Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА АНА АТАНАТЫН ҚЫЗДАРДЫҢ ОРТАША ЖАСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ


22 мая 2014, 17:25 | 823 просмотра



Статистика агенттігі Қазақстандағы ана атанатын қыздардың орташа жасын анықтады.

Агенттіктің хабарлауын¬ша, 2013 жылда Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бала туғандағы әйелдің орта жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, осы көрсеткіш Ал¬маты қаласында 28,9 жа¬сты, Астана қаласында 28,4, Қызылорда облысында 27,9, Шығыс Қазақстан облысын¬да 27,8 жасты құрады.

Былтыр Қазақстан Республикасында 387 227 жаңа туылған сәби АХАТ органда¬рында тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде -209 004 адам, ауылдық жерлерде -178 223 адам. Туылған ер балалардың саны 199 880 (51,6%), қыз балалар -187 347 (48,4%) құрады, туылған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 106,7 ер баланы құрады.

Қазақстан өңірлері бойынша 1 000 тұрғынға шаққандағы туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау -31,71, Оңтүстік Қазақстан -29,59, Атырау -28,60 облыстарында бол¬ды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан -14,82, Қостанай -14,79 және Шығыс Қазақстан -16,43 облыстарында байқалды.

2013 жылы 2003 жылмен салыстырғанда туылғандар саны 56,2%-ға (ер балалар -56,6%-ға, қыз балалар -55,7%-ға), қалалық мекендерде -50,7%-ға, ауылдық жерлерде -63,1% артты.

Автор:
ҚазАқпарат