Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДЕРТ ДАУАСЫ – ДӘЛ ДИАГНОСТИКА


22 мая 2014, 11:26 | 1 458 просмотров



Қазақстанның ГЕМ лабораториясы мен Ресейдің ИНВИТРОСЫ бірікті

Жуырда ғана еліміздегі жақсы жабдықталған ГЕМ медициналық зерт¬ханасы мен Ресейдегі зертханалық қызметтердің ең ірі операторы ИНВИТРО компаниясы бірлесе отырып, Алматы қаласында жаңа жоғары технологиялық клиникалық-диагностикалық зертхананың тұсауын кесті.

Салтанатты ықпалдасу рәсімін ГЕМ медициналық зертханасының бас дирек¬торы Райхан Мамырова мен ИНВИТРО тәуелсіз зертханасының бас директо¬ры Сергей Амбросов ашты.

Кейбір жандар дертінің дұрыс диагнозын тауып, денсаулығындағы кінәратты анықтау үшін ел асып, ақша шашып, шетелдер¬ге баруға мәжбүр болып жүргенін білеміз. Алайда, шалғайға барып емделуді кез келгеннің қаражат жағдайы мен денсаулығы көтере ме?! Сондықтан, ең дамыған диагностикалық зертханалардың өзімізде болуы – халқымыздың денсаулығы мен әл-әуқатын жақсартуға мүмкіндік бермек. Ал қазірге Қазақстандағы осындай зертханалардың бірі – ГЕМ медициналық зертханасы.

Шара барысында ИНВИТРО тәуелсіз зертханасының бас директоры Сергей Амбро¬сов өз компаниясының қалай құлаш жайып жатқанын және бұл интеграцияның тиімділігі туралы жан-жақты баяндады. Ал Алматыдағы ГЕМ медициналық зертханасының бас дирек¬торы Райхан Мамырова:

– Жұмысы бір ізге түскен заманауи медициналық зертханалар емдеушіге дәл диа¬гноз қойып, емдеудің сәйкес курсын белгілеуге жол ашатын негізгі фактор болып табылады және мұның маңызы өте зор. Медициналық талдаусыз нақты аурулардың белгілерін анықтау қиын. Дәрігердің қолында немесе алдында 3 ақпарат қана болады: науқастың шағымы, ауруының түрі және зертханалық талдаулар. Осы ақпараттардың ішінде зертханалық талдаулар емдеу барысында 95 пайызға дейін маңызды. Біздің зертханамыз 14 жылдан бері табысты еңбек ету барысында Қазақстанның 25 қаласындағы 43 филиалды біріктіріп республиканың алыс жерлеріндегі халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қ ы з м е т т е р м е н қамтамасыз етуге жүйелі көңіл бөліп келеді. Соны¬мен қатар, Қазақстанның медициналық ғылымын дамытуға белсенді түрде атсалысып, түрлі бағыттар бойынша зерт¬теулерге қолдау мен бастамашылық жасай-мыз, – дейді.

Елдегі жетекші зертхананың мақсаты – науқастарға медицинаның соңғы заманауи технологияларын пай¬далана отырып сапалы медициналық көмек көрсету, зерттеудің толық та түбегейлігі болуын ұйымдастыру. Сол сияқты әрбір пациенттің жеке ерекшеліктеріне сай іс-әрекет жасайтын артықшылығын атап өтуге болады.

Мәселен, қазір ГЕМ лабораториясында 800-ден астам дертке талдаулар (анализ) жасалы¬нады. Бұл аппараттар – бір сағатта 2 000 ана¬лиз бере алатын, дәлдігі 95 пайыз америкалық, жапондық, даниялық, германиялық, итальяндық аппараттар. Мұндағы лаборанттар мен дәрігерлер – республикаға танымал маман-дар. Бұған қоса ГЕМ медициналық зертханасы мен ресейлік №1-ші ИНВИТРО зертханалық операторының жоғары технологияларға сай клиникалық-диагностикалық зертхана болып бірігуі Ресей тарабы үшін дамудың жаңа кезеңі екендігін атап өту керек. Біздер үшін мұндай бірігу мүмкіндіктердің, технологиялардың бірігуі болып табылады.

Қазіргі таңда зертхана бірлесіп жұмыс істеуде. Осыған орай кейбір күрделі анализдерді Мәскеуде жасатуға мүмкіндік бар. Осы бірлесудің нәтижесінде ИНВИТРОНЫҢ интернеттегі арнайы сайты арқылы әлемдік дәрежедегі дәрігерлерден емдеу шаралары жөнінде кеңес алуға болады.

Ал ГЕМ лабораториясының артықшылығы – зертхана жұмысын тексеру үшін сырттан бақылау бағдарламаларына қатысамыз. Ол шет мемлекеттердегі тәуелсіз зертханаларда жүргізіледі. Күре тамырдан алынған қан ар¬найы түтікте 15 күнге дейін сақталынады. Ана¬лиз нәтижесі 1 күннен 3 күнге дейінгі аралықта дайын болады және компьютерге түсіріліп, талаптанушыға беріледі.

Зерттеу нәтижелерін (қорытындысын) электрондық поштамен, факспен алуға бо¬лады. Ақпараттық технологиялардың тілін білетін адамға уақыт тапшы заманда бұл да өте маңызды емес пе?!

Ал енді соңғы статистикаға жүгінсек, қатерлі ісік қазіргі таңда Қазақстанда да екі есеге көбейген. Осы қатерлі ісіктің алдын алу үшін біздің елдегі зертханада гистология бөлімі қызмет көрсетеді. Қатерлі ісікті бастапқы са¬тысында диагностикалауға мүмкіндік бар.

– Халықтың әлеуметтік тұрмысы бұрынғыға қарағанда түзелді. Шетелде емделіп келіп, бізге анализ тапсыратындар бар. Диагнозын нақтылау үшін біздің көмегімізге жүгінеді. Ше¬телде де осы біздікіндей аппаратпен жұмыс істейді. Бірақ бағасы біздікінен 3-4 есе қымбат. Жол шығыны, барып-келуі тағы бар. Бүгінде Қазақстанда да дұрыс диагноз қойып, емделу¬ге болады.

Сонымен, жаңа зертхана заңды тұлғалармен қатар, жеке тұлғаларға 800-ден астам түрлі көрсеткіштерді диагностикалау бойынша өз қызметтерін ұсынады. Барлық анализдер Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы кеңес беретін соңғы буынды тест-жүйелерде жүзеге асырылады – бұл нәтижелердің жоғарғы дәлдігінің кепілі, оған қоса барлық үдерістердің а в т о м а т т а н ды р ы л у ы қателесу ықтималдығын жоққа шығарады, – дейді лаборатория басшысы Райхан Әбсадыққызы.

Айтса айтқандай, денсаулық сақтаудың ілгері дамуы бүгінгі таңда клиникалық зертханалық медицинаның үнемі жетілдіруінсіз мүмкін емес, жаңа зертхананың арқасында Қазақстан аумағында инновациялық медициналық технология¬лар ендіріліп, зертханалық қызмет түрлері көбеюде.

Ендігі жерде елімізде бедеулік, нәресте мен ананың өлім-жітімі, көптеген жұқпалы және жүйелі аурулар, гепатит, диабет секілді қатерлі аурулар заманауи зертханада ең сезімтал тест-жүйелермен анықталып, шипа¬сын таба бастағаны дертке де, көңілге де дем береді.

Автор:
Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ