Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ЖЕТІСУ БӨРІСІ» АНЫҚТАЛДЫ


22 мая 2014, 17:26 | 1 121 просмотр



Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» облыстық турнирі өтті. Бұл белдесу - Қазақстан Президентінің жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» сайысының өңір бойынша іріктеу турнирі.

Жарысқа қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров сәттілік тілеп, құттықтау тілегін жеткізді.

Боз кілемге облыстың аудан, қалаларынан келген 36 палуан шығып, өзара күш сынасты. Сайыс қорытындысында алакөлдік Саят Шәмшиев 1-ші орын тұғырына көтеріліп, «Жетісу бөрісі» атанды. Жүлдегерге «Лада» жеңіл автокөлігі берілді. Екінші орынға ие болған Көксу ауданының палуаны Айдос Қаңлыбаевқа 300 мың теңге тар¬ту етілді. Бұл екі палуан да «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алып, онда облыстың намысын қорғайтын болады.

Автор:
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі