просмотра



Халқымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымның жүйрігінің дүлділімін.

Көтеріп, көптің көңілін күнде тауып,

Жүлде алар жұма сайын туды күнім.

Ілияс

Ілияс Жансүгіровке -120 жыл. 16-17 ма¬мыр аралығында Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастырумен Ілияс Жансүгіровтың мол мұрасын зерттеу мен зерделеудің жаңа бағыт-бағдарын айқындау, талантқа тағзым ету мақсатында ғылыми-практикалық конференция, жастар фестивалі, спорттық жарыстар өткізілді. Екі күнге жалғасқан іс-шаралар Ілияс ақынның ескерткішіне гүл шоғын қою сал¬танатымен ашылды. Әрі қарай ғылыми- практикалық конференция өз жұмысын ба¬стады. Фестивальдің құрметті қонақтарының ішінде: қоғам қайраткері, мәдениет танушы ӘУЕЗОВ М. М., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ф.ғ.д., профессо¬ры, МӘДІБАЕВА Қ., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ф.ғ.д., доценті, ҚАСЕНОВ Е.С., Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ф.ғ.д., профессор, СЫДЫҚОВ Т.С. болды.

Ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары Жетісу жерінің ұлы тумасының өмірімен және шығармашылық қызметімен танысты. Гуманитарлық факультетінің білімгерлері Ілияс Жансүгіровтің еңбектерін дайындап өзекті баяндамаларын оқыды.

Күннің екінші жартысында орын алған «Ілияс әлемі» жастар фестивалі және спорттық жарыстар өтті. «Ілияс әлемі» жа¬стар фестивалінде студенттік пікірсайыстар, мәнерлеп оқу байқаулары болды.

Ілияс Жансүгіров -ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, алаштың ардақты азаматы, қаламы өзгеше суреткер, қайталанбас сөз өнерінің шебері, қазақтың дүлдүл ақыны. Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанырларында қалам тар¬тып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген келтірген тегеурінді қаламгер. Жас ұрпаққа ақының шығармаларын насихаттау арқылы, ұрпақ сабақтастығын жаңғырту, ақын шеберлігін, туындыларын әр кез дәріптеу ба¬сты міндет болмақ. «Ілиястанушылар» ай¬туынша Ілияс әлемі дегеннің ар жағында үлкен мән бар. Оның шығармашылығын әлі зерттеліп бітпеген дүние мол. Егер бұрын Ілияс Жансүгіровтың 5 томдығы шықса, бүгінде ақын мұрасын 40 томдығын шығару жоспарда бар екен.

Автор:
ЖД ақпарат